Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әділ қазылар құрамы

Сыныптан тыс шара
«Көңілді сөре»

«Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!»
(5 сыныптар)

Құрметті спорт сүйер қауым! Спорт жанкүйерлері! Бүгінгі
«Көгілдір ту астында , биікке біз самғаймыз!» атты спорт мерекесіне қош
келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсан да өзінің
тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.Ол бүгін де дүние жүзінің
көптеген елдерімен байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Төл теңгемізді басқа елдерге
мақтаныш етеміз. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның
әрбір азаматының қасиетті борышы.

Қазақстан Туымен–тұырлы, Елтаңбасымен -еңселі, Әнұранымен-
айбатты. Олай болса ортамызға мемлекетіміздің рәміздері Елтаңба, Ту,
Әнұранды шақырамыз! (ортаға Елтаңба, Ту, Әнұран ұстаған оқушылар шығады)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!

Ал, қазір әділ қазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер.
(таныстыру)

Әділ қазылар құрамы:

Жарыс бағдарламасы:

1. Әр команда өздерін таныстырады (команданың аты, эмблемасы, ұраны)
2. Секіргішті денеден өткізу. (секіргіштің екі ұшы қосылып байланған
)
3. «Бәйге». Белгі бойынша бала ат болып, қыз бала артынан жүгіреді
(баланың иығынан жіппен іліп, қыз бала жіптен ұстап жүгіреді)
4. Допты аяқтың ортасына қысып алып жүру. «Пингвин»
5. Викториналық сұрақтар:
а)Тудың авторын атаңыз (Шакен Ниязбеков)

б)Елтаңбаның авторлары кім? (Жандарбек Малибеков и Шота Уалиханов)

в) Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?(Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев,
Жұмекен Нәжімеденов, Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

8.Ата Заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30 тамызда, 20 жыл)

9. Капитандар сайысы. Кеглиларды құлату.

10. «Картоп отырғызу».
1-ші оқушыда кеглилері бар корзина. Ол жүгіріп барып залдың шетіндегі
обручқа кеглилерді төгіп, бос корзинаны келесі ойыншыға беру. Келесі оқушы
жинап алып келеді.

11. Залдың ортасында екі обруч жатыр. 1-ші обручтің ішіндегі нығыздалған
допты 2-ші обручқа салу. Келе жатқанда қайтадан допты алып келесі оқушыға
беру.
12.Кедергілерден өтіп жүгіру.
13. «Қазақстан» сөзін құрастыру
14. Қорытынды.

Би орындайтындар: « Шабыт» би ансамблі

Міне, сайысымызда аяқталды. Әр команда өз қабілеттерін ортаға салып,
қызықты да, тартымды сайыс көрсетті. Жарыс болған соң оның міндетті түрде
жеңімпазы болады. Сөз әділ қазылар мүшелеріне беріледі.

Ұқсас жұмыстар
"су. ерітінділер. негіздер" тарауы бойынша білім сайысы
Сайыстың кезеңдері
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Географиядан аламан бәйге жарысы
"толағай" сыныпаралық сайыс
Ақ жаулықты әжелер, салт-дәстүрді үйретер келіндерге
Алтын қақпаның тапсырмасы
"супер мама" сайысы
Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет
Мен үлгілі ата-анамын
Пәндер