Аққала орта мектебі (2014-2015 оқу жылы) VII сынып қыздары арасындағы Көрікті көктем аруы сайысының өткізу сценарийі

Аққала орта мектебі

Сыныбы: VII

Түрі: Сайыс

Дайындаған: Жансултанова Б

2014-2015 оқу жылы

C:\Users\Admin\Desktop\фото\Новая папка (5)\SAM_4600.JPG Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы».
Мақсаты: Білімділік
: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Деп жырлағандай бүгінгі « Көрікті көктем аруы» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді.
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
(Әділ - қазылармен таныстыру)
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Есқалиева Гүлнафис Маратқызы
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Қомашева Жаухазын Шафхатқызы

3. Тәлімгер - Ескаирова Гульзара Есжанқызы
4. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі - Науанова Жаңылсын Жақауқызы
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін. Сайыс 5 - бөлімнен тұрады. І. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
II. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
III. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу) .
IV. «Тіл жүйріктен де озады» - жасырылған сөзді тауып, үш тілде айту.
V. «Ас - адамның арқауы». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.
Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады
Келесі «Білімді мыңды жығар» сайысында
Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2. Қазақстанның Президенті кім? (Н. Назарбаев)
3. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ сақталатын тағам (құрт)
4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)

6. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурыз көже)
7. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік, қаймақ, май) .
8. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, алқа) .
9. Табиғи жүнді неден алады? (Қой, ешкі) .
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (Салат)
11. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш, жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
12. Абай Құнанбаевтың әжесі? (Зере) .
13. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз) .
14. Киелі құс (аққу)
15. Жеті күнді ата? (Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
Жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады, - дей келе «Өнерлі өрге жүзер», сайысымыздың келесі кезегіне берсек. (Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)
Жүргізуші: Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, - дей келе келесі кезек «Тіл жүйріктен де озады» - мақалды жалғастырып үш тілде айту.
1. Отанды сүю отбасынан басталады. (Отбасы - семья - family)
2. Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл. (Адам - человек - man)


Ұқсас жұмыстар
Көктем аруы-2013: мектеп оқушылары арасындағы арулар байқауының сценарийі мен өткізу жоспары
3-сынып оқушы қыздар арасындағы Көктем аруы мерекелік байқауының сценарийі
Новоишим қазақ орта мектебінің Көктем аруы 2015: 8-11 сыныптар арасындағы өнер, қолөнер және ұлттық тәрбие байқауы
№19 орта мектептің 2014-2015 оқу жылы Толағай сайысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектептің 2014-2015 ж. 7-сынып оқушылары арасындағы физика-астрономия сайысының өткізу жоспары
2014 жылғы 8 наурызға арналған Көктем аруы қыздар байқауының сценарийі
Ырғыз орыс орта мектебінің 2014-2015 оқу жылы 5-6 сыныптар арасындағы математикалық интеллектуалдық ойын-сайысы
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептің 2014-2015 оқу жылы 6-9 сыныптар арасындағы Әлем тілдері сөйлейді сайысы
Әнші балапан: №21 орта мектептің 1-сынып оқушылары арасындағы ән байқауы, Жаңаөзен қаласы, 2014-2015 оқу жылы
Көктем аруы қыздар сайысы: тәрбие сағаты бағдарламасы мен өткізу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz