Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жұбан кім

Рашитова Диана Елеуқызы
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі,
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі
Сабақтың мақсаты: Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары
екенін, еліміздің елдігін танытатын тілі
мен өнері
екендігін тереңірек түсінеді.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
- қазақ тілі пәнінде мультимедиа кабинетінің мүмкіншілігін пайдалану
арқылы алған біліміне өзіндік талдау жүргізе алады;
- көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіреді;
- ой-түйіндерінің қорытындысын айта алады;
- сабақта алған білімдерін қолдана алады;
- ақпарат көздерімен жұмыс істеу қызығушылығы артады;
- ақпарат мүмкіндігін еркін қолдана алуға үйренеді.
Жеке жұмыс үрдісіне байланысты міндеттер:
• Дербес компьютерде жеке жұмыс жасай алады;
• Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды;
• Қорытынды шығарады;
• Жеке жұмысты ұйымдастырып, сол жұмыстың нәтижелерін көрсете
біледі.
Б а ғ а л а у өлшемдері
«5» баға сабақ барысында шығармашылық деңгейде өздігінен жұмыс істей
алған, өзіндік ой-түйіні бар, сұрақтарға толық жауап берген оқушыға
қойылады.
«4» баға тақырыпты аша алған, жеке жұмыстарды орындау барысында жауап
берген оқушыларға қойылады.
«3» баға тақырыпқа кең кіре алмай, дәлелдеулері аз болған оқушыларға
қойылады.
Мазмұн Сын
тұрысынан ойлау
а/ Ой қозғау 1. Салыстыру
ә/ Топтастыру 2. Жинақтау
б/ Сауаттылық хаты

Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру.

Көрнекілігі: Гипермәтіндер, мультимедиа кабинетінің мүмкіншілігі.
Іске асыру алгаритімінде:
Сабақты әзірлеу кезінде Windows операциялық
жүйесінің стандартты бағдарламалары, MS PowerPoint- Ұлттық-салт
дәстүрді презентациялауда, Word- мәтінмен жұмыс істеу
барысында, IPBOARD- интерактивті тақтамен жұмыс істеуде,
LinquaMaxx -сауаттылықты ашатын хаттарды жазғанда, лингафон-
компьютерден аудио дискілерді тыңдау, жаңа білім беру кезінде,
Hyper Test- қорытынды бөлімдегі тест жұмысын жүргізуде,
Интернет жүйесі - үй жұмысын орындау барысында пайдаланылады.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
- қауіпсіздік ережесін еске түсіру

Жұмыс істеу маршрутымен таныстыру
Гипермәтін
(теория)

Модуль
Сөздіктер
Микромодуль
Глосарий

Тест
Бейнекөрініс

Тапсырма

Интерактивтік тақтадан өлең жолдарын оқыту

Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Сенімен Махамбетті, Абайды ұқтым,
Сенімен Жамбыл жыры – арайды ұқтым,
Сенімен мейірімді ананы ұқтым,
Сенімен мейірімді даламды ұқтым.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»
«Қазақстан Республикасының
Тіл туралы Заңы» 1997 ж .11
шілде

І. Қызығушылықты ояту.
О й қ о з ғ а у.
/ Ұлттық тіл оқушылар өздерінің білетін сөз, сөз тіркестерін дәптерге
түсіру. /

Тапсырма: Сөз және сөз тіркестерін жазыңыз?

Сұрақ: Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың
рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Дәптерге жауап : (2-3 сөйлем)

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз,
өйткені ол – ұлтымыздың анасы.»

Н.Ә.Назарбаев

Интерактивтік тақтадан өлең жолдары көрсетіліп тұрады.
(оқушылар мұғалімнің нұсқауымен монорежимге көшеді.Мұғалімді наушник
арқылы тыңдайды. Мұғалім өлең жолдарын радиомикрофонмен оқиды. )
Ана тілім – абырой, ар-намысым,
Тілім болса болады қолда күшім.
Тіл болмаса қалайша орындалар,
Арман – ойым, мақсатым, алдағы ісім.

Халықтығым – біртұтас алыптығым,
Ана тілім – алдағы жарық күнім.
Төбем көкке жеткендей қуанамын,
Тілімнің құдіретін танып бүгін.

О, менің қасиетті Ана тілім,
Жебей гөр астына алып қанатыңның
Қазақ деген бойымда қаным барда,
Өзіңсің көтеретін дара туым.
(күні бойы айтылып жатқан ой-түйін толықтырылады)
Мұғалім: Ендеше, тіліміздің өшуіне де, өсуіне де себепкер біз, яғни осы
отырған қазақ деген халықпыз.

(Гипермәтін ұсынылады)

Мен кіммін?

Арыстанмын , айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?

М.Жұмабаев

Мен – қазақ.

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

С.Торайғыров

Мен – қазақпын

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ж.Молдағалиев

Мұғалім: Ұлы тұлғалар, қазақтың біртуар азаматтары қазақ екендіктерін
осылай жырға қосқан.
(кестені толтыруға ұсыну)
IPBOARD- интерактивті тақтамен жұмыс

|Автор |Мен кім? |Әңгіме - сыр |
|Мағжан кім? | | |
| |ұлт патриоты,ұланы | |
|Сұлтанмахмұт кім? | | |
| | | |
|Жұбан кім? | | |
| | | |
| |ұлтжанды, жанашыр | |
| | | |
| | | |

Мұғалім: Біз «қазақ» деген елміз – ешкімге намысымызды таптатпаған елміз.
Тілімізді қорламай, сақтай білген елміз,- деп Қазыбек бидің сөзін
жалғастырғым келіп отыр. Ендеше, біз «қазақ» деген атпен мақтана аламыз.

Қадыр Мырзалиев «Қазақ осы».
(Әнді слайд-шоу арқылы бас компьютерден дыбыс тыңдату)

Б і з к і м б і з ?

Сауаттылық хаты
(LinquaMaxx программасына көшеміз)
Біз – еліміздің ертеңіміз
( компьютердің хат жазу мүмкіншілігін пайдалана отырып хат жазу )

(Орындап болғандары мұғаліммен байланысқа шығады. Мұғалімнің наушниктегі
микрофоны қосылады.)
Қосымша тапсырма: Гипертест (Жауабы бірден беріліп отырады.)
Қорытынды
Тәуелсіздік тартулары
Ана тілде ата – баба сыры бар
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар.
Оразақын Асқар

1. Үйге тапсырма: Интернет жүйесіне шығып, «Тіл туралы» жазған шетел
ақындарының аударма өлеңдерін жазу
Кері парақ байланысы:
1. Не үйрендіңіз?
2. Сұрағыңыз?
3. Пікіріңіз?

-----------------------
Ұлттық тіл

Ұқсас жұмыстар
Жұбан молдағалиев бізде қонақта
Өлеңдерін оқу
Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудар
Әке үміті
Қадір мырза әли "кәрі қыран "өлеңі 7 сынып
Ж.молдағалиевтің "ар-ұят туралы" өлеңі
Кел балалар өлеңінің авторы кім
1 желтоқсан - тұңғыш Президент күні
Жайыққа тартсаң даңғыл бол
ПОЭЗИЯ КЕШІ Строка, оборванная пулей Оқпен үзілген өлең жолдары
Пәндер