Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі пәні мұғалімі
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз
айтып өткендей, ұстаз әрқашан ізденісте болып, өз білімінің жоғарғы
деңгейде болуына әрқашан назар аударып отыруы керек. Қазіргі жиырма бірінші
ғасыр елбасымыз атап айтқандай білім заманы. Басқа елмен тереземіз тең
біліміміз теңесу үшін, білім жолына өте көп назар аударылып жатыр.
Болашақта өсіп келе жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа өз ойын ашық түрде
айта білуге, еліміздің туын көкке желбіретіп, оның өсіп өнуіне өз ықпалын
тигізетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз. Ұстаз
әр баланың санасына білімді жетік жеткізу керек екенін, әр баланы жеке
тұлға ретінде санау, әр баланың ойын тыңдап, оны бөлісу керек екенін өзінің
көкірегіне тоқып біліп жүреді емес пе? Қазіргі заман талабына сай оқу
үрдісінде көптеген жаңашыл ойлар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізіп,
оқытқан шәкірттерінің өмірде алатын орны көп болса екен деп ойлайды.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында бүкіл ақыл-ойын жұмсап, аянбай
еңбегін сіңіріп жүрген жаңашыл ұстаздар жайлы айтсам деген оймен осы
мақаланы жазуға кірістім. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласындағы
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында ерекше еңбегімен ерекшеленіп,
оқушысының жүрегінен орын алған ұстаздарымыздың жетістіктерін айтқалы
отырмын. Ең әуелі өзімнің құрдасым 20 жылдық тәжірибесі бар, ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі Жайықова Сәуленің еңбегіне тоқталсам.
Жайықова Сәуле өз біліктілігін ПШО орталығында жетілдіріп 3 айлық
курстан өтіп, білім беру саласындағы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
меңгеріп, оны оқу процесіне енгізіп, мектебімізде білім сапасын арттырумен
қатар алған білімін басқа да әріптестеріне үйретіп жүр.
Сәуле ақкөңіл, кішіпейіл, көзі үнемі күлімдеп, мейірім шашып тұрады.
Көмек сұрап, не істеймін десең, ақылын айтуға дайын тұрады. Оқушылардың жан
дүниесін жақсы түсіне білуге, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыруға, бағыт-бағдар бере отыра, оқушының тақырыптың мәнін өз
бетімен меңгеруін түсінуге және бағалай білуге дағдыландыру оның ерекше
әдістерінің бірі.
Сәуле оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктеріне жол аша біледі.
Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым
оның қабілеті толық ашылуы мүмкін деп ойлайды. Егер бала бойындағы
қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала танылмай елеусіз қалуы мүмкіндігін
айтып, оқушылармен шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады, шәкірттерін олимпиадаға және басқа іс-шараларға
дайындауда зор жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Оқушыларын әр түрлі
байқауларға қатыстырып, жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Осы жылы аудандық пән
олимпиадасына 3 оқушысы қатысып, үшеуі де жүлделі орын алды. 9 сынып
оқушысы Амангелді Айгерім 1 орын, 11 сынып оқушысы Сартаева Құралай 2 орын
және 10 сынып оқушысы Әбілмәжім Ақбота 3 орындарды иеленіп, дипломдармен
марапатталды. Халықаралық «British Buldog» конкурсына 9 сынып оқушысы
Жұмақасым Жайна және 10 сынып оқушысы Ильясова Арайлым қатысып жүлделі 1
орындарды иеленсе, КИО қашықтық интернет олимпиадасына 7 оқушысы қатысып,
барлығы да аудан, қала бойынша ең үздік және ең жоғарғы нәтижелерді
көрсетті. Аудандық тілдерді дамыту бөлімі мен білім бөлімінің
ұйымдастыруымен «Spring stars» байқауына 9-10 сынып оқушылары қатысып, бас
жүлдемен оралды. Полиглот олимпиадасында үш тілді қатар жетік меңгерген
Әбілмәжін Ақбота, Амангелді Айгерім жоғары көрсеткішпен көзге түсіп,
мектебіміздің мерейін көтерді. «Ұстаздан шәкірт озар» -дегендей небір
білімді шәкірттер шығып жатса, олардың бәрі білімді, білгір азамат болып
жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Енді табиғаттың жанашыры география пәні мұғалімі Мелдеханова
Ботагөз туралы айтқым келеді.
Ағаштың жапырағындай жайнаған адамсың.
Әрдайым адамға көмек беруге дайынсың,
Табиғаттай құлпырып гүлімдейсің.
Сабақты жүргізгенде күлімдейсің.
Ботагөзбен әңгімелесе қалсаңыз, мектеп ішіне,үйге гүлді көп отырғызу
керектігін айтып отырады. Көшеге бірге шыға қалсаңыз дүкендердің жанындағы
шашылып жатқан қағаздарға ,көше бойындағы үйілген керексіз қоқысқа назар
аударып, басын шайқап, күйіне сөйлейтіні бар. Өз сабағында сыни тұрғыдан
ойлауды үйрету модулі бойынша жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған
сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Сын
тұрғысынан ойлау оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын
жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де
тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы
досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, батыл сөйлеуге, топпен
ортақтасып бір тұжырымға келуге үйретеді.
Ботагөздің де оқушылары республикалық байқауларға қатысып,
білімдерін көрсетіп жүр. Атап айтар болсам «Біз ғаламшардағы өмірге
жауаптымыз» атты облыстық жас экологтар форумына 10 сынып оқушысы
Мұхамедова Айкөркем қатысып 2 орынды жеңіп алды. Облыстық «Менің
денсаулығым-менің болашағым, менің экологиям» атты жас экологтар слетіне
қатысқан оқушылар тобы 3 орынды жеңіп алды. «Жасыл аймақ» іс-шарасын облыс
көлемінде жүзеге асыру, экологиялық білім сапасын арттыру тақырыбында
өткізілген облыстық экологиялық семинарға өз үлесін қосқаны үшін
марапатталды.
Мектебімізде озық іс-тәжірибесімен мақтап көрсетуге тұрарлық
жақсы мұғалімдер көр. Әрине, мектеп ұжымының жақсы нәтиже көрсетуіне мектеп
басшысы Раушан Әбдуәліқызының да үлкен ықпалы бар екенінде дау жоқ.
Мұғалімдердің келешек үшін жасалып жатқан еңбектерін айтып, мақтап отырудың
еш артықшылығы жоқ. Мұғалім де бала мінезді сәл көтермелесе, қанаттанып
жақсы нәтиже көрсетуге талпына түседі. Өзіміздің еңбегімізді елеп,
мәртебемізді көтеріп, қуанбасаң, кім біздің арқамыздан қағады. Еңбегіміз
еленіп, оқушыларымыз биіктерден көріне берсін .
Мәуленова Сәуле
Қазақ тілі пәні мұғалімі
М.Әуезов мектеп-гимназиясы
ОҚО Арыс қаласы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz