Кеш барысы

Озерный орта мектебі

«МИФ»

мейрамханасы

7-10 сыныптар

Мұғалім: Сұлтанғазина Сауле Бейбітқызы

2014 жыл

Мақсаты:

1) Оқушылардың білімдерін жүйелеу.

2) Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

3) Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Презентация, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс сағаты

Жоспары:

І. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

ІІ. Сыныптан тыс іс- шараны өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойынның түрі, ережесі т. б. хабарландыру) .

а) 7-11 сынып оқушылары қатысады.

1-үстел (қонақтар саны 6)

2-үстел (қонақтар саны 6)

б) Кештің шартымен таныстыру.

Кештің барысында:

1. Толық жауапқа 5 ұпай

2. Толық емес жауапқа 3 ұпай

3. Қате жауапқа 0 ұпай

ІІІ. Кеш барысы.

1-жүр. : Армысыздар ма, ұстаздар мен оқушылар,

Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас.

Бүгінгі кеште біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық.

2-жүр. : Уа, халайық, халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі ойын төрінде

Есеп шешіп жырысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруен шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

1-жүр. : Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

(Бүгінгі ойынымыздың қонақтарын ортаға шақырамыз. Даяшылар қонақтардың сыртқы киімдерін шешіп, орындарына отырғызады)

2-жүр. : Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика, Информатика, Физика жайында

Сайысты біз бастауға,

Әділ - қазы сайлаймыз.

1. Математика пәнінің мұғалімі Тұлымбаев Серік Молдашкеұлы.

2. Физика пәнінің мұғалімі Дәрменов Медеу Зейноллаұлы.

3. ӘБ жетекшісі Айтбаева Бахытжан Сұрағанқызы.

1-жүр. : Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.

Кім білімді, кім тапқыр - шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

2-жүр. : Топ алдында шыққан басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер оқушыларымыз

Сәтті келіп қалғандай танысатын.

(Әр топ өздерін таныстырады)

IV. Ойынның барысы.

Даяшылар мейрамхананың бүгінгі күннің ас мәзірін қонақтарға ұсынады.

Бүгінгі ас мәзірі.

Салаттар

Бірінші тағам

Екінші тағам

Сусындар

Біздің дастарханнан сіздерге дәм

Десерт

Бас аспазшы:

Сұлтанғазина С. Б.

Мейрамхананың ұстанымы:

«Білімді қорыту үшін,
тәбетің жақсы болу керек»

Жұмбақтармен әшекейленген салаттар

«Винегрет» салаты
Экран бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

“Оливье” салаты
Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан . . . (компьютер)

“Күзгі” салат
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын . . . (тышқан)

Анар білезігі
Ақпаратты қағазға шығарады
Бұл құрылғы қалай аталады? (принтер)

Дәмді бірінші тағам

Тауық сорпасы

Берілген физикалық шаманың белгіленетін әріпін және өлшем бірлігін атауларың керек

Шама Ұзындық

Белгіленуі L

Бірлігі м (метр)

Көкөніс сорпасы

Берілген физикалық шаманың белгіленетін әріпін және өлшем бірлігін атауларың керек

Шама Жылдамдық

Белгіленуі V

Бірлігі м/c (метр/секунд)

Үй кеспесі

Берілген физикалық шаманың белгіленетін әріпін және өлшем бірлігін атауларың керек

Шама Тығыздық

Белгіленуі P

Бірлігі кг/м³ (килограмм/метр³)

Саңырауқұлақ сорпасы

Берілген физикалық шаманың белгіленетін әріпін және өлшем бірлігін атауларың керек

Шама Күш

Белгіленуі Ғ

Бірлігі Н (Ньютон)

Ғалымдар үлес қосқан екінші тағам

Бешбармақ
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1984 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Бұл қай ғалым? Жауабы: Ада Лавлейс

Қуырдақ
Жазықтықтағы координаталық жүйе қай ғалым атымен аталады? Жауабы: Рене Декарт

Тұшпара
1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген - электромагниттiк индукцияны ашты.

Жауабы: Майкл Фарадей


Ұқсас жұмыстар
«қысқы кеш» а.с.пушкин. «қысқы кеш» м.иманжанов
«жаңбыр» - қабдікәрім ыдырсов
Иса Байзақов Жазғы кеш өлеңі
Тақырып Жұлдызды сәт
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Сыныптан тыс сабақтар
Негізі бар ғылымның математика
Математика. Озық ойлы оқушы
Кештің мақсаты
Иса Байзақов Жазғы кеш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz