Не деу керек? Буын: 58-59 жаттығуға арналған аралас сабақ жоспары

Не деу керек? Буын

Сабақтың тақырыбы:Не деу керек?
Буын 58-59-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды өлеңді түсініп оқуға буын туралы түсінігін қалыптастыру.
ә) оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту, сөз байлығын арттыру.
б) оқушыларды әдемі жазуға тәрбиелеу, әдепті сыпайы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: Алғырлар
Білімділер
Зеректер
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді жатқа сұрау.
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?
1топқа-мұғаліммен
2топ-үлкен атамен
3топ-досымен
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барайық.
- Бауырсақ ертегісін білесіңдерм

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп береді, оны суытуға терезенің алдыны қояды.
Бауырсақ домалап қашып кетеді . есеп шығару -буын. Домалап қашып келе жатса алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты жегісі келеді.
- Қане балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алайық. Мына тапсырманы орындасақ, қоян бауырсақты жемейді.
1. Бақа Уық Ыдыс Нан
Б У Ы Н
Ережені түсіндіру.
Балалар буын деген сөзді бұрын естідіңдер ма?
- Әліппеде дауысты, дауыссыз дыбыстарды өткенімізде сөздерді буынға бөліп үйрендік. Сөздің буынға бөлінуі неге байланысты?
Ереже. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. От, а-та, ме-ре-ке,
ба-уыр-сақ.
-Жарайсыңдар, енді бауырсақты қояннан құтқардың оны әрі қарай шығарып салайық.
Сұр қоян әні
- Бауырсақ әрі қарай домалап кетті. Алдынан қасқыр шығады, бауырсақты жегісі келеді.
- Балалар, бауырсақты қасқырға жегіземіз ба?
Ендеше тапсырманы орындайық.
58-жаттығу
Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.
3 топ оқушы шығып буынға бөліп оқиды.
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар.
Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық.
- Бауырсақ орманда әрі қарай домалап келе жатса, алдынан не шығады?
- Аю шығады.
Балалар, аюға бауырсақты жегіземіз бе?
Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.
59-жаттығу
Аюдың тапсырмасы.
ә. мақал-мәтел оқыңдар.
2. Әрі сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар.
Бауырсақты аюдан құтқардық, өзіміз бір сергіп алайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
- Балалар бауырсағымыз әрі қарай домалап, алдынан түлкі шығады.
Түлкі өте қу менде бауырсақты құтқаруға көмектесейін.
- Өлеңді авторымен таныстыру.
- Не деу керек?
Ә. Дүйсенбиев- өмірімен таныстыру.
Түлкінің тапсырмасы.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру. Мақал мағынасын түсіндіру.
1. Рахмет 2. Кешіріңіз
3. Рұқсат па 4. Енді қайталамаймын
Қорытынды бөлім:

Сыпайы сөздер
Балалар, бізге қонаққа келген аңдарға сыйлық сыйлайық.
Қоянға-сәбіз
Қасқырға-ет
Аюға-бал
Түлкіге-ірімшік

Үй тапсырмасы:
Өлеңді мәнерлеп оқу мақалды жаттау 54-жаттығу

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы орта білім беретін мектеп

Дайындаған: Ташпенова Х. Қ

2014 жыл


Ұқсас жұмыстар
1-сынып Ана тілі сабағы: Буын ұғымы және Не деу керек өлеңі бойынша сабақ жоспары
Буын ұғымы мен түрлері, Не деу керек өлеңі арқылы оқыту және тіл мәдениетін тәрбиелеу
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абимолда Көркем Әбдуалиқызының Ә. Дүйсенбиев Не деу керек? Буын тақырыбындағы қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары
Не деу керек: буынды тиянақтауға арналған дефектологиялық сабақ жоспары (1 арнайы сынып, 2016-2017 оқу жылы)
7-сынып: §58 Су көлігі және §59 Ауада ұшу - сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Буын және тұйық буын
7-сынып қазақ тілі: Кімге не сыйлау керек? және жекіру одағайы тақырыбына сабақ жоспары
Буын және тасымалдауды оқыту: логопедиялық сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Мәтін дегеніміз не?
Үндестік заңы және буын үндестігі: қазақ тілі сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz