Тіл білімінің салалары

Қазақ тілі пәнінен факультатив бағдарламасы
Шаған ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жолдасқалиева Г. Ж
Бағдары: қазақ тілі
Факультативтің білім мазмұнының құрылымындағы орны: қазақ тілі пәні бойынша "Практикалық қазақ тілі"
Сыныбы: 5-сынып
Ұсынылып отырған факультатив бағдарламасы 1 жылға арналған. /5-сыныпқа аптасына 1 сағаттан/ барлығы 34 сағатқа арналып жазылған.
Түсінік хат
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.
"Практикалық қазақ тілі" факультативінің мақсаты - ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
- оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;
- тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеу;
- теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кеңесбаевтың, Ғ. Мұсабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі", А. Ысқақовтың "Қазіргі қазақ тілі" /морфология/, М. Балақаев пен
Т. Қордабаевтың "Қазіргі қазақ тілі" /синтаксис/ атты еңбектері пайдаланылды.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Факультативтің жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;
4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау;
Қорытындылау: оқушылардың білімі әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.
Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені білу керек:
- қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;
- білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
- талдау машығының жоғары болуы;
- орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
- салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйрену керек:
- тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
- грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
- сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;
- деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;
ББД деңгейін тексеру:
1. Өзіндік жұмыс
2. Тест жұмыстары
3. Талдау жұмыстары
Оқу-әдәстемелік кешендер:
1. Дидактикалық материалдар
2. ҰБТ жинағы
3. Электронды оқулықтар
Факултатив бағдарламасын меңгергеннен кейін оқушылардан күтілетін нәтиже:
- салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
- практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;
- сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы;
"Практикалық қазақ тілі" факультативі бағдарламасының мазмұны
Барлығы - 34 сағат
Апталық сағат саны - 1 сағат
1- тақырып. Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары. Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы түсініктерін кеңейту.
2 - 3- тақырып. Фонетика. Дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары.
4 - 5- тақырып. Дауыссыз дыбыстар, емлесі.
6 - тақырып. Орфография мен орфоэпия. Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері.
7-8 - тақырып. Үндестік заңы. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. Сингармонизм заңы.
9 - тақырып. Буын. Тасымал. Екпін. Буынның түрлері. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін түспейтін буындар.
10 - тақырып. Тест жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.
11 - тақырып. Лексиканың салалары туралы.
12-13 - тақырып. Қолдану аясы шектеулі сөздер Бір-бірінен ажырата білу.
14 - тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.
15-16 - тақырып. Сөз мағынасы. Антоним. Синоним. Омоним.
17 - тақырып. Тест жұмысы. Лексика бөлімін қорытындылау.
18 - тақырып. Сөзжасам. Сөз құрамы.
19 - тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.
20 - тақырып. Морфология. Сөз таптары. Зат есім.
21- тақырып. Сын есім. Түрлері. Қызметі.
22 - тақырып. Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Емлесі.
23- тақырып. Есімдік. Есімдіктің түрлері.
24 - тақырып. Етістік. Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.
25 - тақырып. Үстеу. Түрлері.
26 - тақырып. Одағай. Түрлері.
27 - тақырып. Шылау. Атқаратын қызметі.
28 - тақырып. Тест жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін қорытындылау.
29 - тақырып. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.
30 - тақырып. Сөйлем. Түрлері.
31 - тақырып. Сөйлем мүшелері.
32 - тақырып. Бірыңғай мүшелер. Ерекшелігі.
33 - тақырып. Тест жұмысы. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.
34 - тақырып. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткенді қайталау.
Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:
1. Ш. К. Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006
2. Қ. Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007
3. «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»
4. Ж. Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007
5. Р. Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары
7. «Жайық ұстазы» газеті
8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»
9. М. Томанов: "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы" А-1988 ж.
10. М. Әуезов: "Абай жолы"
Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ш. К. Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006
2. Қ. Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007
3. Ж. Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007
4. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы
5. Б. Тоғысбаев, А. Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы, 2006
6. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2005
7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008
8. Қазақтың би-шешендері
9. Газет, журнал материалдары
10. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»
11. Мақал - мәтелдер жинағы
12. Диалектологиялық сөздік
13. 5- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz