Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Судағы шам

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Демонстрациялау, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, медия тәжірибелер.
Құрал жабдықтар: GLX-құрылғысы, температура датчигі, қозғалыс датчигі, дыбыс датчигі, жол, машиналар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын аудару
2. Дайындық деңгейлерін тексеру
3. Белсенділіктерін арттыру

<<Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін:
білімді де зерделі, жан-жақты дамыған
дарынды, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу>> .
Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың
<<Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан >>
атты халыққа жолдауынан.
Тәуелсіз туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт-бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда. Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады.
Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық тенологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Физика -- табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Физика техникалық мәселелерді шешу барысында дамиды, жетіледі. Техника физиканың алдына өзі мұқтаж болып отырған мәселелерді көлденең тартып, оның дамуына ықпал жасайды. Техника сонымен бірге физиканы приборлармен, аса курделі қондырғылармен жабдықтайды. Ал физиканың жетістіктері техниканың әр түрлі саласына ене отырып, олардың теориялық негізін байытады, онан әрі дами түсуіне, жетілуіне ықпал етеді. Физиканың зерттеу тәсілдері барлық жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданылуда. Электрондық микроскоптар жеке молекулаларды бақылауға мүмкіндік жасады. Рентгендік анализ заттың атомдық құрылысы мен кристалдық қүрылысын тексеруге қолданылады. Спектрлік анализ геология мен органикалық химиядағы ең тиімді тәсілдердің біріне айналды. Спектрограф атомдар мен молекулалардың массасын аса үлкен дәлдікпен өлшейді. Радиотехникалық және осциллографиялық тәсілдер секундтың миллиондык, тіпті миллиардтық үлесі ішінде өтетін процестерді бақылауға мумкіндік береді. Радиоактивті изотоптардың көмегімен химиялық элементтердің, тіпті жеке атомның қозғалысын бақылауға болады. Қазіргі кезде бүкіл табиғаттану ғылымдарының арасында да Физиканың маңызы арта түсуде.
Физика Египет пен Вавилон ескерткіштерінен бастап, атом электр станция-сына, лазерлерге, космостык ұшу сапарының жүзеге асуына дейінгі дәуірді қамтитын ұзақ жолды жүріп өтті. Осы жол үстінде ол қалыптасты, дамыды, жетілді. Қазіргі физика -- ғылыми - техникалық прогрестің дамуында жетекші қызмет атқаратын, тамырын кең жайған, сан салалы ғылым. Физика - оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен <<ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры>> деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : <<Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек>> - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі технологияның даму қарсаңында физика сабақтарында зертханалық жұмыстарды тиімді әрі жылдам жасауға мүмкіндік туғызатын PASCO фирмасымен шығарылған GLX-құрылғысы және қозғалыс, температура, дыбыс, қысым, күш датчиктері ғылыми білім беруде сабақ барысында пайдаланылады. Бүгінгі сабақта GLX-құрылғысы туралы және оның жұмыс істеу принцпі және де датчиктерді қосып олардың мүмкіндіктерін айқындайтын боламыз. Сонымен

ІІ Жұмыстың барысы

1. 1. GLX-құрылғысы.
Қазіргі технологияның даму қарсаңында физикадан жасалатын зертханалық жұмыстарды тиімді әрі жылдам орындауға мүмкіндік туып отыр. Осындай бір құрылғылардың бірі PASKO фирмасымен шығарылған.
GLX-құрылғысы.
GLX-құрылғысы комьпютердің кішірейтілген түрі, мүмкіндігі жоғары. Есептеу дәлдігі нақты. Өте тиімді графикті өзі сызып, таблицаны өзі толтырады.
GLX-құрылғысын іске қосу үшін қуат көзіне жалғау қажет. Сол кезде GLX-құрылғысы автоматты түрде іске қосылады. GLX-құрылғысын компьютерге USB арқылы қосамыз. Енді компьютермен GLX-құрылғысы байланысты. GLX-құрылғысымен жасалған әрбір әрекетті компьютерден экран арқылы көре аламыз.
GLX-құрылғысы қосылғаннан кейін экранда бас мәзір терезесі ашылады. Бас мәзір өз функцияларынан құралған. Бас мәзірдегі әрбір бағдарламаның өз функциясы бар. Нұсқауыштар арқылы әрбір бағдарламаға таңдау батырмасын басу арқылы кіруге болады. F1, F2, F3, F4 батырмаларын басу арқылы, <<График>>, <<Таблица>>, <<Калькулятор>>, <<Датчик>> бағдарламаларын таңдай аламыз. Үй бейнесі бар батырма әр уақытта бас мәзірге оралуға болады. ESC батырмасы болдырмау қызметін атқарады. Ортада тұрған батырма <<Старт>> және <<Стоп>> батырмалары арқылы датчиктермен жұмыс жасауды бастаймыз.

1. Таза су
Бұл тәжірибенің мақсаты:
Қазіргі таңдағы экологияның белгілеріне қарамастан суды тазартуға болатын бірден бір жағдайды көрсету. Ол үшін бізге екі метрлік ыдыс, 30 мл. лай, 2 қосылған қағаз сүлгілер, ас қасық және бір биіктеу зат қажет.

Жартысына дейін ыдысты сумен толтырамыз, оған лай қосып араластырамыз. Биіктеу затты үстел үстіне қойып, оның үстіне лай араласқан ыдысты қойып, жанынан таза ыдысты қойямыз. Қағаз сүлгіні ұзын сызық шығатындай бүктеп бір шетін лай суға, ал екінші шетін таза ыдысқа батырамыз. Осы жағдайда бір тәулік бойы қалдырамыз. Таза су лай судан бөлініп қағаз сүлгі арқылы бос таза ыдысқа құйылады. Ескертетін жағдай бөлінген суды ішуге болмайды. Себебі бактериялар болуы мүмкін.

Сергіту сәті

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
3. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
4. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
6. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

2. Судағы шам.
Суға шамды тастап көрейік. Ол көлденең күйге түсіп, суда қалқиды. Бұл күйде шамды жаға алмаймыз. Ал егер шамның төменгі бөлігін шегемен қағып қоятын болсақ, онда жағдай басқаша болады.
Шегені күшпен қаға алмаймыз, сондықтан шегені қыздырып қағатын болсақ, онда ол оңай қағылады.
Шамның басының кішкентай бөлігі ғана су бетінде қалқитындай етіп, шегені таңдаймыз.
Шамды жақ, ол соңына дейін жанады.
Неге? Су тиетіндей жағдадйда сөніп қалатын сияқты, бірақ ол сөнбейді. Неге бұлай екен?
Су шамға сыртынан әсер етуде, салқындатуда сондықтан шамның жағалары баяу ериді, осының нәтижесінде терең ойық пайда болады. Шам кішірейгенімен су түбіне кетпейді. Шам соңына дейін жанады. Мұндай шам қауіпсіз, себебі шамды соңында су өшіреді. өрт шығцуы мүмкін деген ойдан арылтады. <<Жасап көріңіздер>>
:: Салқын қайнаған су.
Бір түрткеннен суды қайнатып көрейік. Бұл үшін бізге:
1. Орамал.
2. Таза стакан.
3. Резеңке қажет.
Орамалды суға батырып, жақсылап сығайық. Стаканға су толтырып орамалды стаканның бетіне жауып резеңкемен бекітейік. Орамалдың ортасын саусақпен басайық, ал енді стаканды төңкерейік. Кішкене су төгіледі. Стаканды бір қолда ұстап тұрып екіншісімен түбінен бір түртетін болсақ, су қайнағандай болады. Неге?
Орамал арқалы су өтпейді, себебі матадағы кішкентай бос кеңістіктер суға толы. Сол толған су стакандағы судың төгілуіне бөгет жасайды. Біз стаканды төңкергенде мата сыртқа қарай шығыңқырайды. Соның әсерінен стаканда вакуум пайда болады, ал ауа бет орамал арқылы өтіп суда көпіршіктер түрінде тарайды. Осының әсерінен су қайнап жатқан сияқты болады.
:: Көрермендермен ойын
Кәдімгі ақ қағаз, өлшемдері барлық жағынан бірдей. Егер екеуін жерге бір мезетте тастайтын болсақ, онда екеуінің жерге бірдей түсетінін байқаймыз.
Сіздерге сұрақ қағаздың бірі екіншісіне қарағанда жерге жылдам, әрі тез түсе алады ма? Жауабы: Ия, бір қағазды мыжамыз.
Қағаздың үстіне кез келген затты қояйық. Енді затқа тиіспей қағазды алуға боладыма? Жауабы: Ия, тек қағазға ғана әсер етеміз.
:: Қағаз кострюль жанбайды, бірақ суды ысытады.
Тығыз қатты қағаздан коробка жасап, оның шеттерін скрепкамен қыстырыңыздар. Коробкаға кішкене су құйып, оны оттың үстіне қой. Қағаз кострюліміз оттың үстінде, қағаз жанып, оның ішіндегі су құйылып кететін сияқты, бірақ олай болмайды. Су қайнайтындай сияқты, ал қағаз кострюль сап-сау, тек су қайнап шыққан кезде ғана, қағаз кострюль лаулап жанып күлге айналады. Бұдан мынадай ой туады: қайнап тұрған су қағазды қалайда бір салқындатып тұрады.

:: Диффузия құбылысына
Екі ыдыс алып біреуіне ыстық су, ал біреуіне салқын су құйып, екеуіне де марганцовка ерітіндісін салып бақылап көрейік. Нені байқаймыз? Ия дұрыс айтасыздар, ыстық судағы ерітінді тез, жылдам еріп, салқын судағы баяу ериді. Неліктен? Себебі диффузия температураға тiкелей тәуелдi. Берiлген заттың температурасы үлкен болған сайын, ондағы диффузия тезiрек жүредi. Диффузия процесiнiң үдеуi температураның жоғарылауы кезiнде молекулалардың қозғалыс жылдамдығының өсуiмен байланысты.

4. Сіріңкемен жасалған эксперимент.
4-5 сіріңкені 2-ге бөліп гүлге ұқсатып орналатырамыз. Енді осы сірікелердің ортасына су құйып жіберетін болсақ, онда сіріңкелер жайылып, жұлдызшаларға ұқсай бастайды. Себебі неде деп? Ойлайсыздар! Сіріңке сабы ағаштан жасалған, ағаш суды сіңіріп ісіне бастайды. Ол кезде сіріңкені оңай көлемін өзгертуге болады.
IV. Қорытындылау

<<Қазіргі заманда оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет >> деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Бүгінгі көрсетілген әрбір тәжірибе сіздерге қызық болды деп ойлаймыз. Бұл тек бір бөлігі ғана оқушылардың танымдық, шығармашылық, біліктік, білімділік қабілеттерін дамытатын физиканың қызықтары әлі де көп. Физиканы оқып үйренейік. <<Қызықты физика>> үйірмесіне қатысайық.

1 Оқушы: Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Физика емей немене?
2 Оқушы: Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Физика емей немене?
3 Оқушы: Аспанға темір ұшырған
Адам айға қол созып
Жерден сәлем ұсынған
Физика емей немене?
4 Оқушы: Көп білім сияр бұл миға
Айта берсең лирика
Бәрін айтта бірін айт
Ғылым пірі физика!

Назарларыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер
Шолпандағы орташа температура
Кенге жатпайтын қазбалар
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты
Мазмұнды есептерді шешу
Су. судың күйі. өқн. судағы қауіпсіздік шаралары. дүниетану, 2 сынып
Денелердің жүзу шарттары
Жылу құбылыстары
Архимед күші мен ауырлық күші
Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең
Пәндер