Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өсімдіктерді қорғау жолдары
Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы
Балалар мен жеткіншектер сарайы
Тақырыбы: Өсімдік - тірі ағза
Жұмыстың ұсынатын секциясы: Экологиялық
Орындаған: Сұлтанбаева Жанагүл
Шет ауданы
Жарық орта мектебі
2 сынып оқушысы
Жетекшісі:Алтайбаева Гулимжан
Кенжетайкызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды 2011
Аңдатпа
Бұл ғылыми жобамда өсімдіктің маңызы, оның тірі ағза екені мен қорғау жолдары туралы айтылады.
В этом научном проекте говорится о важностях растений, дать представление о растении как живом организме и его охране.
Өзектілігі : Өсімдіктердің тіршілігі жайлы тоқталу. Қоршаған орта мен өсімдіктерді қорғау, анықтау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Мақсаты: өсімдіктердің тіршілігіне тоқтала отырып, өсімдіктің тірі ағза
екенін көрсету және анықтау.
Туындайтын міндеттер:
- Өсімдік тіршілігін зерттеу, мағлұматтар жинақтау.
- Өсімдік суреттерін жинақтап бүктеме етіп шығару.
- Жинақталған мағлұматтарды сабақ барысында қолдану.
- Өсімдіктің тірі ағза екендігін оқушылардың хабардар болуын арттыру.
Зерттеудің болжамы: Егер мен өсімдік туралы достарыммен ой бөліссем, онда достарыммен өсімдіктерді қорғап, жан-жақты болуына ықпал етер едім.
Күтілетін нәтиже:
- Қатарластарым өсімдіктер туралы толық мағлұмат ала алады.
- Олардың тіршілік иесі екенін түсіне алады.
- Тірі ағза екенін дәлелдейді.
- Өз ойларын, пікірін ортаға сала алады.
Зерттеудің тәсілдері:
презентация
иллюстрациялық суреттер
бүктеме
Мазмұны
І.Кіріспе.............................................................................................. 2 бет
ІІ.Негізгі бөлім
Өсімдіктің маңызы
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдіктерді қорғау жолдары.
Қорытынды......................................................................................... 5 бет
Әдебиеттер.......................................................................................... 6 бет
Кіріспе
Дүниетану сабағында <<Өсімдіктердің тіршілігі>> бөлімін өткенде мұғалім өсімдіктер туралы көптеген қызықты жайттар мен өсімдіктің тірі ағза екенін айта бастады. Сабақтан кейін менің ойымнан мына сұрақтар кетпей қойды:
- Өсімдіктер жайлы не білеміз?
- Өсімдіктің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай ?
- Біз өсімдік өсіре аламыз ба?
- Өсімдіктер қалай көбейеді?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін үй - ішінен, кітаптардан, ғаламтордан, ұстазымнан өсімдік туралы қызықты мәліметтер ала бастадым.
1.1Өсімдіктің маңызы
Өсімдіктер - тірі ағза, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі. Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап, күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ. Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі - бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Тіршілік үшін өсімдіктің алатын маңызы зор. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, өсімдіктерді қорғау -- басты міндеттің бірі. Өсімдіктер қоры таусылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. Біздің ормандарымызда жыл сайын ағаш қосымша өсіріледі де, 460 млн га кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден астам түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелеген алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады.
1.2 Өсімдік - тірі ағза
Барлық өсімдіктер қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды қорек ететінін көптеген мағлұматтарды іздеу барысында білдім. Олар тірі ағзалар. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді .Өсімдіктің өсуіне жарық, жылу, ауа және коректік заттар қажет екенін кітапаханашы апай айтып берді. Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Өсімдіктің өсуіне осы өлі табиғат заттары тікелей әсер етеді. Егер осылардың бірі жетіспесе өсімдік баяу өседі.Соның бірі - су. Сусыз адам да, жануарлар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Өсімдік қоректік заттарды топырақтан алады екен.Оны топырақпен тәжірибе жасағанда көзім жетті. Топырақ құрамындағы шірінді және түрлі тұздар өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлардың бірі.Өсімдіктің өсуіне ауа қажет. Өсімдік тыныс алады. Егер өсімдік өсетін топырақ тығыз болса, өсімдікке ауа жетпейді. Оның өсіп жетілуі нашарлайды. Борпылдақ, құнарлы топырақта өскен өсімдіктің бойы биік, жапырақтары ірі келеді. Ал топырағы тығыз, құнарсыз жерде өсімдік сирек және аласа өседі.Өсімдіктің өсуіне су, ауа ғана емес, жылу, жарық та қажет. Қолдан өсіретін өсімдіктерді егу үшін топырақтың жылынуын күтеді. Себебі су мен ауа жеткілікті болғанмен топыраққа жылу жетіспесе, тұқым өнбейді.Өсімдіктің <<балауса шағы>> мен <<жетілген шағы>> болатынын кітаптан оқып білдім. Дегенмен, белгілі мерзім (айлар, жылдар) өткенде өсімдік <<қартаяды>>: жемістері (тұқымдары) түсіп, сабағы, жапырағы қурап, өсімдіктің тіршілігі тоқтайды(өледі).Осы жағдайлар өсімдіктің тірі ағза екендігін дәлелдейді.
1.3 Өсімдіктерді қорғау жолдары
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен тұрақты күресу керек.Өсімдіктіердің түр-түрінің көп болуы адамдарға байланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр. Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5.6 мыңнан астамы Қазақстанда өседі. 300-ден астамы <<Қызыл кітапқа>> енгізілген. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер түрін жасау үшін пайдаланылады.. Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы -- орманды, өсімдіктерді қорғау -- еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты.
Қорытынды
Қорыта келгенде, тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Өсімдік - жер шарының <<өкпесі>> деп бекер айтылмаған.Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай.Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады.
Өсімдіктерді сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрине өсімдіктердің тірі ағза екендігі мұнымен шектелмейді, жұмысымның көлемінің шектелуіне байланысты өісмдіктердің кейбір мәселелері ғана сөз болды. Өсімдіктердің тірі ағза екендігін аша түсу, оның табиғатқа қосқан үлесін анықтап, лайықты бағасын беру - алдағы күннің міндеті.Әрбір азамат өзінің туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғатты қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. А Құралұлы, <<Ұлттық дүниетаным>> 2-сыныпқа арналған оқу құралы, Алматы <<Өнер>> 2002, 25 бет.
2. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы, 5 том, Алматы 2003, 598 бет.
3. google. temakosan.net.
4. google . www. ustaz.kz.
5. google. kk. newikis.com.
6. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz