Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру коучингінің жоспары

Мұғалімдердің құзіреттілігін жетілдіру және кәсіби дамуына ықпал ету
мақсатында екінші деңгей бағдарламасының жеті модулі бойынша әріптестеріме
коучинг өткізуде ынтымақтастық оқу барысында оқушылар немесе мұғалімдер
бірігіп белгілі бір проблеманы шешу немесе әлде бір өнім жасау үшін топтың
жекеленген мүшелерінің қабілеті айқындалып билік пен жауапкершілік топ
мүшелерінің арасында бөлініп, бір-бірімен ақпарат алмасу барысында білім
алуға үлкен ықпалын тигізеді. Мектептегі мұғалімдердің кәсіби дамуы үшін
тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөліну қажет. Сондықтан
да коучинг мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жақсартуға, кәсіби проблемаларды
шешуге көмектеседі деп есептеймін. Белгілі бір проблемаларды бірігіп шешу
жолдарын іздеген тиімді. Кәсіби проблемаларды шешуде әр мұғалім басқа
біліктілігі төмендеу әріптестеріне көмек көрсетуге дайын болуы керек.

«Топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру»
коучингтің
Мақсаты: Мұғалімдерге топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта
ынтымақтастық атмосферасын құруды, оны іс жүзінде қолдануды үйрету.
Күтілетін нәтиже: Коучинг сабағының нәтижесінде мұғалімдер
сабақтарын топтарға бөліп өткізудің тиімділігін біледі. Оқудың
ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоцияналдық тұрғыдан
дамитыны және олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және
қорғауға мәжбүр болып, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау арқылы білім
алатынын түсінеді. Топтарда қалай жұмыс істеуге болатынын, топтың ережесін
жасау арқылы және бірігіп жұмыс жасау кезінде жұмыстың нәтижесі қандай
болатындығын көреді. Топты құру кезінде топтың құрамына кім кіретіндігі,
топ мүшелерінің не істейтіндігі, бір біріне қалай көмектесетіндігі, топтың
қаншалықты ұтымды жұмыс нәтижесін беретіндігі туралы ойларын жинақтап,
көзқарастарын өзгертеді.

«Топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру»
коучингінің жоспары

|1 |Коучинг |Топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта ынтымақтастық |
| |тақырыбы |атмосферасын құру |
|2 |Мақсаты |Коучингке қатысушылар топтық жұмысты ұйымдастыру және |
| | |сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құруды, оны іс жүзінде |
| | |қолдануды үйренеді. |
|3 |Күтілетін |Топтық жұмыстың тиімділігін ұғынады; |
| |нәтиже |мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастырып үйренеді; |
| | |сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құрады. |
|4 |Ресурстар |Презентация, маркер, смайлинк, постер, фотосуреттер, видиео|
|Коучингтің |Уақыт |Коучердің іс-әрекеті |Коучке қатысушылардың|
|кезеңдері | | |іс-әрекеті |
|1 |Сәлемдесу |5 минут |Барлығымен амандасып, |Мұғалімдер өздерінің |
| | | |мұғалімдерге кіріс |топпен жұмыс тулары |
| | | |сауалнамасын беріп, |не білетіндерін |
| | | |Сіз топпен жұмыс |естеріне түсіріп |
| | | |туралы не білесіз? |білім ағашы салынған |
| | | |Білім ағашы салынған |суретке қызыл түспен |
| | | |суретті мұғалімдерге |өз деңгейін |
| | | |беру |көрсетеді. |
|2 |Топтарға |10 минут |Конфеттердің түрлері |Мұғалімдер |
| |бөлу | |арқылы топтарға бөлу |конфеттерді таңдап, |
| | | |«Топ ережесін» |сол конфеттер бойынша|
| | | |дайындауды ұсыну. |топтарға бөлінеді. |
| | | | |Топтың «Алтын |
| | | | |ережесін» дайындайды.|
|3 |Ой шақыру |10 минут |Топқа бөліп оқыту |Қатысушылар диалог |
| | | |дұрыс па? |құру арқылы пікір |
| | | |Деген сауалға өз |алмасады |
| | | |пікірлерін білдіреді. | |
|4 |Қолдану |5 минут |«Орындық» тренингін |«Орындық» тренингіне |
| | | |өткізеді. Мақсат |қатысады. Қатысушылар|
| | | |бірлесе атқарылған |шеңберге тұрып, |
| | | |жұмыстың барлық |өзінен бір адам бұрын|
| | | |уақытта нәтижеге |тұрған қатысушының |
| | | |жеткізетіндігін ұқтыру|иығынан ұстап, |
| | | | |барлығы бір мезетте |
| | | | |бір-бірінің тізесіне |
| | | | |отырады. Бұл өзара |
| | | | |сенімнің, қолдаудың |
| | | | |нәтижесінде жүзеге |
| | | | |асады. |
|4 |Теориялық |минут |І. Топтық жұмысты |Мұғалімдер |
| |материал | |ұйымдастыру және |презентацияны, |
| | | |ынтымақтастық |видеоны тамашалайды. |
| | | |атмосферасын орнату | |
| | | |туралы шағын | |
| | | |бейнефильм көрсету |Берілген теориялық |
| | | |ІІ. Топтарға теориялық|материалмен танысып, |
| | | |материал бөлініп |талқылайды. Постер |
| | | |беріліп, танысуға, |дайындайды. |
| | | |талқылауға 25 минут | |
| | | |уақыт беріледі: | |
| | | |1-топқа: Топтарда | |
| | | |жұмыс істеу не үшін | |
| | | |қажет? | |
| | | |2-топқа: Топтарда | |
| | | |қалай жұмыс істеуге | |
| | | |болады? | |
| | | |3-топқа: Топтық | |
| | | |жұмысты | |
| | | |ұйымдастырудағы | |
| | | |мұғалімдердің рөлі | |
| | | |қандай? | |
| | | |4-топқа: Топтағы | |
| | | |бірлескен жұмыстың | |
| | | |нәтижесі қандай | |
| | | |болады? | |
| | | |Нәтижеге жету | |
| | | |жолындағы ішкі және | |
| | | |сыртқы кедергілерді | |
| | | |жеңу жолдары. | |
|5 |Постер |10 минут |Топтарды постерлерін |Топтар өз постерлерін|
| |қорғау | |қорғауға шақыру. |қорғайды. Әр топқа 2 |
| | | | |минут уақыт беріледі.|
|6 |Рефлексия |3 минут |Рефлексия парағын |Мұғалімдер рефлексия |
| | | |таратып береді. |парағын толтырады. |
|Рефлексия | |
|қорытындысы | |

Ұқсас жұмыстар
7.1.Процент
Негіздердің қасиеттерін түсіндіру
Стикермен диалог
Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары
"ынтымақтастық және топтық оқыту" коучинг жоспары
Шандор Петефи Ұлт өлеңі
Жасушаның құрылымы
Батыс Қазақстан қалалары
Прокариоттық жасушаның құрылысы
Менің досым. 6-сынып
Пәндер