Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Абайдың музыкалық мұрасы

Абайтану пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Абайдың музыкалық мұрасы
Сабақтың мақсаты:
I. Білімділік: Ұлы сазгер Абайдың қазақ музыкасы өмірінде алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беру.
II. Дамытушылық: Музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Абай әндерін оқушының санасына сіңіру.
III. Тәрбиелік: Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматтарды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау,әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд, музыкалық аспаптар, суреттер, Абайдың портреті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі сабақтың мақсаты мен ерекшелігін хабарлау. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
II. Рефлексия
Сабақты оқушылар бір - біріне Абайдың нақыл сөздерін қолдану арқылы тілек айтумен бастайды.
Мысалы: Абай атамыз <<...сенде бір кірпіш дүниеге
кетігін тауып бар қалан>> - демекші сенде өмірден өз жолыңды табуға тілектеспін.

Мұғалім: Менің де сендерге айтар тілегім:
<<Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.>> - ендеше мен де бастысы сендерде де осы үш адамдық қасиеттің болғанын тілеймін!

III. Жаңа сабақ
Абайдың музыкалық мұрасы жайында айтар болсақ Ұлы ақын , ағартушы музыка саласында да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кездерде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа ән - күйлері сияқты, ауыздан - ауызға , заманнан - заманға ауыса отырып жеткен 20-ға жуық әндері бар. Абай әндері жайында айтылған зерттеушілердің сөздеріне көз жібейік.

1. <<Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа форма енгізді>>
Г.Шомбалова.

2. <<Абай әндері қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторларының өнерінен нәр алды>>
Б.Г.Ерзакович.
3. <<Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті, толықтырды >>
А.Қ.Жұбанов IV. Сөз кезегін әріптесім Қымбат Хайроллақызына беремін
V. Бүгінгі сабақта Абайдың бірнеше әніне тоқталамыз. Соның бірі << Айттым сәлем, Қаламқас>> әні. Алдарыңдағы мәтінді оқып танысайық.
<<Айттым сәлем, Қаламқас...>>
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүзі әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт - Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.
Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген <<Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі>> атты жинақта жарияланды. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Ол негізінен өлеңнің бастапқы 3 шумағы бойынша айтылып жүр. Абай бұл әнмен қазақ халқының әдет - ғұрпына, салт - санасына, талғам - танымына, дәстүріне қайшы келмейтін <<Сәлем хат>> атты жастықты , сұлулықты , махаббатты жырлайтын жаңа бір поэзиялық музыкалық жанрды дүниеге әкелді.

VI.Әннің сөзімен танысайық
Айттым сәлем, Қаламқас
Айттым сәлем Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас
Сағынғанда сені ойлап
Келер көзге ыстық жас
Сенен артық жан тумас
Туса туар - артылмас
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас
Асыл адам айнымас
Бір бетінен қайырылмас
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айырылмас.
Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді,
Искер ме еді жалаңаш?
Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас,
Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ықылас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда
Қызығына жан тоймас.
Етің, етке тигенде
Демің, тиіп сүйгенде
Тән шымырлап , бой еріп,
Ішім оттай күйгенде.
Жүрек балқып игенде,
Ішкі сырды түйгенде,
Іздеп табар сұңқарым,
Жарастықты шүйгенде.
Қылығыңда жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат,
Ыстық тартып барасың
Бір сағаттан бір сағат.
Сіз - қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді бер қарат,
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат!

VII. Әнді музыкалық жағынан әріптесім таныстырады

VIII. Келесі ән <<Көзімнің қарасы...>>

<<Көзімнің қарасы...>>
Абайдың 1891 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармашылығының өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген .Ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен үздіккен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ғашықтық сезім жүрек жарасына айналған, оңайлықпен жазылар емес. Қыз - айтулы сұлу. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген <<Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұлының өлеңі>> атты жинақта жарияланған.

IX .Әннің сөзімен танысайық

Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
Бар демес сендей бір
Адамның баласы

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын

Жүректен қозғайын
Әдептен озбайын
Өзі де білмей ме
Көп сөйлеп созбайын.

X. Әнді музыкалық жағынан әріптесім таныстырады
XI. Келесі талдайтын әніміз <<Желсіз түнде жарық ай...>> деп аталады.
<<Желсіз түнде жарық ай...>>
Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты, 5 шумақтан тұрады .Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн, жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік - создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрастыруындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз - түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3 шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады.Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді.

XII. Әннің сөзімен танысайық
Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді - өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі.
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?

XIII. Әнді музыкалық жағынан әріптесім таныстырады

XIV. Абайдың музыкалық сыншылдығында жан-жақты терең философиялық пікірлер жатыр. Ән жайында Абай не айтады балалар? (Абайдың ән туралы өлеңдері оқылады.) Тақтадағы өлеңді оқып, сабақты аяқтау
XV. Үйде Абай әндері жайлы оқып келу

Ұқсас жұмыстар
Абайдың Көзімнің қарасы әні
Абайдың шыннаты кім
«абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Абайдың шығармалар жинағы
Шәкәрім құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Абайтану курсы
"қазақ халқының музыка өнері" ашық сабақ 5 сынып
Қазақ елі
Ыбырай алтынсарин – ағартушы, педагог
Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар
Пәндер