Әже мен қыз бала

3 «Б» сынып жетекшісі: Тауекелова Гүлжан
Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Сыйласу-сәлемнен басталады.
1) . Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу; бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; 2) . Халықтың салт-дәтүрімен таныстырып, өз халқыңның дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдетғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру; 3) . Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар:Үнтаспа, слайд, телефон, нақыл сөз жазылған плакаттар «Сыйласу-сәлемнен басталады», «Сәлем-әдептіліктің белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы».
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық сәт.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Үлкенге иіліп сәлем бер,
Түнді күндей ашатын,
Кішіге үлгі болатын. 3. Жаңа сабақ.
1-жүргізуші:-Балалар, сабақта болмаған Жансұлудың телефон арқылы әңгімесін тыңдап көрейік. (екі оқушы телефонмен сөйлесіп көрініс көрсетеді) Жансұлу Илмираға телефон соқты.
Телефонды Илмираның анасы алды.
Жансұлу:- Илмира үйдема? Телефонға шақырып жіберіңізші. 2-жүргізуші: Телефонды анасы Илмираға береді. Жансұлу:- Әй, Илмира, математика пәнінен қандай тапсырма берді? Илмира:-Сәлем, Жансұлу! Халың қалай? Кешір менде кеше сабаққа бара алмай қалдым. Жансұлу:-«Жарайды онда»-деп телефон трубкасын қояды.
1-жүргізуші:-Жансұлу қандай кемшілік жіберді? Осы екі баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер? 2-жүргізуші:- Жансұлу амандасу, сәлемдесуді ұмытты. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ? (Тақырыпты оқушылар өздері шығарады. ) Оқушылар:-Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Сыйласу сәлемнен басталады. » 1-жүргізуші:-Топқа бөліну. 1 топ-кішіпейіл; 2 топ-ізетті;
3 топ-инабатты. Бір-біріне жақсы сөз, тілек айту. 2-жүргізуші:-«Сыйласу-сәлемнен басталады» -Олай болса, сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (Топпен жұмыс) 1-топ: Сәлем-әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу кездескен адамдардың бір-бірінің аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір- бірімен ақжарқын амандасуы тиіс. 2-топ:Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қолын беріп амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді. 3-топ:Сәлемдесу түрлері: -Сәлеметсіз бе? -Сәлеметте болыңыз! -Аман-саусыз ба? -Аман-есенсіз бе? -Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба? Үй-ішіңіз аман ба, дені қарныңыз саума? Әсіресе ата-ағаларымыз? -Ассалаумағалейкум! яғни-сізге амандық тілеймін. -Уағалейкумассалам! яғни-сізге де амандық тілеймін деген. Ойын: Ішкі ритм. «Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл күйде айту. Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала . . . «Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті» деген мақал бар. Ал оған керісінше «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-деген аталы сөз бар. Жүргізуші:Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді. Жүргізуші:Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық. -Ассалаумағалейкум! «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-демекші халыңыз қалай? -«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді - келіңіз төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз. -«Қонағын сыйласа төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын. -«Жат асына, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз. - Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» -«Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші, ала отырыңыз. -Ой рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» демекші, алла риза болсын! -«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» қой қайтайын. -«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын. -«Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз. -«Кәрі-кәрінің сөзі дәрі» дегендей о, не дегеніңіз?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz