Құралай сұлу

Тақырыбы: Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы 7 сынып

Пән мұғалімі : Г. Б. Шалдыбаева - І санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың міндеттері:

- шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін

меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

- оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдетіп, шығарманың

мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін таныту;

- шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркемдік-бейнелілік

құрылымын талдай білуге үйрету;

- оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық

мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;

- көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша

түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз

байлығын сауатты пайдалануға баулу;

- білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту,

өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру,

оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;

- өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері

туралы түсініктерін тереңдету.

Сабақтың жалпы жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4 минут

2. Ой қозғау кезеңі 6 минут

3. Мағынаны тану 25 минут

4. Ой толғаныс кезеңі 5 минут

5. Бағалау кезеңі 5 минут

Сыныбы: 7
Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні: 14. 03. 2014
Сыныбы: 7: Сабақтың тақырыбы
Пәні:Қазақ әдебиеті: Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы
Сыныбы: 7: Сабақтың мақсаты
Пәні:Қазақ әдебиеті: Поэма тақырыбына байланысты проблемалық жағдайлар туғыза отырып, оқушылардың тақырыпты өзі ашатындай бағыт беру. Оқушылардың ойлау, тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Бұрыннан бар ұғымдарын топтастырып, кеңейту, нақтылау, тереңдете түсу. Ой қорытындысын жасай білуге жаттықтыру.
Сыныбы: 7: Күтілетін нәтиже
Пәні:Қазақ әдебиеті:

1. Поэманың мазмұнын меңгереді.

2 . Кейіпкерлеріне мінездеме береді.

3. Композициялық жоспар жасайды.

4. Поэманың тақырыбы, идеясы, тілі туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

5. Шығарманы бағалай алады.

Сыныбы: 7: Түйінді идея
Пәні:Қазақ әдебиеті: Сұрақтарды дұрыс құрастыра білу - оқушыларды терең ойлауға жетелейді.
Сыныбы: 7: Сілтеме
Пәні:Қазақ әдебиеті: Презентация . Электронды оқулық. Бағалау парағы. Оқулық.
Сыныбы: 7:

Бірлескен

жұмысқа

негізделгентәсіл

Пәні:Қазақ әдебиеті: Мұғалімнің іс-әрекеттері
Күні: 14. 03. 2014: Оқушының іс-әрекеттері
Уақыт
Сыныбы: 7:

Сергіту

сәті

Пәні:Қазақ әдебиеті: Жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында жаттығу жасату.
Күні: 14. 03. 2014: Қозғалыс
2 м
Сыныбы: 7: Топқа бөлу
Пәні:Қазақ әдебиеті: Суреттер арқылы бөлінеді
Күні: 14. 03. 2014: Топ болып отырады
2 м
Сыныбы: 7: Тапсырма 1
Пәні:Қазақ әдебиеті:

ІІ. «Ой қозғау»

Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алдық па?

Поэма дегеніміз не?

Қандай поэмаларды білеміз?

Ақынның шығармасы несімен ерекшеленеді деп ойлайсыздар?

Күні: 14. 03. 2014: Оқулықтағы тақырыпты оқып шығу. Проблеманы тұжырымдау керек. Топ болып талқылайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Ізденіс жұмыстарын талдайды.
6 м
Сыныбы: 7: Тапсырма 2
Пәні:Қазақ әдебиеті:

ІІІ. Мағынаны тану.

«Рольдегі оқушылар» әдісі

Баяндаушы топ

І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап, қорғайды.

Талдаушы топ

ІІ топ: «Құралай сұлу» поэмасының тақырыбы, идеясы, ерекшелігі туралы ой қозғап, шығармаға композициялық жоспар жасайды.

Сипаттаушы топ

ІІІ топ: Кейіпкерлеріне тоқталу, мінездеме беру, іс-әрекеттеріне талдау жасау.

Жас әдебиетшілер тобы

IV топ: Шығарманың ерекшелігі, өздеріне ұнаған тұстары туралы әңгімелеу. Өздері ақынның орнында болған жағдайда шығарманы қалай аяқтауға болатыны туралы ой қозғау.

Күні: 14. 03. 2014:

Топ болып жұмыс жасайды. Әр оқушының пікірін, идеясын тыңдайды, қажет деп шешкендерін жазады. Әр оқушы өзінің не істегендерін айтып шығады.

І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап, қорғайды.

Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған.

9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Ол кішкентайынан "Домбырашы бала", "Әнші Иса " атанады.

1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. 1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә. Қашаубаев, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, т. б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М. Әуезовтің "Еңлік-Кебегі"мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнаған.

"Біржан-Сарада" Біржан рөлінде ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндірген.

Атақты "Гәкку" әні әншінің орындауымен ешбір өңдеусіз "Қыз Жібек "операсына енді. Радиода, филормонияда, Жазушылар Одағында қызмет етті.

Иса әйгілі "Құралай сұлу" дастанын шығарған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап, үгітшілік қызмет атқарған. Әкесі - Байзақ, әжесі - Жанбала, анасы - Ғазиза. Әнші

Ақын

Актер

Күйші Домбырашы

Сазгер

ІІ топ:

Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы «Құралай сұлу» поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ өлі сөзге жан бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастыра, ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз.

Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.

Өзеннің екі жағы қамысты көл,

Жайылып екі тарап болады сел.

Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,

Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.

Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп,

Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.

Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-ақ әрі қарай оқи бергің келеді.

Шығарманың композициялық құрылысы

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

ІІІ топ:

Негізгі кейіпкерлері:

Монтай би.

Келден бай.

Құралай сұлу.

Құралай сұлудың анасы.

Қалмақтардың ханы Сейқын.

Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр.

И. Байзақов портрет жасауда да қазақ сөзінің қаймағын тергіштеп қана қоймай, оны әсемдік пен әдемілік әлемінің жиһаздарындай етіп құлпыртып, құбылтып жібереді. Құралайдың сұлулығын «Жерде туып, көкте күнге нұрын қосқан» ғажайып құбылыс іспетті толғайды.

Екі бет уылжып тұр қаны тамып,

Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып,

Жас баланың аузындай кішкене аузын,

Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.

Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,

Ақылдан орнатқандай өлшеу алып.

Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,

Сұлулық есі кетіп


Ұқсас жұмыстар
Құралай сұлу поэмасы кейіпкерлеріне талдау жасау
С. Сейфуллин Ақсақ киік жайлы
Ел жайлауға қонғанда..
Қош бол, құтты Әліппе . сценарий
Сұлу дала
"Халық әні және опера"
Құстар - көктем жаршысы
"ана - өмір шуағы" ашық тәрбие сағаты
Иса Байзақов Жазғы кеш өлеңі
Ғажайып ертегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz