Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сән берген өмірге туған жер аралым

Р.К.Батаманова
№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Сән берген өмірге
Туған жер Аралым.
Мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылу себептерін түсіндіру. Атқарылған жұмыстармен таныстыру.
2. Мемлекетіміздің Арал экологиясын сауықтыру үшін жасалып
жатқан қамқорлығын сезіну, көзқарасын дамыту.
3. Туған өлкенің дамуына үлес қосуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Міндеті: Арал туралы толық түсінік алу, өз туған өлкесінің тарихын білу.
Күтілетін нәтиже: Аралдың гүлденуіне үлес қосу, туған өлкесінің даңқын асқақтату.
Формасы: Туған өлке - тұнған шежіре.
Көрнекілігі: Арал теңізі мен Арал қаласы туралы суреттер, Н.Ә.Назарбаевтың Аралға келуіне арналған буклеттер, кітап көрмесі, үнтаспа, интерактивті тақта.
Барысы:
І. Кіріспе:
1970 жылдары тартыла түскен теңіз экологиялық зардабымен әлемдік проблемаға айналғаны белгілі. Теңізіміз тартылып, экологиялық апат аймағына айналған Арал өңірінің халқы талай қиыншылықты бастан өткізді.
Теңіз жағалауындағы елді мекендердің жағдайлары нашарлап үдере көшу қаупінде тұрғанда мемлекетіміздің Аралды құтқару жұмысын қолға алды. 8 қаңатар 2013 жылы Арал ауданында 2013 жылды "Халықаралық Аралды құтқару қорына 20 жыл" деп жариялау туралы Арал ауданының әкімі жариялады.
Оның мақсаты "Халықаралық Аралды құтқару қорына 20 жыл" толуына сәйкес Арал ауданының және азаматтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартып, экологиялық тұрғыдан жақсартумен қатар "Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын реттеу" жөніндегі халықаралық жобаның екінші кезеңінің құрылысын жеделдетіп, Кіші Арал жағалауын Арал қаласына жеткізуді, осы мәселелерге халықаралық ұйымдар мен беделді қоғамдық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару болып отыр.
Ән: "Арал вальсі"
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім: Қор қалай құрылды? Қордың құрылу тарихын білейік.
1-оқушы: 1993 жылы 26 наурыз күні Қызылордада Арал проблемасы жөнінде алғашқы халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына Арал теңізінің зардаптарын бірлесе жою жөніндегі ұсынысына орай Арал проблемелерына арналған конференция болатын.
2-оқушы: Онда Орталық Азия мемлекеттернің басшылары мен Ресей үкіметінен келген делегация БҰҰ мен Дүниежүзілік "Даму" Банкіне Арал проблемасын әлемдік қауымдастықтың талқысына салу туралы айтты.
3-оқушы: Конференцияда Үндеу қабылданды. Сонымен бірге Халықаралық "Арал теңізін құтқару қоры" құрылды. Содан бастап дүние жүзінің қоғамдық ұйымдары, халықтары, ғалымдары, ел басшылары Арал теңізіне назар аудара бастады.
Арал және Елбасы.
4-оқушы: 2005 жылдың 27 сәуірінде Президент Н.ӘНазарбаев Аралға арнайы сапарымен келді. Бұл күн Арал тарихында айтулы күн, ұмытылмассәт болды. Елбасы таза судың тұсаукесерін жасап "Ең таза су аралдықтарда" деп ағынан жарылды.
5-оқушы: Жұрт есінде сол бір көктем,
Керемет қуаныш бұл ел көптен күткен.
Аралдың шетіне кеп қонды, әнекей,
Құлдилап қос тікұшақ зеңгір көктем.
6-оқушы: Алдында Арал жатты Елбасының,
Ақ шуақ таң сияқты арайланған.
Ел - жұртпен есендескен Елбасы үшін,
Түлету осы Аралды талайға арман.
7-оқушы: Бұл кез САРАТС жобасының құрылысы қызу қарқынмен жүогізіліп халықтың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы жақсара түскен еді. Президент: "Мен Аралға көмектессем екен деген арманыма жеткеніме қуаныштымын"- деді.
8-оқушы: Кіші Арал суға толып, Арал өңіріндегі су айдындарынан балық аулау көлемі жылдағыдан өсе түсті. Қазір Арал теңізінде бұрын болып, кейін жатылып кеткен 30 түрлі балықтың 21 түрі қайта ауланып жатыр.
9 оқушы: Сапырып асау толқыны,
Теңіз түсті долдана.
Ұшады әр кез қиқулап,
Шабақ қуып шағала.
10-оқушы:Көрінді әне алыстан,
Келеді жүйткіп бір желкен.
Толқынмен күшті алысқан,
Ол балықшы қыз екен.(С.С)
Мұғалім: 1929 жылы құрылған Арал ауданы теңізімен әйгілі. Арал балықшыларының 1921 жылы ашаршылыққа ұшыраған Волга бойындағы халыққа 14 вагон балық жөнелтіп, қаншама тағдарды ажал тұрғысынан арашалап қалғаны аңызға айналды.
Туған ауылымыздың атақты балықшылары Ленин орденді Күлпаш Бисенова, КСРО Жоғары кеңесінің 2 мәрте дупутаты Д.Қалабаев аудан мақтанышы.
Қорытынды: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығының арқасында қазіргі Арал әлеуметтік - экономикалық жағынан даму үстінде.
Бүгінгі күні Арал құрылысы қарыштап даму үстінде.
Арал "ақ алтыны" - иодталған сапалы ас тұзымен, сары алтын - тайдай тулаған балығымен даңқты. Аралдан Кеңес Одағының батыры, 16 Еңбек ері, ақын- жазушылар, мемлекет қайраткерлері шықты.
Ауданда әр жылды атаулы ету бастамасы қолға алынған. Оның маңыздылығы- туған өлкенің тарихын білу, өткенді құрметтеу, болашақты бағдарлау, Сондықтан биылғы жылдың "Халықаралық Аралды құтқару қорына 20 жыл" деп аталуы тарихымызды зерделеу, жалғастыру болып саналады.



Ұқсас жұмыстар
Арал тағдыры
География патшалығындағы бір күн. географиялық кеш
Кеш «ерлік – ұрпаққа ұран»
Табиғат және экология туралы қанатты сөздер
Еуразияның географиялық орны
Поэзия көктемі
Несіпбек Айтұлы Ана тілім
Ұстазға тағзым етейік
Үшбұрыштар елінде. 7-сынып
Солтүстік Америка материгінің жер көлемі
Пәндер