Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ кіріспесі

№1 Бестөбе орта мектебі

7 <<Ә>> сыныбында өткізілген
<<Білім шыңына сапар>>
атты математика және информатикадан
кіріктірілген сабақ

Пән мұғалімі: Әбілдина А. М.

2011-2012 оқу жылы
Математика және информатикадан кіріктірілген сабақ
Тақырыбы: <<Білім шыңына сапар>>
Білімділік: Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының квадраты формуласын қолдану біліктіліктерін тексеру, жалпылау; есептеу дағдыларын тереңдету. Компьютер құрылғылары, операциялық жүйе тақырыптарын жалпылау
Дамытушылық: компьютерде тестік тапсырмалармен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.
Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, тапсырмалары бар карточка, таратпа материал, MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмалар, электронды оқулық.
Сабақ типі: кіріктірілген сабақ
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.
Сабақ кіріспесі.
3. Бекеттер бойынша жұмыстар
Билетке тапсырыс беру - <<Тест тапсырмалары>>
1. Бекет - <<Математика>>
2. Бекет - <<Информатика>>
3. Бекет - <<Электронды оқулықпен жұмыс>>
4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын үй жұмысын тексеріп алу.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.
Кіріспе
Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру. Сабақ соңында әр оқушының <<Білім>> қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескерту. Ол үшін алдымен билетке <<тапсырыс береді>>: оқушылар компьютерде MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша математикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, <<Білім>> қаласына аттанады.
<<5>>-тік баға алған оқушы купе вагонымен;
<<4>> -тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;
<<3>> -тік баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,
ал <<2>> -лік баға алған оқушы <<Білім>> қаласына сапарға аттана алмайды.
Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан--> плацкартқа; плацкарттан-->купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше
купеден--> плацкартқа; плацкарттан-->жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады.
Сәт сапар тілейміз!
3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау
1. Бекет - <<Математика>>
Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгей-
жалпы вагондағы оқушыларға
Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) (а+х)2 2) (3х-у)2 3) (0,2в+10с)2

В деңгей
Плацкарттағы оқушыларға
Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) (9-3в)2 2) (2х+12)2 3) (-9m+0,5n)2

С деңгей
Купедегі оқушыларға
Көпмүше түрінде жазыңдар:
1) (8a-14в)2 2) (-113 x+6y)2 3) (0,8c-0,1d)2

2. Бекет - <<Информатика>>
Компьютерде жұмыс істеу. Мәтіндік редакторда төмендегі мәтінді теру:
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік - елім, сенің мерекең,
Тәуелсіздік - таусылмайтын берекең.
Тәуелсіздік - қуат көзі, нәр екен,
Құтты болсын, құтты болсын мерекең!

3. Бекет - <<Электронды оқулықпен жұмыс>>
SinKaz электронды оқулығының 1, 2 модульдері бойынша жұмыс істеу

4. Сабақты қорытындылау.
Сапар соңында <<Білім>> қаласына оқушылар қандай вагонмен келді, соған байланысты білімдері бағаланады.

5. Үйге тапсырма.
Егер <<Білім>> қаласына:
Купе вагонымен келсеңіз:
Алгебрадан: 68 бет №255
Информатикадан: <<Қазіргі кездегі операциялық жүйе түрлері>> тақырыбына баяндама дайындау

Плацкарт вагонымен келсеңіз:
Алгебрадан: 67 бет №252
Информатикадан: Сөзжұмбақ құрастыру

Жалпы вагонымен келсеңіз:
Алгебрадан: 67 бет №248
Информатикадан: <> тақырыбын қайталау

Рефлексия. Оқушылар өз білімдерін сабақта қалай көрсеткендерін өздері төмендегідей бағалайды:
! - сабақ өте жақсы ұнады және бар мүмкіндігімді пайдаландым
!? - сабақ ұнады және өз мүмкіндігімше қатыстым
? - маған әлі де осы тақырыптар бойынша жұмыс жасау керек
Оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Ыбырай жырлары - жүрегімде
Лироэпостық жырлар
Жансүгіров Құлагер поэмасы
Бекет - Компьютер құрылғылары
Ақсақ Темір жайлы аңыз
Шығыс Қазақстан күйлерінің мектебі
Қалижан бекхожин "ақсақ темір мен ақын". 7-сынып
«Терме –бабалар тілегі». Бұқар жырау
Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы шығармалар
Тақырып және өткен тақырып бойынша есептер шығару
Пәндер