Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Биология сыныптан тыс "бағдаршам"


Бағдаршам
Саламатсыздарма, бүгінгі біздін бағдаршам жарыс ойынымызға қош
келдіңіздер! Бағдаршам ойының жаратылыстану пәнінен өткенді қайталау
мақсатында 5 сыныптар арасында жарыс түрінде өтеді. Бағдаршам өзіміз
білетіндей түс арқылы көрсетілетін жол белгісі. Сонымен қатар міне көктем
мезгілі нағыз табиғаттың әсем, әдемі болып түрліше болып түстердің
өзгеретің кезі.
(Мысалға: жанауарлардың түсінің өзгеруі, қар еріп, жердің түсінің
өзгеруі, гүлдер шығып сары қызыл әсемдікке айналуы және де жасыл түске
айналған жапырақтар, жасыл шөптер). Бүгін біздіің ойыншыларымызда көктемнің
алғашқы әсем түстеріндей, және бағдаршам белгілеріндей түстермен ойын
шартында тустерді қолданады. Яғни әрқашан дайынбыз деген сары белгі таққан
төс белгілері бар, және білмеймін деген қызыл белгілері бар, білемін деген
жасыл белгілері бар
ойыншылармен таныс болыңыздар: 5б,5в сыныбынан құралған ойыншылар:
1. Оңдасынова Венера. 2. Бейсембаев Нұрсәт. 3.Жәңгірова Құралай.
4.Жакупов Әлішер. 5. Шектібаева Арайлым. 6. Жалғасбай Нұрхан.
Олай болса ойын шарттарымен танысайык:
1 кезең «Ары қарай»
2 кезең «Суреттер сөйлейді»
3 кезең «Сергіту»
4 кезең «Тәжірибе»
5 кезең «Мылқау көрініс»
6 кезең «Тікелей сұрақтар»
Ойын кезіңде жауап берген оқушыларға балл жұлдызша беріп
есептелінеді.1ші-2ші кезең өткен соң ең аз жинаған 2 ойыншы ойыннан
шығарылады.3ші-4ші кезең бойынша аз жинаған 1 ойыншы, 5 кезеңнен аз жинаған
1 ойыншы шығарылып. 6 кезеңде 2 ойыншы жарысады. 6 кезең бойынша 1 ойыншы
ғана жеңіске жетеді.
І кезең – «Ары қарай»
Ендеше ойынымызды бастайык. 1 Кезең бойынша ары карай, яғни әр оқушыға
12 сұрақтан қойылады 1 минут уақыт беріледі, сұрақ қойылған кезде жауап
беру үшін жасыл белгіні көтеріп жауабын айтып, білмеген сұрағына қызыл
белгіні көтеріп, ары қарай деп келесі сұраққа көшіп отырады.
№1
1. Жердің шегінен басқа денелерді (ғарыштық денелер)
2. Табиғаттанушыларға арналған қанша қағида бар? (8)
3. Күн мен жердің орташа ара қашықтығы (150 млн шақырым)
4. Ең үлкен ғаламшар (Юпитер)
5. Алғашқы ғарыштық туристі алып ұшқан (Талғат Мұсабаев)
6. Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт қанша сағатқа тең (24)
7. Ең жұқа жердің үстіңгі қабығы – (жер қыртысы)
8. Ауданы жағынан кіші және құрғақ материк (Аустралия)
9. Ішетің суда тұздың мөлшері қанша грамнан аспауы керек (1гр)
10. Ең мұздысы (солт,мұзд, мұхит)
11. Ауданы жағынан ең үлкен көл (каспий теңізі)
12. Қаз.ғы ең ұзын, ең суы мол өзен (Ертіс)
№2
1. Аспанның жарық денелері туралы ғылым (Астраномия)
2. «Ғылымдарды жіктеу» кімнің еңбегі? (Әл- Фараби)
3. Күннің бетіндегі температура (6000 градусқа тең)
4. Күнді 84 жылда айналып өтеді (Уран)
5. Ғарышқа алғашқы жол (1957 жылы 4 қазан күні)ашылды
6. 24 сағат неше тәулікке тең (1 тәулік)
7. Мантия латын тілінен аударғанда (жамылғы)
8. Мұз жамылған материк (Антрактида)
9. Емдік сулардың шығып жатқан жерін (арасан)
10. Ең кіші мұхит (солт. Мұзд. Мұхит)
11. Ең тұщы көл (жоғарғы көл)
12. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты (өзен алабы)
№3
1.Тірі денелер құрамындағы заттарды – (органикалық деп атайды.)
2. «Аспан денелерінің айналымы» кімнің еңбегі? (Николай Коперник)
3. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы (Орбита дейміз)
4. Құрлымы жағынан Уранға ұқсас (Нептун)
5. Жер бетінің жалпы ауданы (510млн км2)
6. Күннің тұтылуы қанша минутқа созылады? (2-3 мин)
7. Мантия қанша тереңдікке дейін барады (2900 шақырым)
8. Ең ыстық материк (Африка)
9. Мұхиттар арасында ауданы көлемі жағынан ең үлкені және ең тереңі (тынық)
10. Материктердің ішіндегі тұйық сулы өлкені (көл)
11. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су (өзен)
12. Жердің ауа қабаты ( атмосфера)
№4
1. Биология қандай мағына береді? (тірішілік,ғылым)
2. Бірнеше мың градус тем-ға қызып тұрған аспанның жарық денесі (жұлдыз)
3. 1 ші ғаламшар (Меркурий)
4. Ең кішкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар (Плутон)
5. Жер бетінің қанша % құрлық алып жатыр (29)
6. Айдың тұтылуы қанша сағатқа созылады? (2 сағатқа жуық)
7. Үшінші қабат, жердің кіндігі – (ядро)
8. Ең үлкен материк (Еуразия)
9. Ең ұзын мұхит (Атлант)
10. Ең тұзды мұхит (үнді)
11. Өзеннің басталар жерін (бастау)
12. Атмос-ның төменгі қабатындағы ауа құрамын 78 пайызын (азот)құрайды
№5
1. Табиғаттағы денелердің ұдайы өзгеріске ұшырауы (Табиғат құбылысы)
2. Жеке жұлдыздардың тобын (Галактика деп атаймыз)
3. Беткі темп-сы шамасы 500градусс болатын ең жарық ғаламшар (Шолпан)
4. Ең бірінші ғарышкер (Юрий Гагарин)
5. Жер бетінің қанша % су алып жатыр? (71)
6. Дүние жүзіндегі материк саны-(6)
7. Ішкі ядро температурасы (3000)
8. Су қабығы (гидросфера)
9. Ең жылы мұхит (Тынық)
10. Материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі (
теңіз)
11. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
12. Атмос-ның төменгі қабатындағы ауа құрамының қанша %ын оттегі қ/ы? (21)
№6
1. Қыздыру, суыту табиғатты оқып үйренудің қандай әдісіне жатады?
(тәжірибе)
2. Жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі –(күн)
3. Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді? (8)
4. Біздің ғаламшар (Жер)
5. Алғашқы қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
6. Эковатордың ұзындығы (40000 шақырым)
7. Дүние жүзінде қанша мұхит бар (4)
8. 1 литр Мұхит, теңіз суларында қанша грамм тұз болады (35Гр)
9. Ең тұзды көл ( Балқаш)
10. Мұхит, теңіз суларының құрлыққа енген бөлігі (шығанақ)
11. Д.ж ең суы мол өзен (Амазонка)
12. Түтін, газ әр түрлі шаң тозаңдардың қоспасы (смог)

2 кезең «Суреттер сөйлейді» Тақтада көрсетілген суреттердің не екенің
нені білдіретінің жасыл белгіні көрсету арқылы жауап беру.
1) Мысырдың жорға торғайы қолтырауынның тісіне тұрып қоректенеді,
қолтырауын әдейлеп аузын ашып, тісін тазалауға ыңғай жасап тұрады.
(Симбиоз)
2) Жауын-шашынның түсуі. (Метералогиялық құбылыс)
3) Жануарлардың бірін-бірі жеуі. (Жыртқыштық)
4) Алтыншы ғаламшар. (Сатурн)
5) Бұл жерде оттегі озонға айналады. (Химиялық құбылыс)
6) Найзағайдың ойнауы, күннің күркіреуі. (Электромагниттік құбылыс)

Осы екі ойынның қорытындысы бойынша аз жұлдызша жинаған 2 ойыншыны
ойыннан шығарамыз.

3кезең «Сергіту». Табиғатқа байланысты жұмбақтар.

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да. (Бидай)

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады. (Бұғы)

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)

Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)

Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)

Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар? (Мақта)

Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (Шошқа)

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін, жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

4 кезең « Тәжірибе» Алдын ала бір партаға тәжірибе жасауға арналған
құралдар әкелінеді. Осы құралдар арқылы оқушылар берілген тапсырмага
тәжірибе жасау.
№1
Беттік керіліске көз жеткіз. ( стақандағы су, қағаз, ине). Ыдысқа су
құямыз. Жұқа парақтың бетіне ине қойып судың бетіне түсіреміз. Біраз
уақыттан кейін қағаз суланады дасуға батып кетеді.Ал ине су бетінде қалады.
№2
Ауаны қалай сезінуге болады? (Шар) Шарды үріп бетіне тақасы жел
арқылы, не ауызын қысып ұстап тұрып, дауысын есту арқылы біле аламыз.
№3
Үйкелістің нәтижесінде электрленіп, магниттік өріс тартылыс күші пайда
болады: (пластмасса қаламсап, қағаз). Қаламсапты шашқа үйкелеп, қағаз
қиындысына жақындатса, қағаз жабысып қалады.
№4
Инерция нәтижесін қалай көрсетуге болады? (стақан, қағаз). Стақанды
қағаз бетіне қойып, тез тартып қалғанда, стақанда, қағазда құрғақ күйенде
қалады.

3-4 кезең қорытындысы бойынша аз жұлдызша жинаған ойыншымен қош
айтысамыз.

5 кезең «Мылқау көрініс» жабық тұрған қаздарды таңдау арқылы берілген
суретті сөйлемей түсіндіру, әр ойынщыға 6 суреттен 30 сек. беріледі.

5- кезеңнен соң 1 ойыншы аз жұлдыз жинаған ойыннан шығады.

6 кезең. «Тікелей сұрақтар» 2 оқушы көрермен болып отырған оқушылардың
алдын ала дайындап қойған сұрақтарына жасылды көтеру арқылы жауап береді.
Сұрақатр:
Дыбыс шығару, метер.қ, химиялық Биологиялық, жылу бөлу, бұл (Табиғи құб-
тар)
Жарық көздері табиғи және (жасанды)
Энергияның белгілі бір пішіні (жылу)
Табиғаттағы денелердің пішінің, қасиетін өзгерту процесі (физ.
құбылыс)
Бір заттың екінші затқа айналуы (хим. Құб)
Денедегі электр өрісінің айналымға түсуін (электр тогы )
Диффузия латын тілнен аударғанда (таралу, ыдырау, жайылу)
Ауа құрамының 0,3%-ын (көміртегі)

Жеңіске жеткен оқушыны құттықтап, сыйлығын беру, және ойынға қатысқан
барлық оқушыны ортаға шақырып, сыйлықтарын беру.


Ұқсас жұмыстар
Өзгергіштік заңдылықтары тарауы. орта мерзімді жоспар. 10 сынып
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Биология мейрамханасы
Биологиядан сыныптан тыс жұмыс
Кім шапшаң кезеңі
Қан айналым жүйесі. иммунитет
Кім қырағы, кім шапшаң
Жұмбақтар әлемінде
Бекіту тапсырмалары
Орта қол ұстаз – баяндайды, жақсы ұстаз – түсіндіреді, көрнекті ұстаз – көрсетеді, ұлы ұстаз – шабыттандырады.
Пәндер