Мақал-мәтелдер сайысы: Мақал - сөздің маржаны

Тақырыбы: Мақал - сөздің маржаны

Мақсаты:

1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.

2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар, слайдтар, суреттер

Өтілу барысы:

Құрметті оқушылар! Бүгін мектеп-гимназиямыздың туған күніне орай «Мақал - сөздің маржаны» тақырыбында өтетін сайысқа қош келдіңіздер!

Бұл сайысқа 4топ қатысады. Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.

Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ-қазыларды сайлап алсақ.

Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел - ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел - тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.

Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.

Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1-айналым: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал - мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал жазып шықса, ұпай саны да соған қарап қойылады)

2-айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»

(8 ұяшық берілген, ұяшық таңдайды, сол ұяшықтағы мақалды жалғастыру керек, дәл тапса, сол ұяшықтағы ұпай қоржынына түседі)

1. Балапан ұяда не көрсе . . . (ұшқанда соны іледі)

2. Өнер - ағып жатқан бұлақ, . . . (Білім - жанып тұрған шырақ)

3. Жақсының аты өлмейді . . . (Ғалымның хаты өлмейді)

4. Ақыл-тозбайтын тон . . . (Білім таусылмайтын кен)

5. Өнерлінің қолы алтын, . . . (өлеңшінің сөзі алтын)

6. Білегі күшті бірді жығады . . . (Білімі күшті мыңды жығады. )

7. Білгенің бір тоғыз . . . (Білмегенің тоқсан тоғыз)

8. Қына тасқа бітеді . . . (Білім басқа бітеді. )

3-айналым: «Даналық ойдан дән ізде» сайысы

Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды.

1- ұяшық: Киіміне қарап, қарсы алады,

Біліміне қарап шығарып салады.

2-ұяшық: Білген кісі тауып айтады,

Білмеген кісі қауып айтады.

3-ұяшық: Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

4-ұяшық: Cөз атасы - құлақ,

Су атасы - бұлақ.

4-айналым: «Не деу керек мұндайда?» сайысы

(Таңдау бойынша суреттер беріледі. Сурет мазмұнына қарай мақалдарды жазу керек)

Қорытынды.

Ата-бабадан қалған асыл мұра мақал-мәтелдерді ұмытпай, жадымызға сақтап жүрейік, балалар! Енді сөз кезегі қазылар алқасында.

Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларға рақмет айтамыз.

«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ

«Мақал - сөздің маржаны»

(ашық тәрбие сағаты)

Дайындаған: Қайдарова А. Х.

Имадилова А. Б.

Өскемен қаласы, 2014 жыл


Ұқсас жұмыстар
1001 мақал, 101 жұмбақ: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы тіл байлығын дамыту сайысы
Сөз атасы - мақал: мақал-мәтелдер және шешендік сөздер
Мың бір мақал: мектептегі мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру және өткізу жоспары
Табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сабағы (1001 мақал, 101 жұмбақ)
Мақал-мәтелдер арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу: тәрбие сағаты
Достыққа тәрбиелеу: өлеңдер мен мақал-мәтелдер арқылы
Мақал-мәтелдер тақырыбындағы қазақ тілі сабағының әдістемелік жоспары
5-сынып қазақ тілі сабағы: Мақал-мәтелдер - сабақ жоспары
1001 мақал, 101 жұмбақ: мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін дамыту
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ: 5 А сыныпқа арналған мақал-мәтел сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz