Қазақ әдебиеті
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.
Кабинет: №19
Кусманова С. К.
Қазақ әдебиеті:
Сабақтың атауы
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
«Жүз жасаған Жамбыл». Жамбылдың туғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылған бірыңғай күн.
Қазақ әдебиеті:
Сілтеме
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Қазақ әдебиеті. Ғаламтор.
Қазақ әдебиеті:
Сабақтың жабдығы
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Үлестірмелі парақшалар, слайд, бейнефильм, буклет.
Қазақ әдебиеті:
Жалпы мақсаттар
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Қазақ халық поэзиясының ірі құбылысы, өлең сөздің дүлдүлі, жыршы Жамбыл Жабаевтың Отансүйгіштік тағылымын үлгі ету, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, мәңгі есте сақтау.
Қазақ әдебиеті:
Міндеті:
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
-
Білімділік:Оқушылардың Ж. Жабаев туралы білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Дамытушылық:Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Тәрбиелік:Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Қазақ әдебиеті:
Оқыту нәтижесі:
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
-
Жамбыл шығармашылығы арқылы жыршының Отансүйгіштік, достық, бауырмалдық қасиеттерінен сабақ алады. Жыраудың өмірі мен шығармашылығын ғылыми негізде зерттеуге ынталанады. Ұлттық құндылықтарымызға деген құрмет сезімі артады.
Қазақ әдебиеті:
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
таным сабақ.
түсіндіру, сұрақ - жауап, сөз мағынасын ашу, іздендіру, зерттеу.
Қазақ әдебиеті:
Топқа бөлу
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Сынып алдын ала берілген тапсырма бойынша 4 топ болып бөлінеді.
Қазақ әдебиеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Оқушының іс-әрекеті
Қазақ әдебиеті:
Ынтымақтастық атмосферасы
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Мұғалім: «Жылы жүрек» таңғы тілек.
Кабинет: №19:
Барлығы бірге:
Жүректегі ең ізгі тілектерін бір біріне білдірді.
Қазақ әдебиеті:
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Мұғалім Жамбыл Жабаев туралы 3, 5 минуттық фильм көрсетті.
ҰОС жеңіске жеткен халық ортасындағы қуанышты Жамбылдың соңғы шығарған өлеңін тыңдады. көріп, қажетті мағлұмат алды.
Кабинет: №19:
Оқушылар бұл фильмнен Сүйінбай қарттың өз домбырасын зерек шәкірті Жамбылға аманаттағанын, Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылу тарихы мен кедей Жамбылдың дүниеге келгенін, өскен ортасын көрді.
Қазақ әдебиеті:
Қызығушылықты ояту
Қазақ әдебиеті:
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Әр топ алдын ала берілген тапсырма бойынша жұмыс істейді.
1-топ-Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
2-топ- «Ата жаумен айқастық» өлеңін талдайды.
3-топ- «Ленинградтық өренім» өлеңін толық баяндайды.
4- топ - «Патша әмірі тарылды» өлеңіне талдау жасайды.
Кабинет: №19:
1-топ Диана, Қуандық, Әлем, Венера ақынның өмірі мен шығармашылығына презентация дайындап қорғады.
2- топ- Альдина, Бақтияр, Әділ, Гүлім, Тоғжан «Ата жаумен айқастық» өлеңін талдап, буклет түрінде дайындаған.
3- топ Арыстан, Әділет, Ернар, Арынғазы бейнефильм мен слайд арқылы «Ленинградтық өренім» өлеңі мен Ленинград блокадасы туралы көптеген мәліметтер берді.
4- топ Зарина, Нұрбол, Мадина «Патша әмірі тарылды» өлеңін талдап, постерде көрсетті.
Қазақ әдебиеті:
Ой толғаныс
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алынған білімдері тексеріледі.
Кабинет: №19:
«Зымыран сұрақтарға» жауап береді.
Қазақ әдебиеті:
Талдау.
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Жүрек кестесіне тілек жаздырту.
Кабинет: №19:
Әр оқушы Жамбыл атаға өз ізгі тілектерін жазады.
Қазақ әдебиеті:
Жинақтау.
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
«Ыстық орындық» әдісі арқылы Жамбыл тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады.
Кабинет: №19:
Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.
Қазақ әдебиеті:
Үй тапсырмасы
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы бойынша шығарма жазу.
Кабинет: №19:
Күнделіктеріне белгілейді.
Қазақ әдебиеті:
Бағалау
Уақыты:25/02. 2016 жыл. 1-ші сабақ.:
Топ өзара бір-бірін бағалайды.
Кабинет: №19:
Бағалау парағы.