Логарифмдерді не үшін оқып - үйренеміз

Тақырыбы : " Логарифмдерді не үшін оқып- үйренеміз"
Тоқыжанова Шолпан Қасымқызы, жоғары санатты математика пәні мұғалімі
Білімділік міндеті:
- Логарифм ұғымын және оның қасиеттерін жүйелеу және жалпылау;
- Логарифмдік өрнектердің мәнін есептей білу;
- Оқушылардың тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтау;
- ҰБТ-ге дайындық жұмысын жалғастыру(тест, презентация, диктант, ауызша есеп) .
Дамыту міндеті:
- Танымдық қызығушылығын арттыру;
- Логикалық ойлауын дамыту;
- Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;
- Өз ойын жеткізе білуге, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті:
- Топпен, жұппен жұмыс істей білу іскерлігін арттыру, өзара көмек көрсетуге, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;
- Зерттеушілік жұмысқа қызығушылығын арттыру;
- Алдыға қойылған мақсатқа жете білуге, түйінді мәселелерді шешуде белсенділік көрсетугетәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, ізденіс-зерттеушілік, сөздік, практикалық.
Типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы.
Көрнекілігі:
Мультимедиялық проектор,
Презентациялар,
Сабақтың эпиграфы,
Логарифмдік сызғыш,
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру сәті
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мақсат қою
Мұғалімнің кіріспе сөзі
11-сынып өмір жолындағыең жауапты кезең, мектеп бітіру жылы, әрі математика курсының да тарауларын аяқтап, қорытындылайтын кезең. Төменгі сыныптарда сызықтық функция, кері пропорционалдық, квадраттық функция, тригонометриялық функция және көрсеткіштік функциялар туралы мағлұмат алған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда математиканың ең іргелі, ең маңызды, ең қызықты тарауларының бірі логарифмдік функциялар тарауын аяқтап қорытындылаймыз.
II. Проблемалық ситуация.
Логарифмдерді 16-ғасырда күрделі есептеулерді жеңілдету мақсатында шотландиялық прибор ойлап табушы Д. Непер ойлап тапты. Оны бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде алынып отырған Лапластың сөзі де дәлелдейді «Логарифмдерді ойлап табу, астрономдардың жұмысын жеңілдетіп, олардың өмірін ұзартты». Осыдан ондаған жылдар бұрын логарифмдік сызғышы жоқ инженерлерді елестетудің өзі қиын болатын Жылдар өте есептегіш калькуляторлар пайда болды, компьютерлер келді. Бірақ логарифмдік сызғышсыз бірде-бір есептеу техникасы болмаған болар еді. Қазір түрлі есептеу техникасының дамыған ғасыры, ендеше осы логарифмдерді оқып-үйренудің қажеті бар ма? Бүгінгі таңда логарифмдерді не үшін оқимыз? Жалпы математиканың көмегімен табиғатты және өзіңді басқару мүмкін бе?
Диктант
Логарифмдер тарауына берілген есептерді жақсы шығару үшін, логарифмдік функцияның анықтамасын, қасиеттерін, негізгі логарифмдік формулаларды жақсы білу керек. Қойылған сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек
Диктант сұрақтары(
у = log a x функциясы кез келген х үшін тура болады. (^)
- у = logax логарифмдік функциясы үшін а>0, а ≠ 1, х>0. болады( _ )
- Логарифмдік функцияның анықталу облысы-барлық нақты сандар жиыны. (^)
- Логарифмдік функцияның мәндерінің жиыны- барлық нақты сандар жиыны ( _ )
- Логарифмдік функция - жұп. (^)
- Логарифмдік функция - тақ. (^)
- у = logax функциясы (негізі 1-ден үлкен болғанда) - өспелі. ( _ )
- у = logaxфункциясы негізі 1-ден кіші оң сан болғанда - өспелі. (^)
- Логарифмдік функция (1; 0) нүктесінде экстремум нүктесі бар (^)
- у = logaxфункциясының графигі Ох осімен қиылысады. ( _ )
- Логарифмдік функцияның графигі жоғары жарты жазықтықта жатады. (^)
- осіне қарағанда симметриялы. (^)
- және IVширекте орналасқан. ( _ )
- у = Ох осімен(1; 0) . нүктесіндеқиылысады ( _ )
- Теріс санның логарифмі бар. (^)
Жауабы: ^_^_^^_^^_^^_ _ ^
Бірін-бірі өзара тексеріп, бағалау парағына бағасын жазады.
III. Презентация « Логарифм және табиғат»
Біз жыртқыш құстардың өз жемтігіне қарай тура емес, айнала ұшып жететінін білеміз. Бірақ осының байыбына барып, сырына үңіліп көрдік пе? Шын мәнінде олар логарифмдік спираль бойымен қозғалады екен. Бұл құпияны американдық ғалым Тукер ашқан. Ол қыран құстарға зерттеу жүргізе отырып, олар өз жемтігіне қарай 1, 5 км радиуста логарифмдік спираль бойымен ұша бастайтынын айтқан. Жүргізген зерттеулер құстар басын 40°-қа бұрған кезде обьектіні өте жақсы көретіндігін көрсетті. Бірақ бұл жағдай ұшуды қиындатты, жылдамдықтың азаюна әкелді. Сондықтанда құстар өз жемтігіне қарай қырындай, айнала логарифмдік спираль бойымен ұшады екен . Қоршаған ортаның, табиғаттың көптеген заңдылықтары мен құпияларын ашуда математика ғылымының орны ерекше . Табиғат құбылыстарының біразын логарифмдік тәуелділік арқылы сипаттауға болады. Мысалы, аспан әлеміндегі құс жолы логарифмдік спираль формасында болады, ұлу, арқардың мүйізі, өрмекшінің торы спираль формасында болады екен . Ал бұл спиральді олардың өмір сүру уақытының математикалық символы деп айтуға болады.
lV. Логарифмнің қасиеттері
Логарифмдер тақырыбына берілген есептерді шешу үшін, негізгі логарифмдік тепе- теңдікті, логарифмнің қасиеттерін жақсы білу керек.
1. Қатесін тап.
2. Өзіңді тексер.
3. Математикалық дартс.
V. Логарифм және музыка
Математика мен музыка мектепте оқытылатын екі түрлі пән, адамзат мәдениетінің екі полюсі.
Музыка тыңдай отырып, дыбыстардың ғажайып әлеміне енеміз, ал есеп шығара отырып, сандардың қатаң кеңістігіне кіреміз. Бірақ ешуақытта сандар кеңістігі мен дыбыстар әлемі арасында байланыс бар деп ойламаймыз. Пианиноның клавиштері логарифмдер арқылы ойналады. екінші октаваның «до» нотасына дейінгі жиілік бірінші октаваның «до» нотасына дейінгі жиіліктен 2 есе үлкен, ал үшінші октаваның «до» нотасынан бірінші октаваның «до» нотасына дейінгі жиілік 4есе үлкен, яғни әрбір келесі нотаға негізі 2-ге тең логарифмдер деп аталатын келесі дәреже көрсеткіші сәйкес келеді. Музыканттар математиканы ұната қоймаса да, олардың жұмысы осы пәнмен тығыз байланысты екен.
Vl. Логарифмдік теңдеулер.
Келесі кезекте біздің алдымызда логарифмдік теңдеулерді шешу әдісін жүйелеу міндеті тұр. Бастауыш сыныпқа келген кезден бастап-ақ сендердің алдарыңда теңдеулерді қалай шешу керек, белгісіз қалай табылады деген мәселе тұрды. Мектеп қабырғасындағы 11 жылда әртүрлі теңдеулермен таныс болдыңдар.
Сұрақ:
Қандай теңдеулерді білесіңдер?
Жауап:
1. Сызықтық теңдеу
2. Бөлшек рационал теңдеу
3. Иррационал теңдеу
4. Тригонометриялық теңдеу
5. Көрсеткіштік теңдеу
6. Логарифмдік теңдеу
Сұрақ:
Логарифмдік теңдеу дегеніміз не?
Жауап:
Айнымалысы логарифм таңбасының астында болып келген теңдеуді логарифмдік теңдеу деп атайды.
Сұрақ:
Логарифмдік теңдеулерді шешудің қандай тәсілдері бар?
1. Потенциалдау әдісі
2. Бір негізге көшу әдісі
3. Мүшелеп логарифмдеу
4. Жаңа айнымалы енгізу
5. Негізгі логарифмдік тепе-теңдікті қолдану
1. Ауызша есеп
2
2
3.
5.
6 .
7. lgtgx=2
8. lgsinx=1
. Логарифм және астрономия
Физика пәнінен сендерге таныс дыбыстың қаттылығы, жұлдыздардың жарықтығы логарифм арқылы бағаланады. Астрономдар жұлдыздарды көрінерлік жарықтығына қарай, бірінші шамадағы жұлдыз, екінші шамадағы жұлдыз, үшінші шамадағы жұлдыз деп ажыратады. Жұлдыздық шамалардың тізбегі арифметикалық прогрессия құраса, олардың жарықтығы еселігі 2, 5-ке тең геометриялық прогрессия құрайды. Үшінші шамадағы жұлдыз бірінші шамадағы жұлдыздан
, яғни 6, 25 есе жарық. Қысқа айтқанда астрономдар жұлдыздың көрінерлік жарықтығын негізі 2, 5-ке тең логарифм арқылы бағалайды. Дәл осылайша дыбыстың қаттылығы бағаланады. Дыбыс қаттылығының өлшем бірліктерінің тізбегі 1бел, 2бел, 3бел арифметикалық прогрессия құраса, дыбыс қаттылығының күші еселігі 10-ға тең геометриялық прогрессия құрайды. Яғни шудың қаттылығы оның физикалық күшінің ондық логарифміне тең. Жапырақ сыбдыры 1бел, әңгімелескен кездегі дыбыс қаттылығы 6, 5 бел, ал қаттылығы 8 белден артықшу адам организміне зиян
Vlll Логарифмдік теңсіздіктер
Келесі кезекте логарифмдік теңсіздіктерді шешу міндеті тұр. Логарифмдік теңсіздіктерді шешу дегеніміз- оның барлық шешімін табу немесе оның шешімі болмайтынын дәлелдеу деген сөз.
Экспресс сұрақ
1. Логарифмдік теңсіздіктерді шешуде нені ескеру керек?
2. Логарифмдік теңсіздікті шешудің қандай әдістері бар?
Тест тапсырмалары.
























ІХ Логарифм және психология
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz