Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Есірткі қолданудың себептері

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда - дей отыра бүгінгі сабақты бастаймын.

Тақырыбы: Есірткі - жас өмірді улаушы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Тәрбиелік бағыты: зиянды заттардан аулақ болу. Әдісі: топтық жұмыс, пікіралмасу, сұраққа-жауап. Көрнекілігі: үлестірмелер, слайдтар, көрнекіліктер. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру
Тәрбие сағатының барысы: І. Кіріспе бөлім. (мұғалімнің сөзі) - 3 ІІ. Негізгі бөлім. 1. Ой қозғау - 3 2. Мағынаны тану - 7 3. Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама <<2- кейіпкердің әңгімесі>> - 6 4.Топтастыру - 5. ІІІ. Қортынды бөлім 5. Тест - 5 6. <<Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!>> - 7-8 IV.Бекіту бөлімі. а.Ұзақ өмір сүрудің алғы шарттары, Есірткі- жас өмірді улаушы ә. <<Өзім үшін жазу>> әдісі:
Кіріспе бөлім:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі - салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.

1.Ой қозғау (Екі топқа да ортақ бір сұрақ қою, оған жауап алу) Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
Темекі Нашақорлық
Кері ықпал тигізетін әрекеттер
Тәртіпсіздік
Ішімдік

Уақытты тиімді пайдаланбау Күн режимін сақтамау
2. Мағынаны тану Есірткі туралы жалпы мағлұмат баяндама Аяжан
Грек тілінде << ұйқы>> мағынасын білдіретін <> сөзі ағылшын тілінде << narkotik>> деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштан-дыратын, сергітетін заттар да бар.
Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе - теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
Адамның әрекеттерінде, ой - сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини.
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті базарда да сатып алуға болады. Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады. Бір пайдалансаң жайың жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды. Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
Оқушыларды екі топқа топтастыру: 1 - Топтың жұмысы
Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын - сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын - сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.
2-топтың жұмысы: Нашақорлардың негізгі белгілері
Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:
Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;
Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Солғын, ұйқылы - ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;
Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
Көз қарашықтарының үлкеюі;
Нашақорлардың жаргон тілін білуі;
Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.
Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.
Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды
Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама <<2- кейіпкердің әңгімесі>>
oo Біз есірткі туралы азғантай болсада мағұлмат алдық, енді, біздің бүгінгі сабағымыз сендер сияқты ақылды жастардың бұндай іс-әрекетке бармауы үшін, мыны бір жанның өз өмірі жайлы баяндаған әңгімесін тыңдап көрейік. (Бұл кейіпкердің рөлінде - Ахметова Мариям)
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата - анамның тіпті ұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман - есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.
oo Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? (Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)
oo Егер, балалар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрейік. (Бұл кейіпкердің рөлінде - Хамзина Әлимаш Сейфуллақызы)
Менің ата - анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата - анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан - кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір - екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата - анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Әзір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Екі адам, екі тағдыр. Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерлерімізді нашақорлыққа итермелеген не? Топтастыру:
Жұмыссыздық
Ортаның әсері
Маскүнемдік

Нашақорлыққ
Тұрмыстық жағдайдың нашарлығы
Ата-ананың баласына уақыт бөлмеуі

Экономиканың құлдырауы

Рухани құлдырау
Мемлекет тарапынан шара болмауы

Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік.
Зардабы
Денсаулығын жоғалту, өлім
Қылмыс жасау, жауапқа тартылу
Ұзақ уақыт емделу, қаржылай шығындану
Қоғам үшін керексіздік, жұмысқа жарам-сыздық
Ата-анаңа, туыстарына қайғы әкелу

Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық.
5. <<Тән сұлулығының тамыры - тазалықта, жан сұлулығының тамыры - тән саулықта>> деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің алға қойған мақсатымыз: зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді - азаматтар мен азаматшалар болып өсу.
5 - кезең Тән саулығыңыз қалай?
1) Дене шынықтырумен жиі айналысасыз ба?
А) Аптасына 4 рет
Ә) Аптасына 2 - 3 рет
Б) Аптасына 1 рет
В) Шұғылданбаймын

2) Күн бойына қанша шақырым жаяу жүресіз?
А) 4 шақырымнан артық
Ә) 4 шақырымға таяу
Б) 1, 5шақырымнан аз
В) 700 метрден аз

3) Сабаққа, дүкенге сіз....
А) Ылғи жаяу барамын
Ә) Әр кез жаяу барамын
Б) Жарты жолды жаяу жүремін
В) Ылғи көлікпен барамын

4) Демалыс күндері сіз...
А) Сағаттап үйде жұмыс істеймін
Ә) Күн ұзаққа серуендеймін
Б) 1 - неше рет азды көпті серуен жасаймын
В) Күн ұзағына кітап оқимын, теледидар көремін

Жауаптың балы: А) 4 Ә) 3 Б) 2 В) 1 Сұрақтың жауаптары: 18 және одан көп балл; сіз ширақ және сау адамсыз
12 - 18 балл мүмкіндігінше белсенді денсаулығына оймен қарайтын адамсыз
8 - 12 балл сізге дене тәрбиесімен ерекше айналысу керек
8 - және одан төмен балл жалқау өз денсаулығына немқұрайлы қарайсыз. Міндетті түрде шынықтыруды қолға алуыңыз керек.
6 - кезең <<Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!>>
"Темекі " сөзіне мақал - мәтел құрау
Т - тазалық денсаулық кепілі
Е - екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені
М - маскүнем арақтан өледі
Е - ескермеген ауру жаман,
К - күлкі денсаулық кепілі
І - ішің ауырса аузыңды тый
6. <<Тәні саудың - жаны сау>> (сұрақ - жауап)
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты - спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда <<денсаулық әкелуші>> деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)

<<Өзім үшін жазу>> әдісі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сендер бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы өз ойларыңды жазып мұда ілесіңдер, Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: Үндеу!
Құрметті оқушылар! Бойларыңдағы бар қабілеттеріңді тек жақсылыққа бағыттай біліңдер. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңдар. Бойыңды ластамай, жан - дүниеңді таза ұста. Бос уақытыңды пайдалы іске арна. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың - өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе - арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе - темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе - нашаға әуестенбесін!

Тән саулығыңыз қалай? Тест тапсырмасы

1) Дене шынықтырумен жиі айналысасыз ба?
А) Аптасына 4 рет
Ә) Аптасына 2 - 3 рет
Б) Аптасына 1 рет
В) Шұғылданбаймын

2) Күн бойына қанша шақырым жаяу жүресіз?
А) 4 шақырымнан артық
Ә) 4 шақырымға таяу
Б) 1, 5шақырымнан аз
В) 700 метрден аз

3) Сабаққа, дүкенге сіз....
А) Ылғи жаяу барамын
Ә) Әр кез жаяу барамын
Б) Жарты жолды жаяу жүремін
В) Ылғи көлікпен барамын

4) Демалыс күндері сіз...
А) Сағаттап үйде жұмыс істеймін
Ә) Күн ұзаққа серуендеймін
Б) 1 - неше рет азды көпті серуен жасаймын
В) Күн ұзағына кітап оқимын, теледидар көремін

Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік:
Қызығу:
Ойын - сауық орындары:
Қысым:
Әуестік:
Мода:

Баяндама
Есірткі туралы жалпы мағлұмат
Грек тілінде << ұйқы>> мағынасын білдіретін <> сөзі ағылшын тілінде << narkotik>> деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштан-дыратын, сергітетін заттар да бар.
Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе - теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
Адамның әрекеттерінде, ой - сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини.
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті базарда да сатып алуға болады. Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады. Бір пайдалансаң жайың жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды. Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

Тайжан А.Б
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата - анамның тіпті ұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман - есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.

Әлимаш
Менің ата - анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата - анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан - кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір - екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата - анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Әзір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.

Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын - сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын - сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.

Нашақорлардың негізгі белгілері
Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:
Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;
Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Солғын, ұйқылы - ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;
Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
Көз қарашықтарының үлкеюі;
Нашақорлардың жаргон тілін білуі;
Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.
Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.
Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды

Ұқсас жұмыстар
Сіздер салауатты өмір сүруге бейімделіп келе жатқан жансыздар
Көрдіңдерме балалар
Темекінің зияндары
Қызыл қалпақ
Ғасыр індетінен сақтанайық
Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
"есірткі - адамның қасы, аурудың басы."
Темекі тарту
Зиянды әдеттерден сақ болайық
Біздің ойымызша жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін зиянды әдеттер
Пәндер