Түстер палитрасы

Пән Информатика сынып 5 Күн і 14. 12. 13 ж.
сабақ №: 14
Тақырып: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.
Мақсат:
Білімділік - оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.
Дамытушылық - оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
Тәрбиелік - жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға
Сабақ түрі : аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, интерактивті тақта, My test бағдарламасы.
Сабақ барысы
Оқушылардың
іс - әрекеттері
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
(Сұрақ-жауап әдісі бойынша)
- Дискілерді қалай пішімдейді?
Мойкомпьютер→Форматировать→Быстрое→Начать
- Объектіні сыртқы тасымалдаушыға көшірудің неше жолы бар?
3 жолы бар: копировать, отправить, тышқан көмегімен жылжыту арқылы.
- Объектіні корзинада қанша уақыт сақтауға болады?
Корзинадан оны жойғанша немесе қайта қалпына келтіргенше.
- Корзинадағы объектілерді көру үшін не істеу керек?
Корзина қапшығының белгішесінде екі рет шертіп, оны ашу керек.
- Корзинадағы объектіні қалай қалпына келтіреді?
Объектіні белгілеп Файл-Востановить командасын орындау арқылы.
- Корзинаны қалай тазалайды?
Корзинаны ашып, Очистить корзину командасын орындау арқылы.
- Дискілерді пішімдеудің неше әдісі бар?
Пішімдеудің екі әдісі бар: толық және тез.
- Файлдар корзинадан қандай мақсатпен жойылады?
Жаңа бағдарламалар мен құжаттарға орын
босату үшін.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындары:
- Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т. б. ) ;
- Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар) .
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint ( ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.
Пиксель ( ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
- Іске қосу (Пуск)батырмасын шертіңдер.
- Бас менюденПрограммалар (Программы)командасын таңдаңдар.
- Ашылған бағыныңқы менюденСтандарттыкомандасын таңдаңдар.
- Келесі бағыныңқы менюденPaint графикалық редакторынтаңдаңдар.
Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:
Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint
(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік - сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы - құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі - біз онымен сурет салатын түс және қосымша - бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі - қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.
! Түйін
- Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар қолданылады.
- Растрлық бейнелерді Paint стандарттық программасында өңдеуге болады.
- Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі - пиксель.
- Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы 10 түс қосуға болады.
А деңгейі
- Жаңа сурет салыңдар (Paint - Құрубатырмасы) .
- Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10X15 см етіңдер.
- Белсенді түстерді таңдаңдар.
- Қылқаламды,Қарындашсайманын,СызықжәнеСопақ (Овал)фигураларды пайдаланып сурет салыңдар. Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшінМаштабсайманың қолданыңдар.
- Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл - алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл - қажетті түсті - фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.
- Суретті өз бумаларыңда Ойыншықтар. bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі.
- А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
- Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар.
С деңгейі
- В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
- Суретке мәтін қосыңдар.
Көз жаттығуын орындайық. (презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар. ppt
- Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
- Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
- Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
- Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
- Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
Тест
- Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
Ә) Оқу, кітап
Б) Сурет, сурет салу
В) Музыка, ән салу
- Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
Ә) Нүктелерден
Б) Сызықтардан
В) Символдардан
- Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?
А) . bmp
Ә
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz