Қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Қазақстанның болашағы - сабақ жоспары

Қасымова Айнагүл Тілеужанқызы

Петропавл қаласындағы «БЭСТ» гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде

Сабақтың мақсаты :1Ойлау қабілетін арттыратын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың ойын дұрыс жеткізуге үйрету, білімдері мен біліктіліктерін толықтыру, коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Проблемалық сұрақтар қою арқылы тақырыпқа байланысты сөйлеу жағдаятын бекіту, оқушылардың туған елге, жерге, тіліне деген сезімін, туған жердің қадірін білуге, ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге үйрету.

Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, түсіндіру, зерттеу, ой қозғау, рефлексия.

Сабақтың эпиграфы: C:\Users\Администратор\Desktop\в.jpg

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (Сыныпты 2 топқа бөлу)

Жаңа сабаққа кіріспе:

Эпиграф бойынша ой қозғау:

-Эпиграфты қалай түсінесіңдер?

-Қазақ тілін жақсы меңгеру, білу үшін не істеу керек?

-Мемлекеттік тілді білу өз міндетің деп ойлайсың ба?

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

-Қазақ тілінің ертеңгі жағдайы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сөздермен жұмыс:

C:\Users\Администратор\Desktop\ывй.png

1. Жаңа сөздермен сөйлем немесе сөз тіркестерін құру

2. Сөйлемді талдау

3. Сөзге фонологиялық талдау жасау

4. Жаңа сөздерді тақырыппен байланыстырып сөйлемдерді құру.

Биыл қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың 115жылдық мерейтойы, сондықтан

бүгін сабақта жазушының мәтінін қолданамыз.

М. Әуезов. «Қазақ тілін үйренейік»

. . . Жақсы инженер, жақсы геолог, жақсы биолог болуға ұмтылу жолында туған жері Қазақстанды жетік білулері керек.

Қазақстанның экономикасын, даму тарихын, мәдениетінің тарихын білу орыс жігіттері мен қыздары үшін де парыз. Парыз ғана емес, әбден қажетті нәрсе

Тағы бір айтарым мынау:егер сендер өздерің жүрген ортада, өздерің тұратын қалада, өз республикаңда, мысалы, біздің Қазақстанда жасалған мәдени байланыстарға қызықпайтын болсаңдар, ол-кешірілмейтін кінә.

Сондықтан. .

( оқушылар өз ойларын журналдағы суреттерді пайдаланып ватманға жабыстырып көрсетеді)

Оқушылар өз ойларын айтқан соң, М. Әуезовтың сөзін интерактивті тақтадан оқиды. Салыстырады.

Сондықтан мәдениет үстіне мәдениет, білім үстіне білім жалғай түскілерің келсе, ең бастысы достығымызды әрі тереңдете бергілерің келсе, сендер қазақ тілін білуге, Қазақстан тарихын білуге тиістісіңдер. Қазір нақ осыған ұмтылатын шақтарың.

Келесі кезең:

Берілген сөйлемдермен келісесіңдер ме? Келіспейсіңдер ме?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

C:\Users\Администратор\Desktop\йцу.png .

Сабақты қорытындылау:

-Бүгін сабақта не туралы сөз қозғалды?

-Қазақ тілдің дамуына қандай жағдайлар жасалу керек деп ойлайсыңдар?

-Сабақтың эпиграфымен байланыстырып, қазақ тілінің ертеңгі жағдайы қалай болады деп

ойлайсыңдар?Ертеңгі күніңді қазақ тілімен қалай байланыстырасыңдар?

Қазақстан біздің үйіміз. Бір шаңырақтың астында 130 жуық ұлт өкілдері тату өмір сүріп жатыр. Ұлттардың тұтастығы- мемлекеттік тілдің болашағында, қазақ тілін жетік білу-біздің парызымыз!

Бағалау.

Үй тапсырма.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: Қазақстанның елордасы - Астана (саяхаттық сабақ)
Жыл мезгілдері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні - Тамақтануды тиімді ұйымдастыру
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ жоспары: Тұйық етістіктің түрленуі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Мұқағали Мақатаевтың Фантазия өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Осы шақ және оның түрлері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ жоспары
Білімді мыңды жығар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сайыс сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Тілім менің тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні сайысы
Жаңартылған оқу бағдарламасының жаңашылдығы мен критериалды бағалаудың тиімділігі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мысалында
5-сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Мақта қыз бен мысық ертегісіне арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz