Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қайраттың жазу дәптері

Сабақтың тақырыбы : Қайраттың жазу дәптері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары
туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына,
өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін
дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім----------------Балалар(хормен)
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, бүгінгі ана тілі сабағы ерекше. Өйткені, сендердің білімдеріңді, біліктеріңді бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
З. Ата - ананы құрметтеу туралы Қайқаус
1.Оқыту,мазмұнын сұрау
2.Қосымша сұрақтар қою
Ойын <<Білімді бәрін жеңеді>>
Перзент-бала, парасат-сана,ақыл-ой, қаяу-реніш
Қайталау-білім анасы
Ыбырай Алтынсарин 1841-1889
Ахмет Байтұрсынұлы 1873-1938
Абай Құнанбаев 1845-1904
Міржақып Дулатов 1885-1935
Спандияр Көбеев 1878-1956
Сөзжұмбақ шешу
1. Рәміз. ту
2. Қазақтың ханы. Тәуке
3. Жыл басы. наурыз
4. Киелі сан. жеті
5. Бұрынғы астана. Алматы
6. Ресей халқы. орыс
7. Алып жануар. піл
8. Қасиетті ай. рамазан
9. Мұз айдыны. медеу
10. Жыртқыш құс. бүркіт
11. Қазақстан қаласы. Өскемен

- Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік.
- <<Тәуелсіздік>> сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу).
- Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды? (жауап алу)
- Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан - Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.
- Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (21 жыл).
- Тәуелсіздікті қашан алдық?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда.
- Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.
- Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың <<Он алтыншы желтоқсан>> деген өлеңімен танысамыз.
- Ендеше, дәптерімізді ашамыз.
Салақтықтан қашамыз.
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жады, тақырыпты жазу)

Сұрақтарға жауап аламын
1. Өлең неліктен <<Он алтыншы желтоқсан>> деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке? (оқушылардан жауап алу).
- Ендеше, дәптерімізді ашамыз.
Желтоқсанның он бірі
Тұманбай Молдағалиев
Он алтыншы желтоқсан
Қайраттың жазу дәптерінен
3.Тұманбай Молдағалиевпен таныстыру
4.Өлеңмен таныстыру
Он алтыншы желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
3.Суретпен жұмыс
4.Ой толғаныс
-Тәуелсіздік сөзінің мағынасы қандай?
-Тәуелсіздікті қашан алдық?
IV. Сергіту сәті.
- Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың <<16 желтоқсан>> өлеңімен таныссақ, басқада ағаларымыз <<Желтоқсан>> оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі <<Желтоқсан желі>> әнін біз қазір үнтаспадан тыңдайық, Әбирбек Тінәлиевтің орындауында.
Үн таспадан тыңдау
- Міне, балалар жаңа біз әнді тыңдап отырып, видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.
- Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты. Сол желтоқсан оқиғасының ішінде біздің ауылдас ағаларымызда болды.
Олар: Сарболаев Абзал, Шәудірбаев Ғабит, Қашығұлов Жәнібек, Озғанов Саттар т.б. ағаларымыз болды.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан
Тарихы оның тым әріден басталған
Бостандықтан құтқарам деп елімді
Талай боздақ қара жерді жастанған - демекші, біздің көптеген аға - апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды.

- Біздің осы аға-апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті.
Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамызға ерекше тоқталамыз.
Қайрат Рысқұлбеков
Жан сыры.
- Осы абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.
- Ендеше, бүгін бізге де <<Қайраттың жазу дәптерінен>> үзінді берілген екен. Сонымен танысайық.
(тақырыпты жаздыру)
1. Өзім оқулықтан оқып беремін.
2. 2 оқушыға оқытамын.
3. Сұрақтарға жауап алам.
а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар? (оқушылардан жауап алу)
Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.
Қайраттың өмірден өткеннен кейінгі өмірі.
- Міне, оқушылар қазір біз Қайрат ағамыздың сөзіне, ісіне қарап сипаттама берейікші.

V. Сабақты қорыту.
1.- Біз бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Не білдік?
Сандардың сырын айтсақ, артынан бүгінгі сабағымыздың қорытынды, түйінді сөз шығады.
2.Поэзия минуты
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың,
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын.
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп,
Алатаудай көкке өрлеген азатпен.
Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
3.<<Бәрін білгім келеді>>
---1991 жылғы 1 желтоқсан - бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
----1991 жылғы 16 желтоқсан - Республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы>> заң қабылданды.
------1992 жылғы 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.
------1992 жылғы 11 желтоқсан - Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік ӘНҰРАНы бекітілді.
------1995 жылғы 15 қараша - Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді.
-----. 1995 жылғы 30 тамыз - еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
Үйге тапсырма1.<<Он алтыншы желтоқсан>> өлеңін жаттау
2. <<Қайраттың жазу дәптерінен>> мазмұнын айтуға дайындалу VI. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Қайсар рухты батыр
Желтоқсан оқиғасының ақиқаты
Тәуелсіздік мерекесі
Орта мерзімді жоспар 5-сынып қазақ тілі
Формулаларды еңгізу
Қайратым – қайсарым
Желтоқсан жаңғырығы
Тәуелсіздік таңы атты , 3 сынып
Неше сан жаздыңдар
Желтоқсан айы
Пәндер