Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

<< Тіл- халықтың жаны>>
(Тіл мерекесіне орай өткізілген сыныптан тыс сайыс).

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, <<Ана тілі - рухани даму негізі>> кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған <<Тіл-халықтың жаны>> атты мемлекеттік тілді меңгеру білімдеріне арналған мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер

Әнұран айтылады

2-Жүргізуші: Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 12 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін тойлау басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке - ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Қыркүйек айының 22 күні <<қазақ тілі-мемлекеттік дәрежесін алған күн>> болып саналады. Ендеше, Сіздерді елімізде тойланып жатқан осы Халықаралық тілдер күнімен құттықтаймын.

1-Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-Жүргізуші: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай ,Мұхтарсөйлеген дана тілім.
Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені
Болашағым, бақытым дара тілім.
1-Жүргізуші:
Бүгінгібіздіңсайыс 2 -топ, яғни 2- команда,мектебіміздің 9 және 10 сынып оқушылары арасында өтеді. Біздіңмақсатымыз -оқушыныңбілімгедегенқұштарлығын, ізденімпаздығын, оқудеңгейінжәнеойыннақтыдұрысжеткізуге, тапқырсөйлеуге,салмақты ой айтуғаүйрету.
2-Жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін , әр айналымның есебін шығарып,қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.
Қазылар мүшелері:

1-Жүргізуші: Сонымен алдарыңызда <<Тапқырлар>> тобы, 9 сынып оқушылары және <<Зеректер>> тобы 10 сыныптан құралған команда.
2-Жүргізуші: Сайыс шарттары:1) Өзін таныстыру
2) <<Өлеңмен өріп ойымды>> ,тілге байланысты мемлекеттік тілде өлең оқу.
3) <<Алғыр болсаң озып көр>> ,берілген бір сөзден бірнеше сөз құрау.
4) <<Өнер алды қызыл тіл>>>>,тілге , сөз өнеріне,білімге,Отанға, еңбекке,халыққа байланысты мақал - мәтелдер жарысы.
5) <<Білімді мыңды жығар>> сұрақтарға жылдам,нақты жауап беру.
6)<<Сөз байлығың өз байлығың>>таблодағы суретке қарап мәтін құр
7)<< Құлақтан кіріп бойды алар, тәтті ән мен тәтті күй>> ән шумақтарының жалғасын тауып, орында
1-Жүргізуші: Соныменен 1ші-тур , командалар - өздерін таныстырсын
9 -сыныптар:
Біздің топ: <<Тапқырлар>>
Біздің ұранымыз: <<Тіл бар жерде- өмір бар>>
Біздің өлеңіміз:Ана тілің арың бұл,Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

10- сыныптар:
Біздің топ: <<Зеректер>>
Біздің ұранымыз: <<Сүйемін туған тілді - қазақ тілін>>
Біздің өлеңіміз:Тіліміздің бұлағы ,Тірліктің ел жүрегі
Ана тілін сүйемін, Отан үшін күйемін!
2-Жүргізуші: 2- тур,мемлекеттік тілде өлең оқу
9-сынып
10- сынып
1-Жүргізуші: Енді 3- тур, екі командаға бірдей <<Ынтымақтастық >> сөзі беріледі, яғни екі команда осы сөзден бірнеше сөз құрайды ,ендеше ал - қанеки алғыр болсаң озып көр.
2-Жүргізуші:Енді 4-тур,бұл турда тілге, сөз өнеріне білімге,Отанғаеңбекке,халыққа байланысты мақал- мәтелдер айтудан жарысатын боламыз. Ендеше, іске сәт командалар!
1-Жүргізуші:5- тур,Білімді мыңды жығар туры, бұл турда әр сұраққа нақты,жылдам жауап беруіміз керек. Сонымен <<Тапқырлар>> тобына сұрақтар:
-Көп тіл білетін адам? (Полиглот)
-Қазақ тілінде неше сөз табы бар? ( 9)
-Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия )
-Әнұранның авторлары? (Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)
-Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар ? (Құтты білік -1069ж Жүсіп Баласағұн жазған)
-Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
-Латын алфавиті Қазақстанда қашан қолданыла бастады? ( 1928-1929жж)
-Қазақ тілі тарихында алфавит неше рет ауысты? (3 рет, араб ,латын, орыс)
- Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды? (19991ж)
-Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Түркі)
-Орхон Енисей тарихи жазба ескерткіштері қай жерден табылды?
-Киіз үй неден тұрады? (кереге, уық, шаңырақ)

10- сынып, << Зеректер>> тобына сұрақтар:
-Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 ж 22-қыркүйекте)
-Махамбет неше ағайынды? ( 10)
-Махамбеттің бір өлеңін ата?
-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993ж)
-Елтаңбаның авторы? (Ж.Мәлібеков.Ш.Уәлиханов)
-Қазақ тілін зерттеушілер? ( Радлов,Айдаров, Сауранбаев ,Бартольд)
-<< Ескендір>> поэмасының авторы (Абай )
-Қай жылы Астана қаласына Бейбітшілік қаласы атағы берілді? << 1999 ж >>
-Қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған? ( 4 бап)
- << Кел, балалар, оқылық! >> өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
-Түркістан қаласының ежелгі атауы? (Шабғар,Йасы)
-Қазақ халқының тұңғыш суретшісі? (Ә.Қастеев)
2-Жүргізуші: Сонымен,6-тур таблодағы суретке қарап мәтін құр
-

2-Жүргізуші:Сайыстың соңғы туры- << Құлақтан кіріп бойды алар, тәтті ән мен тәтті күй>> ән шумақтарының жалғасын тауып, орында
9 -сыныптар:
10- сыныптар:
1-Жүргізуші:
<<Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл - бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды>>.

2-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына еніп, өміршең күй кеше береді.
1-Жүргізуші:Сонымен біздің бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті ,сайысқа қатысқан командаға алғысымызды білдіре отырып сөз кезегін қазылар мүшелеріне бергіміз келеді.Сөз ........... беріледі.
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.

2-жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.
Жүргізушілер : Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
М. Әлімбаев.

1-Жүргізуші:Құрметті қонақтар, оқушылар! Тілдер мерекесіне арналған сайысымызды жабық деп жариялаймыз!

Ұқсас жұмыстар
Жолдауға - қолдау. жаңа дәуір келбеті – мәңгілік ел
Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы
Мен өз Отанымның патриотымын
Бабам тілі
"Қазақстан - 2050: ұлт идеясы - мәңгілік ел" шебер класс
Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері
Сабақтың кезеңі уақыты
Қазақ тілі - менің тілім
Мемлкеттік тіл- менің тілім!
Сабақтан тыс сабақ
Пәндер