Сақ тайпаларының қоныстануы және сақ қоғамының құрылымы

Сабақтың тақырыбы: § 14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы туралы жан-жақты түсінік беру ;
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, жазбаша жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу және түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Карточка бойынша сұрақтар.
№1. Көшпелілік деген не?
№2. Көшпелілердің баспанасы туралы не білесің?
№3. Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата.
№4. Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі не болды?
№5. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған?
2. Зымыран сұрақтар.
- Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты? ( шамамен б. з. б. 2 мыңжылдықта)
- Көшпелілер нені киелі санады? (Ошақты)
- Жылы қоралары бар тұрақты орын қалай аталады? (Қыстау)
- Қыс жақындағанда қоныстанатын қыстауға жақын жайылым қалай аталады? (Күзеу)
- Жайлау деген не? (малды алысқа ұзатып жаятын жайылым)
ІІІ Жаңа сабақ.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз §14. «Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы»
Сабақтың жоспары:
1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы
Дәптермен жұмыс. Тақтадағы мәліметтерді дәптерлеріне жазғызу.
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі.
Сақтар - б. з. б. І мыңжылдықта орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы,, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. « Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндірсе, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары « азиялық скифтер» деп атады.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар
( хаумаварга)
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар аргиппейлер, исседондар, массагеттер деп атаған. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.
Сақ қоғамы: 1. жауынгерлер
2. абыздар
3. егіншілер мен малшылар
деп аталатын үш топтан тұрды.
Сақ жауынгерлері - қызыл және сары-қызыл
Абыздар - ақ
Малшылар мен егіншілер - сары мен көк түсті киімдер киген.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
А) Тарихи диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
Тиграхауда сақтары осы күнгі ташкент қаласы аймағында . . . және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Тайпа көсемі . . . атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы . . . шешті, . . . реттеп отырды.
Ә) Ойлан тап!
1. ГЕТАССАМ
2. ТОДРОГЕ
3. ЙАРАДАПАРА
4. РАДЗЫБА
5. НОБАРСТ
Б) Семантикалық карта.
Дұрыс жауапқа «+» таңбасын қою керек
Қызыл және
сары қызыл
малшылар мен
егіншілер
В) Ребус. Берілген суреттерден тайпаның атын табу керек.