Сандар әлемі жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу

Сыныбы : 3 «Ә»

Пән мұғалімі : К. И. Умирзакова

Сабақ тақырыбы: Қосындыны санға бөлу

Сабақтың мақсаты :

а) қосындыны санға бөлу ережесін пайдалану білігін бекіту жұмысын жүзеге асыру, қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді ұйымдастыру. Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығарту

ә) Оқушылардың ақыл-ойын, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойын түрлерін пайдалану арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

б) cабақтағы белсенділікке, жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылыққа, шапшаң есептеуге, нақты жауап беруге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже : оқушылар қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін табады, топтық жұмыстар жүргізеді, өз ойларын еркін айтады.

Сабақ әдіс-тәсілдері : диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Оқуда қолданылған модульдер : СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс

Негізгі деректер, ресурстар: интербелсенді тақта, Power paint, оқулық, кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, бор, стикерлер, плакат, маркер

Сабақтың кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Негізгі деректер, ресурстар
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдас-тыру кезеңі
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу)

2. «Сандар әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы, төрт таңбалы сандар арқылы төрт топқа бөлемін. )

Бағалау критерийімен таныстыру (топтарға бағдаршамның көздері таратылып, сол бойынша әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалап отырады)

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Алдымен бір-бірімізбен амандасып алған соң, жанымызда тұрған досына, сыныптасына жылы сөздер айтады.

Оқушыларға шеңбер бойында тұрған бойда сандар таратылып, сол арқылы әр оқушы өз тобын табады.

Интербелсенді тақтада оқушыларға смайбарқылы бағалаумен танысады.

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта

Қима қағаздар, сандар

Интербелсенді тақта, смайликтер

Сабақтың кезеңдері: Қызығушы-лықты ояту
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1 . «Сен маған, мен саған» жаттығуы арқылы оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

2. «Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты сұрақтар беру

Оқушының іс-әрекеті:

Әр топ сағат тілімен үй тапсырманың орындалуын дауыстап айтып шығып, интербелсенді тақтадағы жазулармен салыстырады. бағдаршаммен бағалайды

Интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жылдамдатып жауап береді.

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта, дәптер, бағдаршам көздері

Интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың кезеңдері: Мағынаны тану
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. «Әрқайсысына затын табуға көмектес» жаттығуы арқылы өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (интербелсенді тақтада ертегілердің кейіпкерлері мен оларлға тиесілі өрнектелген заттардың суреттері бейнеленген. Әр топқа екі кейіпкерден белгіленіп, топтасып ауызша орындап, тақтада сызбамен белгілету)

2. «Разрядтық қосылғыштарға жіктейміз ба?» жаттығуы. ( интербелсенді тақтадағы берілген сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді орындайды, смайликтермен бағалайды)

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар интербелсенді тақтада, сонымен қатар әр топқа берілген суреттердегі өрнектерді шығарып, әрқайсысына өз затын табуға көмектеседі. Тапсырма ауызша орындалып, интербелсенді тақтада сызбамен бейнелейді. Әр топтың жауабын бағдаршаммен бағалап отырады.

Интербелсенді тақтада сандар беріліп, оқушылар оны разрядтық қосылғышқа жіктеп, жазады.

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта, суреттер, өрнектер, қима қағаздар, бағдаршам көздері

Интербелсенді тақта, сандар, бор, дәптер

Сабақтың кезеңдері: Ой қозғау
Уақыты: 20 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1 . « Мен білемін» жаттығуы (интербелсенді тақтада қосындыларды санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәнін табу, қалай шығарғандығы туралы айту. жауаптарын бағдаршаммен өзара бағалау)

3 . «Қызықты төрттік» жаттығуы. (оқушыларға таңдау тәсілімен тапсырмалар беріледі. Тапсырманы топтасып орындауға бағытталады. Жауаптарын топтар алдында қорғайды, өзара бағдаршаммен бағалайды)

Оқушының іс-әрекеті:

Топтарға берілген өрнектерді жазып, қосындаларды санға бөлу ережесін пайдаланып, мәндерін қалай тапқандарын әр топтан оқушылар шығып айтады.

Әр топтан бір оқушы шығып таңдау әдісімен өздеріне тапсырма алады. Топтасып плакатқа, дәптерге орындайды. Топтардың алдында әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Өзара бағдаршаммен бағалайды.

Негізгі деректер, ресурстар:

Интербелсенді тақта, қима қағаздар, плакат, маркер, бағдаршам көздері

Қима


Ұқсас жұмыстар
Қорғай білейік жаттығуы
Интербелсенді тақта
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу туралы
Тренер сөзі
Топта жұмыс істеу ережесі
Жылытқыш құралдар
Бөлшек әлемі математикалық сайысы
Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы
Абай- ұлы тұлға, кемеңгер ақын
Мамандықтар тізбегі жаттығуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz