Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Соғыс қасіреті

Қарақия ауданы
Мұнайшы кенті
№5 орта мектеп

Өткізген: Нұрсұлтанова Ақмарал

5 <<А>> сынып

Тақырыбы: <<Мәңгілік естен кетпес отты жылдар!>>
Мақсаты:Оқушыларды патриоттық сезімге, адамгершілікке отансүйгіштікке тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін үлгі ету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар

Барысы:

Сахна: Оқ пен оттың дауысы, соғыс туралы музыка ойнап тұр.
1- жүргізуші; Құрметті, кеш қонақтары, ұстаздар, оқушылар бүгінгі <<Мәңгілік естен кетпес отты жылдар!>>атты тәрбие сағатымыз, бізге балалық бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.
2- жүргізуші: Біз үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау, ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
1- жүргізуші: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік (1 минут үнсіздік)
2- жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атаның
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
1- жүргізуші: Мезгілсіз өлген ардагар ұлдар айбына
Желбіре тулар толықсып турса май гүлі,
Қуану керек, қуану керек десекте
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны
2- жүргізуші: Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған жанұя жоқ шығар сірә. Алдарыңызда сол бір қаралы жылдардан көрініс
Көрініс: <<Соғыс қасіреті>>
Жаздың жайма шуақ кеші, дастархан жаюлы тұр. Бір шетінде әжесі, әкесі пышақ қайрап отыр. Келіні шай дайындап жүреді.
Немересі мектеп бітіргеніне қуанып. Әжесіне келіп:
Немересі: Әже, әже менің бүгін мектеп бітірген қуанышты күнім. Жаңа өмірдің баспалдағы дәрігер болып бастағым келеді.
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам.
Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды естіп тұрып қалады.
Радио: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Кеше біздің Ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7- де ресми түрде мәлімдеді.
(Ыдысы қолынан түсіп кеткен келіні бетін жабады)
Немересі: Әже соғыс, соғыс басталды!
Дауыс: 40 жылдардың қазақ ауылы ер- азаматтарын соғысқа аттандырып тұрған ауыл адамдарының жанарында қайғы-мұң.
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі: Аттан - деді,
Ол қазір аттанады
Жауынгердің ролін атқарады,
Неге бізге үмітсіз тесілесің
Аттан әке,
Жолыңнан кешігесің
Кеудесінде жаны бар пақырларың
Тауып жейді сенсізде несібесін.
Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім
Болуға жара қолқанат,
Кәрі анам, сәби інің
Барлығы саған аманат!
Әжесі: Оралсын аман жеріне
Көріссін туған елімен
Келін-ау көздей қалтаға,
Топырақ салып беріп жібер.
Келіні; Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді,
Үлкен үйден дәм татса кешікпей дейді келеді.

1- жүргізуші: Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге,
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
2- жүргізуші: Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды,
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырған соғыс басталды.
Көрініс: <<Жараланған солдат>>
Майдан, оқтың, снярадтың даусы оққа ұшып жараланған солдаттың денесі. Ішке алып келеді. Санитаркалар таңып жүреді. Барлығы көңілсіз.
Санитарка: Неге көңілсіз отырсыңдар, Нұрлыбектің жағдайы жаман емес қой. Оданда көңілдірек ән айтайық. Қалай еді әлгі Катюшаның сөзі.
Би. <<Катюша>>
Санитарка: Нұрлыбектің жағдайы нашарлап жатыр.
Әкесі: Өлімге қиып жанымды
Қимадым арман арымды
Азапқа қиып тәнімді
Қимадым алтын таңымды

1- жүргізуші: Алпыс бес жыл бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бес жыл шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері алпыс бес рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
2- жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Хор. <<Көгершіндер әні>>
1- жүргізуші: Брест қамалына, Дубосека разъезіне, Сталинград, Мәскеуге шабуыл жасаумен бірге фашистер Ленинградқа да қауіп төндірді. Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмек жіберді, жыр алыбы, Жамбылдың <<Ленингадтық өренім!>> өлеңі қорғаушыларға күш- қуат дем берді.
2- жүргізуші: Ленинград үшін шайқастан кейінгі көрініс.
Сахнада 3-4 бала ұрыстан кейін дем алып отыр.
Командир: Ал, жігіттер жағдайларың қалай?
Солдаттар: Жақсы
Командир: Кеше тылдан көп хабарлар, хаттар келді. Соның ішінде Жамбыл атамыздың да бізге жіберген жалынды сәлемі бар екен. Біреуің алып оқып жіберің.
Солдат: <<Ленинградтық өренім!>>
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің,
Нева өзені сүйкімді
Бұлағымдай көремін!
Көпіріне қарасам
Көмкерген су көлемін!
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім!
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасалған жоқ салтанат,
Жаудың болуға ермегі!
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі!
Нева алабын қорыңдар,
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар
Заманымның өрнегі!
Командир: ал жақсы жігіттер! Ертеңгі ұрысқа дайын болуымыз керек. Демалыңдар.

1-жүргізуші: Жер жүзіне нұр шашып жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міне
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
2-жүргізуші: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа?
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта,
Сұрапылдай соқты да жау қамалын,
Жеңіс туын қадады рейхстагқа!
Көрініс: Үй іші. Баласын әлдилеп отырған келіні, бір шетінде енесі отыр.
Келіні: ( қырықыншы жылдардың бесік жырын ыңылдатып)
<<Әй - әй бөпем, әй бөпем,
Оралсын аман жеріне
Топырақ сап бер>> деді де
Дұғасын оқып күбірлеп
Әжеңде қалды жөніне
Немересі: Қалай сені жұбатам аңыра ана
Рас болса мына келген <<қара қағаз>>
Саған жар, әке бізге табылама?
Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған
Жоғалды сол бетімен бірақ арман
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен
Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге.
Немересі: Апа, соғыс бітті. Біз жеңдік апа!
1 - жүргізуші: Жеңіс, Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды!
Ақ боз атты балалар сүйінші сұрап,
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.
2 - жүргізуші: Бүгін жайнап жасарсын ана біткен
Асыр салып қуансын бала біткен
Жүректері жарылсын қуаныштан
Аулансын көңілі жақсы үмітпен.
Дауыс: Осы кезде майданнан ауылға, бірі жаралы, бірі аяғынан айырылған солдаттар келіп жатты.
Сахнаға солдаттар шығады.
Осы кезде көкесін таба алмаған қыз бала ортаға шығып, майданнан оралмаған әкесімен қиялдап сөйлесіп монолог айтады.
Қыз: - Әке,әке!
Тілдесші менімен әкешім!
Әлде хат жазуға уақытың жоқпа? Хат неге жазбайсың, әке? Сағындым сені әке!
Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздерде істеп жүрміз. Сіздермен бірге кеткен ағалардан қара қағаздар келуде.
Оңалбай ағам дәл 8 - мамыр күні Берлинді азат ету шайқасында мерт болыпты. Менімен оқитын Әсемгүл деген қызы үн - түнсіз жылаумен отырады. Бізбен көрші отырған Орынгүл әженің 4 бірдей баласынан қара қағаз келді.
Бала болсамда осы соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Сұмырай фашистер не үшін совет азаматын, әкесін баласынан, жарын күйеуінен айырады әке? Аянып қалма әке! Мен үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт. Мен сені қатты сағындым!

1- жүргізуші; Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай дамыл таппай
Дәл бүгін өлең айтпай ән шырқамай
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.
Хор. <<Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген>>

1- оқушы: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді.
2- оқушы: Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі, шашты тарап, бетті өпкен
Ұмытуға қақымыз жоқ оларды
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
3- оқушы: Өткізді олар сызды окопта күндерін
Елестетем қанды кешіп жүргенін
Естігендей болам жаудың шебіне
Атой салған сарбаздардың үндерін.
4- оқушы: Талай жанды қиды ажал балтасы,
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз
Ел қорғаған аталардың арқасы.
5-оқушы: Сұм соғыс қайтып болмасын
Бәйшешектер солмасын,
Еліміз бейбіт күн кешіп
Бір алла өзі қолдасын.
Соғыстың сөніп ошағы
Қайғыдан көңіл босады.
Бірлікпенен күн кешсек
Бір бақыт бізді тосады.
6- оқушы: Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып,
Жауды жойып батырлар елге оралды.
Ата- анамен қауышты құшақ ашып.
7- оқушы: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
бейбіт өмір оралды күні жарық
<<Шүкір>>- деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
8-оқушы: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды.
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соң сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
1- жүргізуші. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет, аманшылықта, бейбіт күндерде жүздесейік!

Ұқсас жұмыстар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұшқыны Ұлы Жеңістің
Ол күндер мәңгі есте сақталады. 11 сынып
Тарих дәптерінен өз бағасын ала алмай жүрген ауған соғысы
Соғы ардагерлері
Ер есімі- ел есінде. ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған
Жеңіс келді әке боп, Елдегі көп балаға
Ер есімі - ел есінде сценарий
Мәншүк туған облыс
Соғысқа қарсы балалар
Пәндер