Қолды белге аяқтың сыртымен жүру

Волейболдан HYPERLINK "http://mektep. idhost. kz/2011/02/26/volejboldan-ashy%d2%9b-saba%d2%9b/"ашық сабақ

СаткынбаевСерик Мырзаханович

№2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Күнделікті сабақ жоспары: Волейбол.

11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні.

Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: оқыту сабағы.

Өтетін орны: спорт зал

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық, кадоскоп, слайдтар.

р/с: р/с
Сабақтың мазмұны: Сабақтың мазмұны
уақыты: уақыты
Әдістемеліқ нүсқаулар: Әдістемеліқ нүсқаулар
р/с: І. Дайындық бөлімі 10-15 мин
р/с: 1
Сабақтың мазмұны: Сапқа тұру, рапорт беру
уақыты: 1’ -2’
Әдістемеліқ нүсқаулар:
р/с: 2
Сабақтың мазмұны: Сабақтың мақсатын түсіндіру
уақыты: 1’
Әдістемеліқ нүсқаулар: Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздіқ ережесімен таныстыру.
р/с: 3
Сабақтың мазмұны: Залды айналып жүргенде бір лектен екі, үш, төрт леке кайта сапка тұру.
уақыты: 1’
Әдістемеліқ нүсқаулар: Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәкес откізеді.
р/с: 4
Сабақтың мазмұны:

а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен

ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру

б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру

в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру

г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.

уақыты: 2’-3’
Әдістемеліқ нүсқаулар: Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.
р/с: 5
Сабақтың мазмұны:

Жүгіру жаттығулары

а) Қолды созып, тізені жоғары көтере

ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе

б) Солиықтан алға қарап

уақыты: 2’-3’
Әдістемеліқ нүсқаулар:

Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру

Тек сол иық пен қарап алға жүгіру.

Әр бір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.

р/с: 6
Сабақтың мазмұны:

Қозғалыстағы жаттығулар

а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпи артқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол

ә) Б. Қ. қолиықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз

б) Б. Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2 алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

в) Б. Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта, 3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау

уақыты:

8-10р

6-8 р

6-8 р

8-10 р

Әдістемеліқ нүсқаулар: Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау
р/с: 7
Сабақтың мазмұны:

Орында орындалатын жаттығулар

а) Б. Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау

ә) Б. Қ. қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңғабұру. 3-4 қайталау.

б) Б. Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б. Қ. 3-4 қайталау.

в) Б. Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыру

г) Орында секіру

уақыты:

6-8 р

6-8 р

6-8 р

6-8 р

0, 5′

Әдістемеліқ нүсқаулар: Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау
р/с:

ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин . Техникалық құрал-жабдықтар пайдалану"кадоскоп".

Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

р/с: 1
Сабақтың мазмұны: Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.
уақыты: 10-12 р
Әдістемеліқ нүсқаулар: Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтермен көрсетіледі.
р/с: 2
Сабақтың мазмұны: Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.
уақыты: 10-12 р
Әдістемеліқ нүсқаулар: Допты қарсыласының қолына дәл беру слайдтермен көрсетіледі
р/с: 3
Сабақтың мазмұны: Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.
уақыты: 12-14 р
Әдістемеліқ нүсқаулар: Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтермен көрсетіледі
р/с: Допты төменнен қабылдауды меңгерту
р/с: 4
Сабақтың мазмұны: Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету
уақыты: 2′-3′
Әдістемеліқ нүсқаулар: Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға слайдтермен көрсетіледі
р/с: 5
Сабақтың мазмұны: Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қол мен қабылдап, қайта береді.
уақыты: 10-12 р
Әдістемеліқ нүсқаулар: Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
р/с: 6
Сабақтың мазмұны: Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
уақыты: 10-12 р
Әдістемеліқ нүсқаулар: Жоғарыдан және төменнен қабылдауді слайдтермен көрсетіледі
р/с: 7
Сабақтың мазмұны: Ережемен волейбол ойнау
уақыты: 10’-12′
Әдістемеліқ нүсқаулар:
р/с: ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
р/с: 1
Сабақтың мазмұны: Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру.
уақыты: 1′
Әдістемеліқ нүсқаулар:
р/с: 2
Сабақтың мазмұны: Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
уақыты: 2’
Әдістемеліқ нүсқаулар:
р/с: 3
Сабақтың мазмұны: Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет.
уақыты: 1’
Әдістемеліқ нүсқаулар:
р/с: 4
Сабақтың мазмұны: Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.
уақыты: 1’
Әдістемеліқ нүсқаулар:

Дене тәрбиесі пәнінен " Дене шынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні. " тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.

Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

1. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.

Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10-15 мин.

ІІ бөлім. Негізгі бөлім 25-30 мин.

ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 4-5 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру жаттығулары: денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бір қалыпты жүгіру, тек сол иық пен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар : денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар: басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнешерет орындалды.

Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне ара қашықтығы 6-7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7-8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді. Келесі кезеңде оқушыларға допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын орындаттым. Жаттығулар слайдтермен көрсетіледі.


Ұқсас жұмыстар
Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар
Волейбол, волейбол сеткасы,доптар,ысқырғыш
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Волейбол. допты астынан қабылдау және беру тәсілдері. 8-сынып
Омпы ойыны
Бөрене үстіне қойылған кедергілерден аттап жүру
Гимнастика. 8 сынып
Гимнастика сабағынан сынақ алу
Волейбол. допты жоғарыдан төменнен қабылдау әдістері
Волейбол. допты төменнен беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz