Қалау рай

Қарағанды облысы

Шет ауданы

С. Сейфуллин кенті

Жарық орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Қалау рай

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игереді. Жаттығу жұмысын орындайды

Дамытушылық : Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамиды, сауатты жаза біледі, ойларын еркін жеткізеді.

Тәрбиелік : Адамгершілікке тәрбиеленеді, отансүйгіштікке тәрбиеленеді

Мақсаты :Қалау райдың жасалу жолдарын үйреніп, оның ерекше рай екеніне оқушылардың көңілі аударылады.

Пәнаралық байланыс : орыс тілі, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар. Суреттер. Тақта, бор, кітап.

Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс -тәсілдер : СТО технологиясы

Қызығушылығын ояту : 1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә) кезекші диалогы

2. Нені білеміз?

Шартты рай дегеніміз не?

Шартты рай қалай жасалады?

Мысал келтіріңдер.

3. Мағынаны тану .

Ой қозғау.

Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?

Рай сөзі қандай сөздермен мәндес келеді ?.

Етістіктің рай категориясын топтайық

Ашық рай

Бұйрық

рай

Шартты рай

Қалау рай

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалау рай.

Қалау - ниет, тілек дегенді білдіреді

Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс- әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады.

Мысалы : Менің кітап оқығым келеді.

Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді. .

Қалау райдың жасалу жолдары.

  1. -ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып, кел көмекші етістігімен тіркеседі.

Мысалы : Менің теледидар көр-гі-м келеді

Менің қалаға бар-ғы-м келеді.

  1. Етістікке -ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы : Сен досыңа хат жаз-ғай-сың.

Ол ертерек кел-гей.

  1. Етістікке -ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.

Мысалы : Мен оны көр-гей едім.

Ол барғай еді .

  1. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп, қалау рай жасалады.

Мысалы: Анам қаладан кел-се екен . Мен оны жақсы біл-се-м екен .

Енді қалау райының жіктелуіне тоқталайық ( кесте арқылы түсіндіру),

Мысалдар келтіреді.

Кестеге сүйене отырып 175 -жаттығуды орындау ( тақтамен жұмыс ) .

І қатар: Көргісі келеді,

ІІ қатар : Орындағым келді.

ІІІ қатар : Жазғайсың

174- жаттығу. ( ауызша)

177- жаттығу Етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдаңыздар .

Шығармашылық жұмыс :

Болар адам он бесінде бас болар,

Болмас адам қырық бесінде жас болар

мақалдың мазмұнына байланысты, мағынасы ашылатындай шағын эссе құраңдар.

Оқыту . Тәуелсіздікке кімдердің арқасында қол жеткенін айта кету

«Ойлан, тап »

Қалау рай жасауға қатысатын көмекші етістіктерді атаңдар . Оларсыз қалау рай жасала ма?

Ойларыңды дәлелдеңдер .

Ой қорыту .

«Түртіп алу жүйесі »

Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Шартты рай Қалау рай

Сабақты бекіту : Оқушыларды бағалау.

Үйге: «Кім болғым келеді?»тақырыбында шағын шығарма жазу .

Қорытынды :

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле ».

( Жүсіп Баласағұн) .


Ұқсас жұмыстар
Қалау рай, қалау райдың мағынасы
Қалау рай. қалау райдың мағынасын білу
Етістіктің райлары
Есімшенің түрленуі
Кім болғым келеді? 5-сынып
Етістік райларынан өткенді қайталау.7-сынып
Сөз тіркесінің түрлері
Ашық рай
Етістікті қайталау
Қазақтың ұлттық киімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz