2-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар: Абдрахман Асылбековтың өмірі мен шығармашылығы, Ақ тілек өлеңі

Қысқа мерзімді жоспар
А. Асылбековтың шығармаларына шолу жасай отырып, " Ақ тілек " өлеңінің идеясын түсіну.
- А. Асылбековтың "Ақ тілек" өлеңіндегі негізгі ойды түсінеді.
- Адамдардың арасындағы ақ тілек, жалпы тілек туралы түсінігі қалыптасады.
- Ақ тілекті жоғары бағалай алады.
"Миға шабуыл"әдісі, Әңгіме-дебат, "Дербес тілек", Топтық жұмыс.
1. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
2. СТО
3. АКТ
4. Оқушылардың жас ерекшеліктерін сәйкес оқыту және оқу
5. Оқыту және оқудағы жаңа әдістер
Сәлеметсіздер ме? Балалар, бүгінгі көңіл -күйлеріңіз қалай? Сыныпта бүгін кезекші кім? Сабақта кім жоқ?
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерін смайликтер жапсыру арқылы көрсетеді.
1. "Миға шабуыл"әдісі
Үш бидің қандай нақыл сөздерін білеміз?-деген сұрақ қояды.
А. Асылбековтың шығармаларына шолу жасау
Өлеңмен жұмыс. Әңгіме-дебат
-Сөздік жұмыс:
Ғалам - аспан әлемі
Аңғар- дала
3. " Дербес тілек " жазу тәсілі. Сыныптас досыңа тілек жазу
- Өлеңді мәнерлеп оқиды
- Мазмұнын талдайды
Ақын әрбір шумақтың неге байланысты айтылғанын түсінеді.
- Тізбек бойынша оқиды
- Адамдар ақ тілекті қай кезде айтады?-деген сұраққа әр топ әңгіме-дебат жүргізеді.
Дәптермен жұмыс
- Сыныптас досыңа тілек жазады, топта талдайды, ұнаған тілекті ортаға салады
-
4. Топтық жұмыс.
Өлең мен Төле бидің батасының арасындағы ұқсастықты табу
"Қар лақтыру "ойыны ойналады.
- Екі плакатқа автордың өлеңдері жазылады. Оқушылар арасындағы ұқсастықты табады. Ақ тілекті қай кезде айтады, батаны қай кезде береді және кімдер беретіні жайлы біледі.
- Берілген ақ қағазға әр оқушы бір сыныптасына арнап тілек жазады. Бір-бірлеріне лақтырады, тілекті оқып, кімнен келгенін эмоциясына қарап табады.
Кері байланыс, форма
тивті бағалау