Ж дыбысы мен әрпін меңгерту: тренинг түріндегі әліппе сабағы

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:Ахметқалиева Н. С

20. 10. 2013жыл

Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты : 1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Тренинг сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, кесте, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.
- Балалар, біздің бүгінгі Әліппе сабағымыз тренинг түрінде өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер :
1. Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.
Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес » деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.
ІІ Өткен сабаққа шолу.
- Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- Ы дыбысы қандай дыбыс?
- Бағандағы сөздерді оқыту.

1-тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында Ы дыбысы бар суреттерді табу.

Сандық, арыстан, тырна, көбелек, қасқыр, қоян, тоқылдақ
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Сәлем қоңыз

-ж-ж-ж Сәлем құмырсқа

-Қайдан келесің?

-ж-ж-ж-Егістен . Балаларыма тамақ әкелемін.

-Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады? Бірге айтамыз.

-Ж-ж-ж -Ж-дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз.
Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2-тапсырма: Тағы да қандай сөздерде Ж дыбысы бар екен, есіңе сақта, назар салып тыңда.

І топ Жолбарыс, жұмыртқа ІІ топ: Жүзім, жүгері ІІІ топ Жылан жапалақ

3-тапсырма:

І топ Жолбарыс 8 дыбыс 3<5

ІІ топ: әже 3 дыбыс 2>1

ІІІ топ Жапырақ 7дыбыс 3<4

Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі.

4-тапсырма: « Жаңа буындар қонақта »
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА ЖО ЖУ
5-тапсырма « Тез, әрі сауатты оқиық! »
Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып, әр сөзге түсінік беру.
жаға- сырт киім мен көйлек-көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.
жаса- бір нәрсені дайындап, істеп шығару.
жота- биік жер, төбе немесе малдың арқасы, жоны.
жантақ- түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.
жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.
- Балаларға хормен оқыту.
Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім « Жусан »мәтінін оқып, түсіндіреді.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
6-тапсырма Ойын: «Ойлан, тап»

Сандардан ж дыбысынан басталатын санды табу.

2 7 3 20 4 70

7-тапсырма Ойын: «Кім тапқыр?» Балалар, ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?

Көбелекке кәдімгі,

Қарасаңыз анықтап.

Жаны бар Ж ұшып жүр.

Жапырақша қалықтап.

9. Сергіту сәті.

Бір, екі, үш.

Қолға жинап күш.

Қағаз, қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Көркем жазу.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
- Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
- Ж әрпін ауада жазу.
- Ж әрпін дәптерге көркем жазу.
І топ Жаға

ІІ топ: жаса

ІІІ топ жалау сөздерін жаздыру.

ІV. Қорытындылау, мадақтау.
10. « Ұйқасын тап! » ойыны.
І топ:- Іші толған шәрбат, ІІ -топ: -Сырты қандай қатты,
Дәмі қандай әйбат, Дәні сондай тәтті,
Үзесің бірден жүзін, Шағып қара таңдап,
Оның аты- …( жүзім ) Оның аты- …( жаңғақ )
ІІІ-топ -Құйрығы он қарыс,

Бұл- айбатты …(жолбарыс )
Ү. Үйге тапсырма: Ж дыбысы мен әрпі. Жеті атасын біліп келу.


Ұқсас жұмыстар
Әліппе сабағы: Ж дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы: Ж дыбысы мен әрпін оқыту
Ж дыбысы мен Ж әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Б дыбысы мен әрпі: саяхат түріндегі әліппе сабағының жоспары
Ж дыбысы мен әрпін оқытуға арналған бастауыш сынып сабағы
1-сынып, Әліппе: М м дыбысы мен әрпін таныстыру және дыбыстық-буындық талдау сабағы
Сабақ жоспары: ь дыбысы мен әрпін таныту және меңгерту
Е дыбысы мен әрпін меңгерту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныптар үшін Ж дыбысы мен әрпін оқыту бойынша сабақ жоспары
І дыбысы мен әрпін меңгерту: бастауыш сыныпта оқу, жазу және тіл дамыту сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz