С. Мұратбековтың Жусан иісі повесіндегі Аян бейнесін талдау


Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбековтың «Жусан иісі» повесіндегі Аян бейнесі

  • Білімділік: Шығарманың мазмұнын талдай отырып жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту;
  • Дамытушылық: Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап ой түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру, кейіпкер бейнесін құрастыру арқылы оқушылардың қиялы мен көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру.
  • Тәрбиелік: Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Бекіту сабағы

Сабақтың өту әдісі : сұрақ-жауап, көрнекілік, кесте, баяндау, талдау, ішінара іздендіру, дамыта оқыту.

Сабақтың ой-түйіні: “Жетім көрсең, жебей жүр”

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару, топқа бөлу.

І топ- «Қамқор»

ІІ топ- «Ізгілік»

ІІІ топ - «Қайрат»

ІҮ топ- «Мейірім»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) С. Мұратбековтың өмірі, шығармашылығы. Хронологиялық диктант.

  • 1936 жыл 15 қазан;
  • 1957-1963 жыл;
  • 1971 жыл;
  • 1954-1962 жыл;
  • 1962-1972 жыл;
  • 1990 жыл;
  • 1998 жыл;
  • 2003 жыл.

ә) Алдыңғы сабақта құрылған шығарманың композициялық құрылысының кестесі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Шығарманың композициялық құрылысы

  • Шығарманың дайындығы
  • Басталуы
  • Байланысуы
  • Дамуы
  • Шиеленісуі
  • Шарықтау шегі
  • Шығарманың шешімі

Оқиға қай кезеңде болған?

Оқушы жауабын тыңдау.

Кейіпкер дегеніміз кім?

  • Кейіпкер - кез келген әдеби шығармадағы негізгі орталықтағы басты тұлға. Әдебиеттің негізгі обьектісі-адам. Жазушы өз шығармасына адам тағдырын арқау етеді. Оны көрсету үшін жазушы өз кейіпкерлерін әр түрлі жағдайларда, сан алуан адамдармен қарым-қатынасқа түсіреді, өмір тартысының әр кезеңінде көрсетеді.
Кейіпкер: Кейіпкер
Автордың толғанысы: Автордың толғанысы
Түйін(өз көзқарасың):

Түйін

(өз көзқарасың)

Кейіпкер:
Автордың толғанысы:
Түйін(өз көзқарасың):
Кейіпкер:
Автордың толғанысы:
Түйін(өз көзқарасың):

Аян бейнесін құрастыру.

Аянның түр-сипаты, киімі, іс-әрекеті, әдеті бейнеленген жолдарды мәтіннен тауып аламыз, осылайша кейіпкер бейнесін құрастырамыз.

  • “Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен”.
  • Бұл жолдардан Аянның қандай қасиеті байқалады?
  • “Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті.

Ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі. Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп те көрген екен. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді” деген үзінді нені байқатады?

  • Аян екеуміз бір партада отыратынбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:

Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім, -деп күңкілдейтін” деген үзіндіде нені байқадыңдар?

  • Аянның әжесі өліп қапты деген сыбырды алқына тұрып, шүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік.
  • Жарғақ сары тон киген Аян күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз, есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші -қолаң әйелдер бір-бірімен шуылдаса көрісіп, азан-қазан болып жатқанмен, ол көзіне жас алмапты”
  • Сонда қалай ойлайсыңдар? Аян мүлде жылай білмей ме?

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz