Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Адам денесінің ішкі мүшелері

Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті
4 - сынып
Дүниетану 1 - нұсқа
Оқушының аты-жөні_______________________________________________________________________________
Аудан, мектеп атауы _______________________________________________________________________________
Тест өткізілген күн, ай, жыл___________________________________________________________________________

1.ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?
а) 1990 ж ә) 1991 ж б) 1992ж
2. <<Әнұран>> сөзі қандай мағына береді?
а) салтанатты ән ә) көңілді ән б) ана туралы ән
3. Тірі табиғатқа не жатады?
а) ауа, тас ә) күн, су б) өсімдік, қоян
4. Табиғат қандай болады?
а) тірі және өлі табиғат ә) тек тірі табиғат б) тек өлі табиғат
5. Қазақстанның астанасы қалай аталады?
а) Ақмола ә) Целиноград б) Астана
6. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың атауы?
а) Қызыл кітап ә) Жасыл кітап б) Қара кітап
7. Отбасына кімдер кіреді?
а) достар, мұғалімдер ә) нағашы, жақын б) әке-шеше, ата-әже, туыстар
8. <<Наурыз>> сөзі қандай мағына береді?
а) туған күн ә) табиғат б) жаңа күн
9. Біз тұратын құрлық?
а) Австралия ә) Еуразия б) Африка
10. Өзен, көл, теңізде тіршілік ететін өсімдік?
а) жантақ ә) бақбақ б) балдыр
11. Отбасында ер адамның міндеті?
а) тамақ жасау, үй жинау ә) білім алу, оқу
б) отбасын асырау, үйдегі ауыр жұмыстарды атқару
12. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
а) әктас, бор ә) мұнай, газ б) темір, мыс
13. Адамның негізгі дене мүшелері:
а) бас, мойын, кеуде, аяқ, қол ә) жүрек, бауыр, өкпе б) көз, мұрын, шаш
14. Қаңқаның негізгі қызметі қандай?
а) денені күту ә) дененің тірегі б) дене сымбаттылығы
15. Мұрын қандай мүше?
а) сипап сезу ә) дәм сезу б) иіс сезу
16. Қоршаған ортадағы барлық нәрселер қалай аталады?
а) заттар ә) денелер б) құбылыстар
17. Денелер қандай екі топқа бөлінеді?
а) тірі және өлі ә) үлкен және кіші б) табиғи және жасанды
18. Қайсысы қатты кен жынысына жатады?
а) құм мен саз ә) гранит пен тас көмір б)газ, мұнай
19. Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?
а) қойма ә) кеніш б) жер қойнауы
20. Сүйектерді не қозғалысқа келтіреді?
а) буын ә) тері б) бұлшық ет
21. Ересек адамның организмінде қанша литр қан болады?
а) 5-6 литр ә) 3-4 литр б) 10-12 литр
22. Адам өміріне не қажет?
а) доп, сағат, үстел ә) ауа, жарық, су, жылу, қорек б) айна, көбелек, тоғай
23. Адам денесінің ішкі мүшелері?
а) өкпе, бауыр, ішек, жүрек ә) қаңқа, бұлшық ет, тері б) бас, мойын, кеуде
24. Мына өрмекші тәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіпті?
а) өрмекші ә) бүйі мен қарақұрт б) қанқыз
25. Ауа температурасы +15,+20 градусқа жеткен кезде отырғызылатын қандай өсімдіктер?
а) жарықсүйгіш ә) жылусүйгіш б) ылғалсүйгіш

Ұқсас жұмыстар
Белсенді оқушылар
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері 7-сынып
Адам тұлғасын бейнелеу. сурет 5 сынып
Ішекқуыстылар сұрақтары
Адамның дене мүшелері
Буылтық құрттар типі - 6 сынып
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі
Буылтық құрттар
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Пәндер