8-сынып: Жылу құбылыстарын қайталау - ішкі энергия, жылу беру түрлері және энергияның сақталу заңы

Сабақтың аты: Қайталау сабағы
Жалпы мақсаты : Жылу құбылыстары бөлімін қайталау арқылы оқушылардың есте сақтау және
сөйлеу қабілетін дамыту. Топ бойынша критериалды бағалау арқылы үлгерімі
нашар оқушылардың топта белсенділігін арттыру
Күтілетін нәтиже : 1. Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі туралы біледі.
2. Алған білімдерін тапсырмалар орындауда қолдана алады.
3. Үлгерімі нашар оқушылардың топта белсенділігі артады.
Негізгі идеялар : Ішкі энегия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері. Жылу берілудің түрлері.
Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның айналу және сақталу
заңы. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Ауаның ылғалдылығы .
Термодинамиканың 1-ші заңы. Жылу процестерінің қайтымсыздығы.
Дереккөздер: Физика 8 сынып авторы: Б. М. Дүйсембаев, Г. З. Байжасарова, А. А. Медетбекова;
Талапкер 2015, 2016ж ; Әдістемелік нұсқау 8 сыныпқа арналған; Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ .
Ресурстар: 1. Есептер жазылған, суреттер көшірілген жәнеформулалар жазылған А-4 ақ
қағаздар, фломастерлер, стикерлер.
2. Интерактивті тақта «видеоролик», слайдтар.
Сабақ барысы:
- Үй тапсырмасын тексеру . §27, 28. Миға шабуыл (Ашық -жабық сұрақтар)
- Жылу құбылыстары тақырыбын қайталау
Түстер арқылы 3 топқа бөлу.
- Формулалар сыры (әр топқа формулалар беріп, осы формулалар бойынша сөйлеу)
Формулалар талданып болғаннан кейін, топты критериалды бағалау.
- Есептер шығарайық . ( Айтылым дағдысын қалыптастыру ) . Әр топқа есептер беріп, шығарған есептерін талдау.
Есептер шығарып, талдап болғаннан кейін, топты критериалды бағалау.
- Суреттер сөйлейді. ( Айтылым дағдысын қалыптастыру ) . Әр топқа екеуден өткен тақырыптар бойынша суреттер беріп, осы суреттер бойынша сөйлеу.
Осы суреттерді талдап болғаннан кейін, топты критериалды бағалау
- Электронды оқулық бойынша түсіндірмені тыңдай отырып, түсінген тақырыбын қайта түсіндіре алуы. (Тыңдалым дағдысын қалыптастыру)
Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топты критериалды бағалау.
- Сабақты қорытындылау . Әр топтың жинаған ұпайын хабарлау.
- Кері байланыс: Қандай тапсырмалар саған қиын болды? Оқушылар стикелер арқылы өз ойларын білдіреді.
- Үй тапсырмасы: Қайталау (Жылу құбылыстары бөлімі)