Мемлекеттік тілді дамыту

Қайрғалиева Саулемай Уресовна

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

М. Әуезов атындағы №2 ЖОББМ

Ақжайық ауданы

Батыс Қазақстан облысы

Сабақтың тақырыбы: Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Мақсаты: оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр ойымен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері: оқушыларды туған тілін сүюге, тез ойланып, тапқырлыққа, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ақын-жазушылардың портіреті, кітап бұрышы, интерактивті тақта.

Ұлағатты сөздер

1) . " . . . Халық тілінің байлығын игеру- зор талғам, парасатты тілеитін жұмыс".

2) . "Тіл- жүректіңайтқанына көнсе жалған шақпайды".

3) . "Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын келешегі, . . . тағдыры".

4) . "Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын".

5) . " Тіл жоқ жерде ұлт жоқ".

Шыңғыс Айтыматов

Барысы.

  1. Ұйымдастыру. Әнұран орындалады.

Кіріспе сөз. " Тәлім- тәрбие

  1. Негізгі бөлім.

"Білекті бірді, білімді мыңды жығады".

3. Қортынды.

" Тіл тағдыры - барша қазақ халқының тағдыры".

1. Кіріспе сөз.

Мұғалім: Мағжан Жұмабаев атамыз "Тіл- адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны" деген екен. Тіл- тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлемімізлің сарқылмас бұлағы.

Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл- әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.

Тәлім- тәрбие тілден басталады.

Олай болса, тіл- бөбектің үні, тіл- ананың әлдиі, тіл- бесік жыр. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі- ар өлшемі. Тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ән: "Анамның тілі" .

1-оқушы:

Туған тілім -тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

2-оқушы: Қазақ тілім - саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім - ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге.

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

3-оқушы: Тілім менің,

Осы тілде шежірем, жырым менің.

Асан қайығы арманы, Қорқыт күйі,

Тағдырмен тамырлас мұңым менің.

Тілім меің,,

Жауға айбарым, ұраным, туым менің.

4-оқушы: Тіл дегенім-түсіністік қүрал,

Тіл арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та бірлік, достық, береке,

Бәрі-бәрі осы ұғыма сияды.

5-оқушы:Тіл-сарқырамас қазына. олхаықпен бірге дамып, күнделікті қарым-қатынас ісіне, қасиетіне қарай байып отырады. Тіл - бабаның көзі, атаның мұрасы.

6-оқушы: Жанбасам да, жансам да,

Туған тілде сайраймын.

Мылқау болып қалсам да,

Туған тілде ойлаймын.

7-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

(Интерактивті тақтадан хронология көрсетіледі. )

1989 жыл 22-қыркүйек: 1989 жыл 22-қыркүйек
1989 жыл 22-қыркүйек: Қазақ ССР-інің “Тіл туралы” заңы қабылданды.
1989 жыл 22-қыркүйек: 1989 жыл 22-қазан
1989 жыл 22-қыркүйек: Алматы қаласында өткізілген құрылтайда Халқаралық “Қазақ тілі” қоғамы құрылды.

ІІ. Негізгі бөлім: «Білекті бірді, білімді мыңды жығар»

Республикалық “Ана тілі” газеті жарыққа шықты.: Республикалық “Ана тілі” газеті жарыққа шықты.
Республикалық “Ана тілі” газеті жарыққа шықты.:

1990 жыл

22-наурыз

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі болып бекітілді.: Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі болып бекітілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі болып бекітілді.: 1993 жыл 28- қаңтар

2001 жыл 7-ақпан: 2001 жыл 7-ақпан
2001 жыл 7-ақпан: Қазақстан Республикасының Президенті “Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылға арналған бағдарламасы” №550 жарлыққа қол қойды.

2007 жыл 7-ақпан: 2007 жыл 7-ақпан
2007 жыл 7-ақпан: Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды.

2008 жыл қыркүйек: 2008 жыл қыркүйек
2008 жыл қыркүйек: Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін.

І-топ. "Балдырған".

ІІ-топ. "Балдәурен".

ІІІ-топ"Балауса".

Кім жеңеді жеңіске, үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік бар да,

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Жүректерге арман мен бақыт жолда, -дей отырып сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

(Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, география, биология пәні мұғалімдері) .

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең: "Бәрін білгім келеді?".

2-кезең: "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте".

3-кезең "Жалғасын тап".

4-кезең. "Ырыс алды - ынтымақ".

5-кезең. "Сөз тапқанға қолқа жоқ".

Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді, - дей келе оқушыларға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық

1-кезең.

Бұл кезеңде әр пән бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұраққа бірінші болып қол көтерген топ мүшесі дұрыс және нақты жауап беруі керек.

Сұрақтар:

1) . Сөз табының неше түрі бар? (9түрі) .

2) . Абайдың неше қарасөзі бар?(45 сөз) .

3) . Ішің ауырса тиым салатын асқорыту мүшесі. (Ауыз) .

4) . Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды ? (1993 жылы 28-қаңтар) .

5) . Дүниенің неше бұрышы бар? (4 бұрышы ) .

6) . 1 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта) .

7) . Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнүрән)

8) Бейжің олимпиадасының жеңімпазы ? (Илъя Илъин )

9) Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді және ата. (4. Хабарлы сөйлем, Лепті сөйлем, Бұйрықты сөйлем, Сұраулы сөйлем. )

10) "Бидай мен қаңбақ" мысалының авторы кім? (Асқар Тоқмағамбетов)

2-кезең.

Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Жауабы 3 тілде айтылуы керек.

  1. Үндемес серік, ақылы берік. (кітап-книга-book)
  2. Бесікте тентек бала шырылдайды,

Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон-telephone)

  1. Толып келіп бос кетеді (қасық-ложка-spoon)
  2. Жемге ауыз салса - ұтылғаны,

Айналып өтсе- құтылғаны. (балық-рыба-fish)

  1. Екі бала үстінде,

Орын бермес ешкімге.

Бара жатыр ерні жырық қояндай. (түйе-верблюд-саmеl)

  1. Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар. (бор-мел-сhаlk)

3-кезең: “Жалғасын тап”

Мақал-мәтелдер сайысы


Ұқсас жұмыстар
Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары
Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Кәсіби сала терминдерін білу
"қазақ тіліне құрмет".сыныптан тыс ашық сабақ
Тіл – елдігіміздің іргетасы атты бүкілмектептік сап
Лауазымдық нұсқаулықтар
Үш тілде оқыту – заман талабы
Тілім менің - тірлігімнің айғағы
Халықтар достығы - тілдер достығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz