Логарифмдік теңдеулер: анықталу облысы және шешу әдістері

Сабақ тақырыбы : Логарифмдік теңдеулер
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға логарифмдік теңдеулерді шешудің әдістерін оқытып-үйрету.
- Логарифмдік теңдеулерді шешу үшін алдымен берілген логарифмдік функцияның анықталу облысын табу керектігін, логарифмнің анықтамасын және логарифмнің қасиеттерін қолдана алу дағдыларын арттыру, есептерді өз бетінше шығара алуы іскерліктерін арттыру.
- Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білім беру
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: топтық жұмыс, тест жұмысы, практикалық, сұрақ-жауап, деңгейлік, сәйкестендіру, проблемалық сұрақ, өз бетімен жұмыс
Сабақ принцптері: бірізділік, ғылымилық, өмірмен байланыстылығы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын түсіндіру
ІІ. 1. Ой қозғау
Мына қызықты қараңыз? «2 > 3»
1/4 > 1/8 бұл даусыз ақиқат
(1/2) 2 > (1/2) 3 , бұл да күмән келтірмейді.
Үлкен санға үлкен логарифм сәйкес келеді:
lg(1/2) 2 > lg(1/2) 3 ; 2lg(1/2) > 3lg(1/2) .
lg(1/2) -ге қысқартудан кейін: 2 > 3.
- Қай жерде қателік?
2. Сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа білім беру
- Топпен жұмыс. Төрт топқа бөлінген оқушылар логарифмдік теңдеу шешудің әдістерін талдап, қорғайды.
- Мұғалімнің жинақтап-қорытындылауы
IV. Жаңа сабақты бекіту
- Есептер шығару (7-9 слайдтар)
- Тест жұмысы
V. Қорытынды бөлім
№1 -1; 0; 1; 2; 4; 8 сандарының қайсысы log 2 х=х-2 теңдеуінің түбірі болады?
№2 Теңдеулерін шеш: а) log 16 х= 2; в) log 2 (2х- х 2 ) -=0;
г) log 3 (х-1) =log 3 (2х+1)
№3 у = log 2 (х+4) функциясының анықталу облысын тап
№4 Сандарды салыстыр: log 3 6/5 и log 3 5/6; log 0, 2 5 и . Log 0, 2 17.
VІ. Бағалау. Топпен жұмысты оқушылар бірін-бірі бағалайды
VІІ. Үйге тапсырма. Есептер шығару