Іріктеу турының сұрақтары

Жалиева Айман Алтыбаевна
Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Ақжігіт ауылы
Математикалық турнир
Мақсаты :
-оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, ой-өріс мүмкіндігін дамыту;
-математикаға қызығушылығын арттыру;
-есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, өз-өзіне сенімділігін арттыру.
Көрнекі құралдар : бейнепроектор, математика жайындағы қанатты сөздер:
-«Математика-ақыл-ойдың гимнастикасы»(М. В. Суворов)
-«Сан-математика ғылымының іргетасы» (О. А. Жәутіков)
-«Математика-ғылымдар патшасы» (К. Гаусс)
Ойынның ережесі:
-іріктеу турының сұрақтарына жауап берген оқушы ойыншы болады;
-Ойыншы дұрыс жауап берген әрбір сұрағына 1 жетон алады, бұрыс жауабына жетонды қайтарады;
-егер ойыншы 4 жетоннан аз жинаса, ойыннан шығады;
-ІІ турда ойыншы 5 жетоннан кем жинамауы тиіс;
-«Иә-жоқ» конкурсында 3 жетоннан кем жинамауы тиіс;
-«Аукцион» конкурсында 3 не одан да көп жетон жинауы қажет;
-ең көп жетон жинаған ойыншы жеңіске жетеді.
Ойынның жүрісі:
Мұғалім: Оқушылар, бүгін біз біреулер үшін қызықты, ал біреулер үшін қиын да, іш пыстырарлық математика ғылымы туралы білімімізді кеңейтіп, кей сәтте әзілге де жол беретін боламыз.
Сергіту сәті: «Бұл математикалық термин бе?»
Мұғалім : Егер «иә» десек қол шапалақтаймыз, «жоқ» десек үнсіз қаламыз.
Үшбұрыш, теңдеу, диаметр, холерик, биссектриса, формуляр, бұрыш, цифр, ребус, апофема, шар, кадет.
Музыка ойналады. (Сұрақ тоқтайды)
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
2-жүргізуші: Құлақ салыңыздар, естімедік деп айтпаңыздар!
1-жүргізуші: Математика патшайымы ең талантты, ең ақылды және ұқыпты, ең тапқыр да әзілқой балаларды табуды бұйырды.
2-жүргізуші : Және математикалық турнир жариялайды.
1-жүргізуші : Жеңімпаздарды «Үздік математик» патшалық атағы күтіп тұр!
2-жүргізуші: Сонымен, іріктеу туры жарияланды! Сұрақ оқылғаннан кейін (сұрақ бейнепроектормен көрсетіліп, оқылады) сіздер қол көтересіздер. Әділ қазылар алқасы мұқият бақылайды. Кім де-кім бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол жетонға ие болып, І турдың ойыншысы болады.
Іріктеу турының сұрақтары:
- Кәрзеңкеде 15 қара өрік бар. Айнұр компотқа 1/3-н салды. Компотта неше қара өрік бар? (5)
- 5 май шам жанып тұр, екеуін өшірді. Қанша май шам қалды? (2)
- Барлық цифрлардың көбейтіндісінде қанша 0 болады? (1)
- 7 адам бір-бірімен фотосуреттерімен алмасты, қанша сурет таратылды? (42)
- Қандай жағдайда екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (Егер екінші қосылғыш 0-ге тең болса)
- Егер біз 2-ге қарап, 10 десек, бұл қалай болғаны? (Сағатта минуттық тілі 2-ні көрсетсе, 10 минут болады)
- 25 үйрек ұшып келеді. Бір үйректі атып алды, қанша үйрек қалды? (1)
- 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 5 жұмыртқа қанша минутта піседі? (5 минут)
- Екі ондықты екі ондыққа көбейткенде қанша ондық болады? (40 ондық)
- Жүздің жартысын жартыға бөлсе нешеден келеді? (Жауап: 100:2 =50; 50: 1/2 = 100)
Қосымша сұрақтар:
- 1-сынып оқушысының үйі 10 қатарда, бірақ 7 қатарға барады да, ары қарай жаяу барады. Неге? (Лифтідегі кнопкаға бойы жетпейді)
- Екі әке, 2 бала 3 мандарин сатып алды. Олар әрқайыссына бүтін 1 мандариннен келетіндей етіп бөлісті. Бұл қалай? (Атасы, әкесі мен баласы)
І тур
1-жүргізуші : Іріктеу турынан өткен балалар келесі турға қатысу үшін орындарыңызға келіңіздер. Дайындалыңыздар! Қазір сіздерге ой-өріс қабілетімен қоса математикалық білім қажет болады.
- А. С. Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы ертегісінде» шал неше жыл балық аулады?
А) 30 жыл; Б) 3 жыл; В) 33 жыл 1 күн; Г) 33 жыл .
2. Ақиқаттығы дәлелденетін тұжырым қалай аталады?
А) Аксиома; Б) Көбейтінді; В) Теорема ; Г) Ұйғарым.
3. Қабырғалары тең параллелограмм бұл- . . .
А) Тіктөртбұрыш; Б) Ромб ; В) Квадрат; Г) Төртбұрыш.
4. Математикададағы «Негіздер» еңбегінің авторы?
А) Архимед; Б) Фалес; В) Евклид ; Г) Пифагор
5. Бір қабырғасы ортақ, ал қалған қабырғалары толықтауыш жарты түзулер болатын бұрыш қалай аталады?
А) Вертикаль; Б) Тік; В Сүйір) ; Г) Сыбайлас
6. Екі қабырғасы параллель, қалған екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш . . .
А) Трапеция ; Б) Тіктөртбұрыш; В) Ромб; Г) Квадрат.
7. Диагоналдары перпендикуляр параллелограмм . . .
А) Квадрат; Б) Тіктөртбұрыш; В) Р омб ; Г) Параллелограмм.
8. Диагоналдары тең параллелограмм . . .
А) Ромб; Б) Квадрат; В) Трапеция; Г) Тіктөртбұрыш.
9. Трапецияның бүйір қабырғаларының ортасын қосатын кесінді . . .
А) Сәуле; Б) Биссектриса; В) орта сызық ; Г) Медиана
10. Амалды орындай отырып, жасырын сөзді тап.
СУ + Е - У + МАЕ - А + Й = . . . (Семей)
А) Май; Б) Семей ; В) Сұлу ай; Г) Су ми
11. Тіктөртбұрыштың өзіне тән қанша қасиеті бар?
А) 6; Б) 5; В) 5; Г) 1
12. Астанаға бара жатқан кемпір жолда 2 адамды кездестірді. Олардың қолдарында бір-бір мөшек, әр мөшекте біреуден мысық бар. Барлығы қанша жан Астанаға бара жатыр.
А) 3; Б) 4; В) 1 ; Г) 5.
13. Қай сағат тәулігіне екі рет дұрыс уақытты көрсетеді?
А) Құм сағат; Б) бұзық, жүрмейтін сағат ; В) Күн сағаты; Г) Қол сағат.
14. Жерге ең жақын күндізгі уақытта көрінетін жұлдызды атаңыз?
А) Күн ; Б) Шолпан; В) Марс; Г) Меркурий.
ІІ тур. «Тәжірибе»
Бірден жауап берсе -5 ұпай, келесі жеңілдіктер алғанда 1 ұпайдан шегеріліп отырады.
- Ішінде шахматтары бар қара жәшік әкелінеді.
Жеңілдіктер:
5 ұпай . ХХ ғасыр тарихшысы Роуз бұл ойын туралы былай деген: “Бұл - жаныңды қозғайтын сөзсіз әңгіме, үміт пен өкініш, өлім мен өмір, поэзия мен ғылым, Ежелгі Шығыс пен қазіргі Европа”.
4 ұпай. Отаны-Үндістан. Жасы-15 жүзжылдық. Ежелгі аты-чатуранга. Өнертапқыштың аты белгісіз.
3 ұпай. Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын шығарды.
2 ұпай. Екі король арасындағы тұрақты ұрыс.
1 ұпай. Бұл ойында аттар мен пілдер бар.
Түсініктеме:
Бұл жасырылған зат - Шахмат.
Шахмат - ақылдылық пен әділдік символы. Шахмат дегеніміз өнер ме, спорт па, әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде қазірде де айтыс туады. Біреулер үшін - еңбек, біреулер үшін - демалыс. Бірақ бір нәрсе белгілі: шахмат ойнау үшін еркіндік, шыдамдылық, қойылған мақсатқа жетуде төзімділік, жоғары есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау, математикалық қабілеті, талант болу керек.
- Ішінде кубик Рубик салынған қара жәшік әкелінеді.
Жеңілдіктер:
5 ұпай . Ойынның туған жылы-1974
4 ұпай. Егер белгілі бір жүйемен ойнамаса, нәтижеге жету үшін миллион жыл керек.
3 ұпай. Бұл ойын-стереометрияға, комбинаторикаға, бағдарламалауға көрнекі құрал болып табылады.
2 ұпай. Ойынды «Жүзжылдық ойыны» деп атаған. Алыс сапарға шыққанда таптырмас ермек. Сыртқы түрі-дұрыс көпжақ.
1 ұпай. 6 түсті 26 текшеден тұрады, автордың есімін иемденген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz