Ақпаратты қорғау

- Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру;
- Оқушыларды “Вирус”, қайдан пайда болғанын, олардың таралу жолдарын, сол сияқты вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту;
- Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып,
ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа,
іздемпаздыққа тәрбиелеу.
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
- 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық
- 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.
- e. edu. kzпорталынан материалдар
- 6-шы сыныпқа арналған жұмыс дәптері
Сабақта қолданыла-
тын материалдар:
- Информатикаға арналған жұмыс дәптері.
- Оқулық
- Сілтемелер
- Электронды оқулықтар
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин)
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т. с. с
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
( 6 мин )
17 бет. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
- Ақпараттың қасиеттерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер:
- Сөйлемдерді аяқтаңдар:
Егер ақпарат біреуге қажет болса және оны пайдалану мүмкін болса, онда . . . . Ақпарат . . . шындықты бейнелейді.
Барлығына түсінікті тілмен берілген ақпаратты . . . деп атайды. Егер ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті болса, . . . . Дәл уақытында алынған ақпарат . . . болады.
- «Егер кез келген өлшемнің ішінен еркіндік дәреже вектор мөлшерін көрсететін болса, яғни қажетті векторды толық анықтау үшін қажетті «еркіндік» өлшем мөлшері». Бұл сендер үшін қандай ақпарат?
- Қандай жағдайларда қысқаша ақпарат қажет?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(10 мин)
Компьютерлік вирустар тарихы дербес компьютерлер пайда болған уақыттан басталды.
Вирус - өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.
Компьютердің зақымданғанын білдіретін көрсеткіштер бар. Егер сендер компьютерде ақылға қонымсыз «оғаш» дүниелер орын алып жатса, атап айтқанда:
- Экранға қарастырылмаған хабарлама немесе кескіндер шықса;
- Жоспарланбаған дыбыстық сигналдар берілсе;
- Күтпеген жерден DVD-ROM - құрылғылар тартпасы ашылып және жабылып қалса;
- Компьютерде сендердің қатысуларыңсыз қандай да бір программалар іске қосылса;
- Сендердің ешқандай программа қоспағандарыңа қарамастан, жедел жад бітіп жатыр деген хабарлама берілсе, онда үлкен ықтималдықпен сендердің компьютерлерін вируспен зақымданған деп болжауға әбден болады.
Вирусқа қарсы программа (антивирус) - зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге, сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға арналған программа.
IV. Бекіту
(6 мин)
1-тапсырма. Сәйкестендіріңдер.
2-тапсырма. Бос ұяшықтарға дұрыс жауаптарды апарып қойындар.
3-тапсырма.
4-тапсырма.
5-тапсырма.
6-тапсырма.
7-тапсырма.
8-тапсырма.
Жауабы: Макро
Жауабы: UAC
V. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
(7 мин)
25-27 б. б. Комипьютердегі тәжірибелік жұмыс. ДК -ін қосып деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А деңгейін орындағандар -«3» деген баға алады;
А және В деңгейлерін орындаған оқушыларға - «4» деген баға қойылады;
А, В және С деңгейлерін орындаған оқушыларға «5» деген баға қойылады.
А деңгейі
- Microsoft Security Еssentails программасымен (немесе) өздерінде бар антивируспен өз бумаларыңды тексеруді орындаңдар.
- Программаны іске қосыңдар.
- Үйге тіркеме бетінде Тексеру параметрлері - Ерекше (Особая) ажыратып-қосқышын тағайындаңдар.
- Тексеру батырмасын шертіңдер, өз бумаларыңды көрсетіңдер. ОК-ді шертіңдер.
- Сканерлеу нәтижесінің соңын күтіңдер.
- Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
В деңгейі
- А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
- Microsoft Security Еssentails программасының баптауларын өзгертіңдер.
- Параметрлер тіркеме бетіне ауысыңдар.
- Сол жақтағы тізімнен Үнсіз келісім бойынша әрекеттер (Действия по умолчанию) бұйрығын таңдаңдар.
- Хабарлаудың ауыспалы деңгейі үшін Жою бұйрығын таңдаңдар.
- Сол жақтағы тізімнен Толығырақ (Подробно) бұйрығын таңдаңдар.
- Ағытылатын тасығыстарды тексеру (Проверять съемные носители) параметрін белгілеңдер.
- Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
С деңгейі
- В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
- Microsoft Security Еssentails программасының (http://windows. microsoft. com/ru. ru/windows/security-utilities) жүйеге қандай талаптар қоятынын оқып - біліңдер.
VI. Cергіту сәті
(2 мин)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
- Алақанды уқалау.
- Қолды қысу
- Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
- Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
- Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
Тест
- Вирус - ол. . .
А) дискілерді тексеру құралы
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) операциялық жүйедегі қателердің салдары
D) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа +
- Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?
А) модем +
В) электрондық пошта
С) қатты диск
D) ажырап алынатын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz