Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Математика 2-сынып: қайталау сабағы
Кіріктірілген сабақ: 2 сынып
Математика және дүниетану пәні
Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту тәсілдері, теңдеуді шығару. Пысықтау
сабағы
Ел, Астана, Отан
Сабақтың мақсаты: Біліміділік: Құрама есептер , бір және екі амалмен
шығарылатын есеп шығару, амалдарды орындау, салыстыру арқылы оқушылардың
алған білімдерін пысықтау;
Оқушыларға сандарды « баған» түрінде жаза отырып, жазбаша қосу мен
азайтудың тәсілдерін меңгерту, қайталату.
Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орынлаудың үлгісін көрсетіп
беру, амалдар алгоритмдерінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс-
әрекеттерге алгоритмге машықтандыру. Кестелік қосу және азайту
дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларлды білімділікке, сауаттылыққа, тапқырлыққа
баулу, ойлау қабілетін дамыту. Математикалық тілін, логикалық ойлауын,
ауызша қосу және азайту дағдысын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тапқырлық
қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Ұқыптылыққа,
ерлікке, сұлулыққа адамгершілікке тәрбиелеу. Жылдам есептеуге, тапқырлыққа,
жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, достық қарым-қатынасқа, тазалықты
сақтауға, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, қайталау, салыстыру, практикалық,
талдау.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ, бекіту.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, карточкалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану
Қолданылатын технологиялар:Ойын, ақпараттық-компьютерлік, ұжымдық..
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау, зейіндерін
сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар
келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір-бірімізге
табыс, сәттілік тілейміз.
. Бір, екі, үш,
Отырамыз тып – тыныш .
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
- Балалар, бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?
- Балалар, математика сабағында біз не істейміз, неге үйренеміз?
Сабақтағы ережелерін еске салу.
- Менің қолымда шақыру билеті.. Біз сендермен сапарға шығамыз:. Сендер
дайынсындар ма? Онда жолға!
Слайд 1
- Біздің еліміздің аты?
- Еліміздің президенті?
2.Ауызша есеп:
І.Қызығушылығын ояту
[pic]
Қайталау – білім анасы»
. ойыны:
10) Қосудың кандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)
20) 30 бен 50-дің арасындағы толық ондықты айт? (40)
30) 1 сағатта неше минут бар? (60)
40) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
50) Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама-қарсы қабырғалары тең)
60) 1 метрде неше сантиметр бар? (100см)
ойын "үлгерейік - ұйықтамайық"!
- біздің қаламыз аты?
- Қазақстан Республикасының бас қаласы: онтүстікте? Солтүстік жақта?
- Қазақстанның ең үлкен өзені . (Ертіс)
- қандай қалалар артық: Мәскеу, Астана, Алматы, Өскемен?
- өзеннің екі жағасын біріктіретің? (Көпір)
- жүргіншілердің жүретін жолы? (жаяу жол)
- көкжиектің жақтарын анықтауға көмектеседі? ( Құбылнама)
- керемет!
тапқырлыққа берілген есептер:
- Жеті ағада бір-бір қарындасы бар. Сонда әр балада неше қарындастан бар?
Слайд
Бір аяқта тұрған қаздың салмағы 4 кг, екі аяқта ше? Слайд
Не жеңіл: 1 кг мақта әлде 1 кг қола?
ауызша есептерді шешу:
35 - 15 = 60 - 40=
85 - 65 = 90 - 70 =
13 + 7 = 38 - 18 =
- бұл өрнектерден нені байқадық?
- ал 20 санды "ел, отан, Қазақстан" деген тақырыбына қалай кіріктіруге
болады?
Бекіту жаттығулары:
- Ал біз сапарымызды әрі қарай жалғастырайық. Ал жиһангездер өздерінің
көргендері туралы күнделіктерін жүргізеді.. Міне біз қазір дәптерлерімізді
ашамыз және бүгінгі күнді жазамыз..(слайд)
- ойын: екі таңбалы сандаы ойла және оны оқып беруге дайындал:
- ойлап тапқан сандардың ішінен тек қана ондықтарды атап өтіңдер.
- дәптерлерде осы цифрды бір жол жазу.
Көркем жазу минутасы.
Еске түсірейік: соңғы сабақтарда біз қандай есептер шығардық?
(жазбаша қосу және азайтуға байланысты есептерді, теңдеулерді, сөз
есептерді шығардық)
Оқулықпен жұмыс
/тақтада түсіндіріледі/
27 63 44 72
+36 -27 +28 -44
63 36 72 28
Өз бетімен жұмыс
1 тобы 2 тобы
+29 42 +34 +61
13 - 13 27 34
Төлеген – х = Төле
Х + 35 = 60 - 12
Х - 15 = 80 – 69
- Математикалық диктант
[pic]
(слайд) тексереміз
- өздеріңізді бағалайсыңдар. жолға аттанамыз..
- сіздерге мен бір тосымсый дайындадым:
Африка ойыны
- керемет , сендер жақсы жұмыс істедіңіздер.Бірақта бұл қандай, не деген
тосымсый? (Астананың слайды)
- біз сендермен керемет Астана қаласына келдік. Астананың қандай көрікті
орындарын сендер білесіндер?
- осы қала туралы сендер не айталасындар? «Аққайың» газетінен Диляраның
шығармасынан үзінді:
Астана – бас қала
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев
Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан-
жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана
қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-
анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз
жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша
сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің
тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой
көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйі бәрі-бәрі де ерекше сәнмен
орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген
қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті
фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің
мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп
жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында
сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл
менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау,
жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет
- біз қазір құрылысшы болып көрейік: Бізге түрлі түсті материалдардан
төртбұрыштың ғимаратын жасаңдар деген таппсырма берілді. Қандай
геометриялық тұрпаттарды біз аламыз?
(геометриялық тұрпаттар слайд)
Семантикалық карта
|Геометириялық |Төрт |Бұрыштары |Үш бұрышы |Төрт |Қарама |Үш |
|фигуралардың |бұрышы|тік |бар |қабырғасы |қарсы |төбесі |
|қасиеттері |бар | | |бар |қабырғалары|бар |
| | | | | |тең | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Периметрін табу
4
7 см; 2 см: Р - ?
-Астанадан біз кеттік, жолда әлі неше түрлі қызықтыларды көреміз. Бірақта
қазіргі уақытта машиналарымызға жанармай құяйық ( №3, с.176 -)
- Оу, автобусымыздың терезесінен біз Қазақстанның кең байтақ жазираларын
көреміз. Қандай ғажапты! Бізге әлдеқандай хайуанаттар кездеседі. Кім олар,
аттарын кім біледі?
[pic]
(Жайран, қоқиқаз, барыс)
- Қандай қызықты хайуанаттар! Не туралы әңгімелері?
( қызыл кітап туралы)
- біздің достарымыздың - хайуанаттардың сендерге тапсырмалары:(слайд)
Қателерін тап:
60 - 34= 36 80 - 12= 78
50 - 32= 18 70 - 36 = 34
- Бір-біріңізді тексеріп шығыңыздар. Ал қазір дұрыс жауаптарын тексереміз.
(слайд)
- бізге енді үйге қайтып келу керек.
Біз сендермен білімдерімізді баян еттік, Ал қазір математикалық тестті.
Тестік тапсырма:
[pic]
.4.Үйдің тапсырмасы:
Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.
- Үйге келген соң көпке дейін осы саяхатымызды ұмытпаймыз. Сабақтарымыз
есте қалу үшін үйге мынадай тапсырма:
№2 карточка – үш тапсырманың ішінен ұнатқандарын істеу
- сендерге сабақ ұнады ма ?
Рефлексия
Тақтада себет, ал конверттерде жемістер. Жемістерді жинаймыз:
Қызыл жемістер - сабақ ұнады.
Сары жемістер - ұнады.
Жасыл жемістер - сабақ өте ұнады.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
«5»- бәрекелді, «4» шіркін, «3»-әттең деп бағалаймын.
-----------------------
30
20
10
50
60
40
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz