Физика пәні бойынша сабақ жоспары: Күш және деформация

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің физика пәні мұғалімі

Кармысова Алмагуль Ережеевна

Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Күш, деформация ұғымдарын, оның айырмашылықтары мен қасиеттерін түсіндіру, практикалық маңыздалығын ашу.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуын, есте сақтау қабілетін арттыру, өзбетінше қорытынды жасауға, өз-өзіне сынкөзбен қарауға машықтандыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шығармалықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен, жұппен, жекелей жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Ракетка, доп, ермексаз, динамометр, сызғыштар, электрондық оқулық.

Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1. «Ой қозғау».

2. Инсерт

3. Венн диаграммасы

4. Не білемін?Не білгім келеді?Не білдім?

Сабақтың құрылымы:

1. Қызығушылығын ояту.

2. Мағынаны ажырату.

3. Ой толғаныс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап.

Оқушылардың білімдерін тексеру үшін сұрақтарды экранға түсіремін.

Сұрақтар төмендегідей:

1. Дененің массасы дегеніміз . . . Белгіленуі . . . Өлшем бірліктері . . .

2. Қандай мысалдар келтіруге болады?

3. Екі дененің массаларының қатынасы . . . формуламен анықталды.

4. Заттың тығыздығы дегеніміз . . .

5. Формуласы, өлшем бірліктері . . .

6. Осы формулаларды пайдалана отырып, V-ді, m-ны қалай табуға болады?

1. 1г = . . . кг 100г= . . . г

2. 1кг= . . . г 50г= . . . кг

3. 1кг= . . . мг 5т = . . . кг

4. 1кг= . . . ц

Есептер шығару:

№1 есеп. Массасы - 4кг, көлемі - 200см металдың тығыздығы қандай?

№2 есеп. Бөлменің ұзындығы - 5м, ені 3, 5м, биіктігі - 2м. Егер осы бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?

ІІІ. Оқушылардың жауабын толықтыра отырып, үй жұмысын қорытындылау.

ІV. Жаңа тақырып

Оқушыларды екі топқа бөліп, оларға «Күш» және «Деформация» деген атаулар беремін.

І-кезең. «Ой қозғау» . Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіремін. Сосын олардың өз ойлары қандай екенін білу үшін Не білемін?стратегиясын қолданамын.

шамасы әр түрлі

Өмірде әрекет

Жылдамдық

сан мәні көп те аз да болуы мүмкін

ғылымда физиканың Исаак Ньютон

негізгі ұғымы Ғ бағытына байланысты

Күш және деформация туралы не білесіңдер?

Оқушылар өз топтарымен біріге отырып, білімдерін көрсетеді. Топ басшысы олардың білімдерін бағалап отырады.

V. Мағынаны ажырату

Не білгім келеді? Стратегиясын қолданамын.

Сынып оқушыларына топтарына қарай бүгінгі өткелі отырған «Күш» және «Деформация» тақырыптарының мәтінін бөліп беремін. Өз-беттерінше топпен бірге, одан кейін жұппен, сосын жекелей дайындалады. Соңында топтың ортасынан бір оқушы толық түсінігін айтып береді.

І-топ. «Күш тақырыбы».

ІІ-топ. «Деформация тақырыбы».

Тақырып бойынша ассоциация құрылады.

Оқушылар өздерінің топтарының арасында күш дегеніміз - денелердің өзара әрекеттесуін және сандық мәнімен бірге бағытымен сипатталатын физикалық шама екендігін, оны ашқан ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютон, өлшем бірлігі - Н(Ньютон) екендігін мысалдар келтіре отырып, түсіндіріледі. Әр түрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін әр түрлі күш түсіру керек екендігін де біледі. Мұғалім күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, бірнеше қосымша мысалдар келтіруіне болады. Мысалы:садақ ату, желдің жапыраққа әсері, магниттің шегеге, найза лақтыру, ауыр шкафтарды көтеру, бос арба мен су толтырған арбаны қозғалту. Әрі қарай оқушылардың өздеріне жауап беруге сұрақтар қоямын.

Белгілі бір уақытпен

Сөмкеңмен

Қаламмен

Жылдамдық ала отырып

Аяғына күш түсіресің

Белгілі бір бағытпен үйге барасың

Енді деформация туралы не білеміз?Топ басшысы кім айтатынын ескертеді. Оқушылар жауап береді. Сол жауаптары негізінде ассоциация құрамыз.

Оқушылар өздерінің дәптерлеріне:«Деформация деп - дененің пішіні мен көлемін өзгертуін айтамыз. Егер күштердің әрекеті тоқталғаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, пластикалық, ал егер пішіні мен көлемі өз қалпына келетін болса, ол серпінді деформация деп аталады» деп жазып алады.

IV. Ой толғаныс. Не білдім?

Топтарға сұрақтар қоямын.

1. Күш не арқылы болады?

2. Күш қандай шама?

3. Дене басқа денемен әрекеттескенде, ол санақ денесіне қатысты қалай қозғалады?

4. Деформация қалай пайда болады?

5. Оның қандай түрлері бар екенін білдіңдер?

6. Деформацияланған денені қалпына келтіретін қандай күш бар?

7. Егер үстел, еден, кітап, тақта, ыдыстар, қаламсап жұмсақ болса, әлемде өмір сүру қандай болар еді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз жауаптарын айтып, дәлелдейді.


Ұқсас жұмыстар
Физика пәні: Бақытты сәт - күш, деформация, динамометр және Гук заңы бойынша ойындық сабақ
Күш пен деформация: физика пәні десант сабағы - Батима Аханова, Опорный орта мектебі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Күш пен деформация: динамометр және Гук заңы бойынша ойын сабақ жоспары
Деформация және Гук заңы: 7-сынып физика сабақ жоспары
Физика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарлары: күш, жұмыс, қуат, энергия, инерция және қысым
Ашық сабақ: 7-сыныптар үшін физика пәні қайталау сабағы - негізгі ұғымдар, қысым және ығыстырушы күш
Физика пәні: Үйкеліс күші бойынша сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Күш пен деформация: Гук заңы, динамометр және бір түзудің бойындағы күштерді қосу
Күш ұғымы және өлшем бірліктері: физика сабағының сабақ жоспары
7-9 сыныптарға арналған физика сабақтарының оқу-әдістемелік жинағы: Тығыздық, Күш пен деформация, Газдардағы ток, Агрегаттық күйлер, Томсон формуласы, Ампер күші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz