Су және сулы ерітінділердің маңызы: сабақтың мақсаты мен әдістемесі

Сабақтың тақырыбы: Су және сулы ерітінділердің маңызы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Су және сулы ерітінділердің жалпы қасиеттеріне сүйене отырып, оқушыларды олардың қолданылуымен таныстыру, гидросфераны қорғау қажеттілігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру. Есте сақтау, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны дамыту сабағы.

Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары: жеке жұмыс, топпен жұмыс, кластер, 5жолды өлең, авторлық орындық, семантикалық карта, тәжірибе, есептеу, ББҮ кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, тірек сызбалар, периодтық кесте, дүние жүзінің картасы.

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу.

II. Қызығушылықты ояту сатысы. Бір күні бар элемент жиналып, кімнің бірінші маңызды екеніне жауап таппай қиналады. Алғашқы сөз алған элемент:

Кестеде бірінші тұрған кім? Бомба болып жарыламын

Тегін тұрмағанымды біл Деп күш көрсетті

Отын да болам, ауа шары да Беріспейтін сұс көрсетті.

Ұшқың келсе мін

Оқушылар бұл қай элемент екенін тауып, тақтаға таңбасын жазады.

(Жауабы: Сутек, таңбасы-Н)

2-ші элемент онымен айтысқа түседі: Қараң болар тіршілік

-Жақындасам жанып, Мен бар жерде бар емес пе бәрі

Су боларың анық, Отыны жанып, күні шығып.

Шамаңды білмейсің неғып?!

Мен болмасам тұншығып,

(Жауабы: Оттек) Құрамына осы екі элемент кіретін заттың формуласын бір оқушы тақтаға, қалғандары дәптерлеріне жазады. Н 2 О-су.

Содан соң төрт топтан бір оқушыдан шығып, плакат бетіне түсірілген кластерлерін қорғайды.

III. Мағынаны тану бөлімі (мәтінмен жұмыс) (10мин)

Алдарындағы плакат қағазға кластер, ББҮ стратегиясын пайдаланып, сызба түрінде түсіру.

I топ жұмысының тақырыбы «Су- өмір»

II топ жұмысының тақырыбы «Су- денсаулық»

III топ жұмысының тақырыбы«Су-байлық»

IV топ жұмысының тақырыбы «Су-экологиясы»

Әр топтан бір оқушыдан шығып, жұмыстарын қорғау, мазмұнына сай мақал-мәтелдермен қорытындылау.

IV. Ой толғаныс сатысы. а) ТРАФ әдісімен су экологиясына арналған шығармаларын оқу.

б) Кубизм әдісі бойынша 4 түрлі тапсырма орындау.

1-тапсырма. «Салыстырыңыз» семантикалық картасы.

2-тапсырма. «Есептеңіз» 4% 30г натрий хлориді ерітіндісін әзірлеу үшін қанша тұз және су алу қажет?

3-тапсырма. «Атаңыз» берілген заттар(бор, ас тұзы)

а) формуласын жазу ә) қай класқа жататынын айту

4-тапсырма. «Тәжірибеде көрсету» Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, қышқылды қалай сұйылтатынын көрсету.

в) бес жолды өлең құрастыру.

Жеңімпаз «авторлық орындыққа» шақырылады.

V. Бағалау. Топ басшысы және оқушылар бірін-бірі бағалайды.

VI. Үйге тапсырма: §41«Су және сулы ерітінділердің маңызына» мақал-мәтел жинастыру.


Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық шешендік өнері: қорытынды сабақтың мақсаты мен әдістемесі
А. Байтұрсыновтың Балықшы мен балық ертегісіне арналған ашық сабақтың мақсаты мен әдістемесі
Кітапханада: сабақтың мақсаты мен әдістемелік жоспары
Сулы ерітінділер және ерітіндінің концентрациясы: сабақ жоспары
Су - тіршілік көзі: сабақтың мақсаттары мен әдістемелік жоспары
Су - тіршілік көзі: қасиеттері, маңызы және қорғау мәселелері
Су: қасиеттері, күйлері және тіршілік үшін маңызы
Су: күйі, маңызы және судағы қауіпсіздік шаралары
Жасуша ядросы: тренингтік сабақтың мақсаты, мазмұны және бағалау
Су - тіршіліктің негізі: құрамы, таралуы және адам өміріндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz