Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Толқын ұзындығы

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
<<Сәбит негізгі мектебі >> коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: <<Акустикалық резонанс.Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық.Ультрадыбыс>>

Мұғалім Каленова Сапура Манапқызы
Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:Акустикалық резонас.Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық
Ультрадыбыс.
Сабақтың мақсаты:Акустикалық резонас туралы мағлұмат беру.
Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық ұғымдарына түсінік беру.
Ультрадыбыс туралы алған білімдерін толықтыру.
Сөйлеу,ойлау,салыстыру қабілеттерін ұштау.
Мазмұнды тәрбиелік мәні бар тапсырмалармен толықтыру
арқылы белгілі көзқарас қалыптастыру,физикалық және биология-
лық білімдерін өмірде қолдана білу,тақырыптың ең (мазмұнын аша
білу) маңыздысын таба білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:карточкалар;тест сұрақтар;сызбалар.
Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі:Жарыс сабақ(Дәстүрлі емес)
Сабақты өткізу әдісі:жарыс,оқытудың инновациялық технология элементтерін қолдану,
сұрақ-жауап,өздігінен іздену,ойқорту
Сабақ формасы:топпен жұмыс,жекелей жұмыс.
Сабақ барысы:
1.Үйге берілген тапсырманы қайталау
2. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіру.
3.Жаңа сабақты игеру
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Есептер шығару
6.Сабақ қорытындысы
а)Ұйымдастыру кезеңі (сабақ мақсатымен таныстыру)
Қайырлы таң достар!
Қайырлы күн болсын!
Бейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Сендердің алар бағаларың
Кілең төрттіктер мен бестіктер болсын!
Екі топқа бөлу. <<Толқын>>,<<Квант>>
Ұраны: <<Физиканы білмесең,дұрыс өмір сүрмейсің>>
I. Сабағымыздың 1 тапсырмасы: <<Ойы зеректің-көңілі сергек>> кестемен жұмыс (сәйкестендіріу тест)
Сәйкестендіру тест
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі

41
Бөлшектерінің тербелісі толқының таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын.

Сейсмограф
Толқын тек..... тасмалдайды.

Бойлық толқын.
Толқын ұзындығы

V=Т
Толқын жылдамдығы

Бөлшектерінің тербелісі толқының таралуы бойыда
жүзеге асатын толқын

Энергияны
Жер сілкіну келген тербелістерді байқайтын құрал

Көлденең толқын
Қазақстанда қанша сейсмикалық станция бар.

Механикалық толқын

II. <<Өткенге үңілсек>> жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіру.
1.Акустика деген не?(Дыбыс толқындары тәрізді серпімді толқындары зерттейтін физиканың бөлімі)
2.Резонанс деген не? (Сыртқы күштердің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне тең болған кезде тербеліс амплитудасының күрт арту құбылысы).
3.Адамның дауыстарын қандай қасиетіне байланысты анықтаймыз?
4.Инфрадыбыс деген не?
5.Ультрадыбыс деген не?
III. <<Алтын сандықты ақтарсақ>> сұрақ (сандықта не бар деп ойлайсыңдар?)
Сабақ тақырыбы: <<Акустикалық резонанс.Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық.Ультрадыбыс>>
Жартасқа бардым
Айға салдым,
Одан да шықты жаңғырық
Баяғы жартас бір жартас
Қыңқ етер түкті байқамас ...
Абай Құнанбаев
Осы өлеңде қандай құбылыс туралы сөз болған?
Екі топқа карточкаларға жазылған сұрақтар таратылады , сол сұрақтарды өздіктерінен қарастыру арқылы жаңа сабақты өз беттерімен игереді.
1.Резонанс құбылысы қалай пайда болған?
2.Құбылысты түсіндіру үшін қандай құрал қолданылып тұр?
3.Неліктен екінші тәжірибеде резонанс құбылысы байқалмады?
4.Резонанс құбылысы не үшін қолданылады? (Резонанс құбылысы музыкалық аспаптардың дыбысын күшейту үшін қолданалады)
5.Аспап үні неге байланысты.(Тиек,шанақ тербелісіне байланысты).
6.Адамның және жануарлардың резонанс құбылысын тудыратын мүшелері(дыбыс мүшелері,дауыс желбезегі);
7.Адамның және жануарлар дүниесіндегі резонанс құбылысы
8.Жаңғырық қалай пайда болады?
9.Біз жаңғырықты қай кезде естиміз?
10.Инфрадыбыстың адам ағзасына әсері.Инфрадыбыстың қолданылуы.
11.Ультрадыбыстың медицинада пайдаланылуы.
12.Жануарлар әлеміндегі ультрадыбыстар
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Жаңғырық қалай пайда болады? (Дыбыс бөгетке барып шағылып тұр)
2.Жаңғырықты естігендерің бар ма? (Орманда жүріп айғайлаған кезде )
3.Шағылған дыбыстың барлығын жаңғырық ретінде қабылдаймыз ба?
4.Адам жаңғырықты есту үшін бөгет қандай қашықтықта болуы керек? (17 м)
5.Реверберация (дыбыстың естілу ұзақтығының артуы)
6.1) Инфрадыбыстардың пайдаланылуы 5-гц - тен 9-гц дейінгі жиілік аралағында ифрадыбыстар.12-14 гц жиіліктерде құлақта шуыл; әскери мақсатта,балық аулау кәсібінде пайдаланылады
1.Инфрадыбыстардың адам ағзасына әсері.
2.Инфрадыбыстардың пайдаланылуы.
3.Ультра дыбыстың қолданылуы.
5.Ультрадыбыстың қолданылуы( нысананың орнын анықтау,эхолокация).
<<Есептей білгеннің есесі түгел >> жаңа сабақты бекіту,есептер шығару арқылы
28-жаттығу
Берілгені:
t=0,8 с
S=t2
S=0,8с 01490м/с2
=1490 м/с

S=596 м
S-?

№1 ауызша Эхолокация үшін жилігі қандай дыбысты пайдаланған ыңғайлы:
16 Гц пе немесе 20000 Гц пе?
27-жаттығу
1.Бақылаушы таудың баурайынан 200 м қашықтықта тұр.Қанша уақыттан кейін ол өзінің қатты дауыстаған сөзінің жаңғырығын естейді?
Берілгені : Шешуі: s=t2 t=400м340 м/с
S=200 м t=2S t=1,2 с
=340 м/с
t-? Жауабы: t=1,2 с
2.Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естиді.Мылтық дауысын шағыл-дыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстың таралу жылдамдығы
340 м/с
Берілгені : Шешуі: s=t2 s=340м/с∙4,5с2
t =4,5 с s=765 м
=340 м/с
s-? Жауабы: s=765м
3.Негізгі <<ля>> музыкалық тонның ұзындығын табыңыздар. Бұл тонның жиілігі 435 Гц. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с
Берілгені : Шешуі: = =340м/с∙435 Гц
=435 Гц = =0,78 м
=340 м/с
-? Жауабы: =0,78м
<<Көп ойлаған табар,көп үрлеген жағар>> Сабақты қорыту
1.Акустикалық резонанс деген не?
2.Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?
3.Неліктен домбыра шанағында немесе басқа ішекті аспаптарда ойық жасалады?
4.Жаңғырық деген не?
5.Адам жаңғырықты есту үшін бөгет қандай қашықтықта болу керек?
6.Үй ішіндегі дыбыс далаға қарағанда неліктен қаттырақ естіледі?
7.Неліктен тау баурайында жаңғырық бір емес, бірнеше қайтара естіледі?
8.Ультрадыбыстың қандай ерекшелігі оны эхолокацияда қолдануға мүмкіндік береді?
Оқушы білімін бағалау кестесі
топтың аты
<<Ойы зеректің
көңілі зерек>>
<<Өткенге үңілсек>>
<<Алтын сандық>>
<<Көп ойлаған табар,көп үрлеген жағар>>
<<Есептей білгеннің есесі түгел>>
Баға
Толқын
5
5
4
4
4
4
Квант
5
4
5
5
5
5

Сабаққа жақсы қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар. Көріскенше күн жақсы!

Ұқсас жұмыстар
Толқын жылдамдығы
Дыбыс және толқындық қозғалыс тарауын қайталау
Тербеліс периодын анықта
Толқындық қозғалыс
Қараңғыда көп болған адамның көзі жаттыққан соң, сәуле толқындарының ұзындығы
Квант энергиясы электронның тыныштық энергиясяна тең электромагниттік сәуле шығарудың толқын ұзындығын тап
Фотонның энергиясы неге тең
Тербелістер мен толқындар
Ішкі құлақ
Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
Пәндер