Тамшыбұлақ демалыс лагері - тамаша демалыс мекені

«Тамшыбұлақ» демалыс лагері-тамаша демалыс мекені

Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін кезең. Жазғы демалыстың мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана -сезімдік, дүниетанымдық тұрғыдан дамуына, жетілуіне көмегі тиері сөзсіз. Сондай-ақ, бұл уақыт тән -тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, көзқарасының қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын тамаша мезгіл. Әйтсе де балаларды тынықтыра жүріп, шынықтыру мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды орын алады. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында Алматы облысы, Ақсу ауданының, Қапал ауылындағы Ғали Орманов атындағы орта мектеп базасынан аудан көлемінде 300 баланың тынығуына арналған жазғы демалыс лагері ашылды. Лагерьдің Қапалда орналасуы әрбір демалушы балаға демалыс күндерін тау бөктерінде, таза, салқын ауамен тыныстауға мол мүмкіндік береді. Қапалдың таза ауасы, қоңыр салқын жанға жайлы ауа райы, мөлдір суы мен тап-таза бұлақтары, өзендері бала әлеміне табиғат арқылы әсер етуге мол мүмкіндік береді. Шоқанның, Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың іздері қалған Қапалда қасиеті мол «Тамшыбұлақ» суы бар. Тамшыбұлақ суы әрбір демалушының жанына шипа болсын, жүрегіне тазалық пен қайсарлық дарытсын деген ниетпен лагерьге «Тамшыбұлақ» атауы берілді. Лагерь 19 шілде-16 тамыз аралығында 6 кезеңде жұмыс жасайды. Әр кезеңде 55 баладан демалады. «Тамшыбұлақ» лагерінің ашылуы шілде айының 25-інде болып, оған облыстық білім басқармасы басшының орынбасары Ж. Сүлейменова, аудан әкімі Ә. Далбағаев, аудан әкімінің орынбасары С. Қорғанбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы А. Досмухамбетов, «Жетісу сервис» құрылыс компаниясының басшысы Ә. Оспанов, Жетісу телеарна тілшілері, Облыстық Жетісу газетінің тілшісі Алма Есенбаева қатысты. Осы қуанышты ресми Лагердің ашылу туралы Облыстық Жетісу газетінің № 74
« 26 » маусым күні газетте ««Тамшыбұлақ» таңғажайып лагерь» тақырыбында мақала жарияланды.
Бұл күні қатысушылар демалушы балаларға жылы лебіздерін, тілектерін білдіріп, ауыл жұртшылығы мен балаларды қуанышқа бөлентті.
Демалуға келіп жатқан балаларың «Тамшыбұлақ» лагері тәрбиеленушілердің демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мына бағытта іс-шаралар атқарады:
- салауатты өмір салты;
- өлкетану және туризм;
- азаматтық, патриоттық және құқықтық тәрбие;
- экологиялық тәрбие;
- ата-бабалар мұрасын сақтау, дәріптеу;
- біз бақытты балдырған;
Аталған бағыттар бойынша міндеттер мен мақсаттар белгіленіп, жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Лагерьдің күнделікті жұмысы жоспар бойынша таңғы сағат 8. 00-ден ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жасаудан басталып, күні бойы түрлі іс-шаралар өткізіліп, түнгі сағат 22. 00-де ұйқыға жатумен аяқталады. Әр күні бекітілген маршрут арқылы «Тамшыбұлақ» тұма суынан ем қабылдап, күнделікті төрт уақыт тамақтан кейін жатар алдында денсаулықтарын нығайту мақсатында тоқсан тоғыз ауруға ем, ұлттық сусынымыз - қымыз ішеді. Сонымен қатар сағат 16. 00-17. 00 аралығында балалар лагерге арнайы салынған бассейініне түсіп, күнге қыздырынады.
Сондай -ақ, балалар лагерде демалумен қатар компьютерлерді пайдаланып, электронды оқулықтарды қолданып, ғаламтор желісіне қосылып ақпараттық ой-өрістерін дамытумен қатар, балаларға арналған түрлі әдеби кітаптармен жабдықталған кітапханада қызықты мәліметтер, ертегілер оқып, ой -өрістерін жетілдіруде. Алматы облысы «Жастар саясаты орталығы» КММ филиалы-«Ақсу ауданының жастары» жетекшісі Арай Ахмет, аудандық білім бөлімінің бас маманы Салтанат Айтқожақызы Қожанованың қатысумен
6 шілде күні Астананың 15 жылдық мерейтойына орай «Жасай бер, арайлы Астанам!» тақырыбында әдеби- музыкалық кеш жоғары деңгейде өткізілді. Аталған шара барысында аудандық әкімдік тарапынан балаларға алуан түрлі сыйлықтар беріліп, тәрбиешілер алғыс хаттармен марапатталды.
Ал ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Нұр Отан партиясы аудандық филиялының төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Тұрсынбекқызы Даулетбекова үш топ арасында өткізілген «Толағай» эстафеталық жарыста төрелік етіп, соңында балаларды сыйлықтар, медальдармен марапаттады.
2012 жылы Мектеп ауласында 58 шырша арнайы отырығызылған . Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, ағаш өсіру жауапкершілігін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында
2013-2014 оқу жылын үздік аяқтаған балаларға әр қарағайды бекітіп беріп, маңдайшаларға үздіктердің есімдері жазылды.


Ұқсас жұмыстар
«қош бол, қызықты айгөлек лагері!»
Саяхат Бұйрық рай айын,(-ейін) деп едім. Мезгіл үстеу
«баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»
Салауатты өмір салтымыз
Сабақтың типі. Сабақтың мақсаты
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Қазақстанның демалыс орындары. қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Жаз. қазақ тілі. 3сынып
Жайыққа тартсаң даңғыл бол
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz