Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7-сыныптарына арналған Білім биржасы сайысын ұйымдастыру

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы

Сыныптан тыс сайыс

Сынып: 7а, ә. б

Мұғалімі: Икаева Ұ.

Сайыс тақырыбы: «Білім биржасы»

Мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: электрондық тақта, қоржындар, карточкалар

Ойын барысы: Ойынға 7-сыныптардан құралған 5 адамнан тұратын 3 топ қатысады.

І кезең. “Білім аукционы”

ІІ кезең. “Эрудиттер сайысы”

ІІІ кезең. “Таңдау - табыс”

IV кезең. “Сыйлық аукционы

Қатысушы топтар:

  1. «Болашақ» дарындылар тобы - 7а
  2. “Эврика” тапқырлар тобы - 7ә
  3. “Асыл тас” білгірлер тобы - 7б

Таныстыру: Әр топ өздерінің аты мен ұранын айтады.

І кезең. “Білім аукционы”

  • Оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы әр топ өз қорына ақша жинайды. Әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Сұрақтардың бастапқы бағасы - 10 теңгеден басталады. Топ капитаны бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады.

№1 сандық: Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. (компьютер)

№2 сандық: Есепшоттың жасы неше жыл? (2000-5000)

№3 сандық: 1833 жылы жобасы жасалған “Аналитикалық машинаның” авторы кім? (Ч. Бэббидж)

№4 сандық: Қазіргі кездегі дербес компьютерлен қай жылдан бастап қолданылуда? (1970 ж)

№5 сандық: Сыртқы жад түрлерін ата. (дискет, диск, флешка)

№6 сандық: Қарапайым мәтіндік редакторға не жатады? (Word Pad)

ІІ кезең. “Эрудиттер сайысы”

Топтар әр түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап береді. Әр топқа берілетін уақыт 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны - 10 теңге.

“Болашақ” тобына

  • 1. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  • 2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? (9)
  • 3. Қазақ тілінде дұрыс оқылу заңдылығы қалай аталады? (орфоэпия)
  • 4. Ең кішкентай құстың аты. (колибри)
  • 5. Көбейтіндісі 1-ге тең сандар қалай аталады? (өзара кері сандар)
  • 6. Алгоритм сөзі қай ғалымның құрметіне шыққан? (Әль-Хорезми)
  • 7. 3 арсызды ата? (ұйқы, күлкі, тамақ)
  • 8. Дәрігерлер беретін анттың авторы кім? (Гиппократ)
  • 9. Ең алғашқы ЭЕМ-ді, яғни ENIAC- ты жасап шығарған ғалымдар кімдер? (Моучли, Эккерт)
  • 10. “Сыбаға” деген қандай дәстүр? (құрметті қонаққа н/е жақын-жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері)

“Эврика” тобына

  • 1. Файл деген не? (аты бар бірқатар байттар тізбегі)
  • 2. Көп сөз - күміс, аз сөз алтын.
  • 3. Бірінші қазақ киностудиясы кімнің атымен аталады? (Шәкен Айманов)
  • 4. Microsoft фирмасын құрған дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)
  • 5. Базарлық деген қандай дәстүр? (алыс сапарға шыққан адамдар жерлестеріне, тумалас, көршіге, жас балаларға әкелетін ірілі-ұсақты сыйлығы)
  • 6. Маңғыстау облысының әкімі кім? (?Алик Серікұлы Айдарбаев)
  • 7. Жер планетасында қанша адам бар? (7 млрд-тан астам)
  • 8. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар. (жай сандар)
  • 9. Елтаңбаның авторлары кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)
  • 10. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев қанша қара сөзі бар? (45)

“Асыл тас” тобына

  • 1. MS Word -ты қалай іске қосады? (Пуск-Все прог/ммы-MS Office-MS Word)
  • 2. Компьютердің ең зиянды бөлігі. (монитор)
  • 3. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
  • 4. Шығыстың Аристотелі атанған ұлы ғұлама кім? (Әль-Фараби)
  • 5. “Менің атым Қожа” повесінің авторы. (Бердібек Cоқпақбаев)
  • 6. Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас? (5)
  • 7. Астана қаласының әкімі кім?- (Тасмағанбетов Иманғали Нұрғалиұлы)
  • 8. “Көрімдік” қандай салт? (жаңа туған балаға, жас келінге, т. б. алғаш көрген сәтте берілетін сияпат)
  • 9. Ұлттық валютамыз-теңге қашан айналымға енді? (1993ж. 15 қараша)
  • 10. Ай жер мен күннің арасынан өткенде қандай құбылыс байқалады? (күн тұтылу)

ІІІ кезең.
“Таңдау - табыс”

  • Әр топ ұсынылған ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әрбір ұяшықтың өз құпиясы бар. Ұяшықты сәтті таңдауына қарай ақша қорын молайтады.
  1. Морзе әліппесінде неше таңба бар? (2 таңба)
  2. Графикалық редакторға не жатады? (Paint)
  3. Принтердің түрлерін ата? (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
  4. Информатика дегеніміз не? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
  5. Сканер дегеніміз не? (қағаздағы кескінді компьютерген енгізуші құрылғы)
  6. Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды? (Windows)
  7. Қазіргі калькулятордың ең алғашқы түрі қалай аталды? (Арифмометр)
  8. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі. (интерфейс)
  9. Компьютердің миы. (процессор)
  10. “Орта” деген сөзде неше бит бар? (4)
  11. Мәтін үзіндісін қайталап жаза бермеу үшін бір жерден екінші жерге қалай көшіреміз? (Мәтінді ерекшелеу. Правка-Копировать, қажет жерге апарып Правка -Вставить)
  12. Жұмыс үстелінде жаңа қапшықты қалай құрамыз? (Создать-Папка)
  13. Қапшық дегеніміз не? (Объектілер қоймасы)
  14. Мәтәндік құжатқа суретті қалай кірістіреміз? (Всавка-Рисунок-Картинки)
  15. Үзінді деген не? (Суреттің белгіленген бөлігі)
  16. Құжатты қалай жоямыз? (Delete пернесімен немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, Удалить )

IV кезең.
“Сыйлықтар аукционы”


Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына арналған Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары мен әдістемесі
Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 6-7 сыныптарына арналған Озық ойлы оқушы математика сайысын өткізу жоспары (2014-2015 оқу жылы)
Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары арасындағы Білім биржасы зияткерлік ойыны (2015)
2013 жылғы 29 сәуірде өткен 7-сыныптар арасындағы Білім биржасы зияткерлік ойыны
Ш. Айманов атындағы қазақ гимназиясының Әліппе - білім бастауы оқулығымен қоштасу мерекесінің сценарийі
7-сынып Қазақстан тарихы (сыныптан тыс) пәні үшін Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары
Информатика пәні бойынша Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің математикалық сайысын ұйымдастыру жоспары
Білімді мыңды жығады: 7-8 сынып оқушыларына арналған информатика сайысын ұйымдастыру және өткізу жоспары
№54 жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныптарына арналған Бақытты сәт ойынының дидактикалық сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz