Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Достық әлеміне саяхат
Достық әлеміне саяхат
Сабақтың түрі: Дамытпалы саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ұлттық мұрасына оқушыларды баулу. Адамдар
арасындағы достық қарым-қатынасты ашу, досты қадірлеуге бауулу, имандылық
иірімдеріне баулу.
Тәрбиелік мәні: Өзара достыққа,татулыққа, бірлікке оқушылар арасындағы
ынтымақ, бірлік ұжымдық сезімдеріне кеңету.
Сабақтың жоспары: 1. Кіріспе сөз.
1. Достық өлкесінің пердесін ән мен ашу.
2. Өлкелерге саяхатқа аттану.
1-өлке. «Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды»
2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.
3-өлке. «Жаман дос көлеңке»
Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас»әңгімесі бойынша суретпен
жұмыс.
4-өлке. «Ағаш жапырағымен көрікті,
Адамдар достарымен көрікті»
5-өлке. Әдебиет-өмір айнасы,
Сахна оның жолдасы.
Әйтімбет шешеннің өмірінен көрініс.
3. Қортынды.
4. Достық жайлы ән.
Мұғалім: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.
Досыңа қосылғанда дем бергендей»
Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы
рухани күшіміз, әдеп-байлығымыз. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақын-
абзал дос. Жақсы-адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын
ұсынатын адамдар көп болмақ.
1.«Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған.
Адам ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын
айнымас дос іздейтін анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек.
Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ
адамгершілікке толы әлем.
2.Достық әлемінің пердесін достық жайлы әнмен ашайық сәт сапар тілеген ән-
шашу болсын.
3.Саяхатқа аттану.
Ал. Балалар, енді жолға шығуға әзірленейік. Саяхат өте ұзақ болмақ.
Біз ой кемесіне мініп, толқындатып, жолда аялдамаларға тоқтап, дем алып,
адасып кетпес үшін өз бағыттарымызды анықтап алғанымыз дұрыс.
Бірінші арал. «Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды»
Осындай мақал жазылған. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген
киелі құс және сұлулық символы. Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген
екі аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер деп айтады. Сонда аққулар бір-бірінен
айырылмайдтын және бірінен айырылса өмір сүре алмайды.
Ал достықты сатпау деген не? (Сұрақ қойылды). Қиындыққа ,жамандыққа
қалдырмау. Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын құтқару-достық
өлкесінің заңы болса керек.
«Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов өлең оқылады.
Оқушылар өз аралындағы достық қарым-қатынас жайлы әңгімелер айтып береді.
Екінші арал . Достық туралы мақал-мәтелдер.
Мұғалім : Бұл арал достық жайлы тамаша мақал-мәтелдерге тұнып тұрған
көрінеді. Қайсың тез қағып айтар екенсіңдер? Балалар достық жайлы өте көп
мақал-мәтелдер айып, мақалдарды турасында.,мағынасын ашуға назар
аударылады.
Үшінші арал. «Жаман дос көлеңке»
Ана тілі оқулығындағы 94 –бетті Ы.Алтынсаринның «Жаман жолдас»әңгімесіне
салынған сурет бойынша әңгіме айтылады. Жақсы жолдас пен жаман жолдасқа
мінездемелер беріледі.
Төртінші арал. «Ағаш жапырағымен көрікті,
Адамдар достарымен көрікті»
-Балалар ,ел аузынан аңыз болып тараған екі дос.
- Досын құтқарған жігіттің ісіне баға беріңдер. Бұл оқиғаға байланысты
қандай сөздер айтасыңдар.
Бесінші арал. «Әдебиет-өмір айнасы,
Сахна оның жолдасы».
Мұғалім : Бұл арал аялдамасында Әйтімбет шешеннің өмірінен сахыналық
қойылым байқаймыз.
-Адал достық пен арам достыққа мысал келтіріңдер. Оқушылар кейде сабақта
бір-бірінен үй тапсырмасын, бақылау жұмысын көшіріп, алуға арналған достық
–арам достық,өмірі қысқа болатынын айтты.
Өмірлік нұсқа болар достық ата-аналарының бала кезде қазірге дейін дос
болған адамдары жайлы әңгімелейді.
4.Саяхаттан оралу.
5.«Менің досым»шығармаларынан үзінді оқу.
«Ормандағы оқиға»қойылым.
Балалар ,достық тек адамдар арасында ғана болмайды. Сонымен бірге
айналамыздағы қоршаған жан-жануарлармен, құстармен т.б.табиғаттағы
өсімдіктер барлығы бір-бірімен дос. Солардың достығына қиянат
келтірмейтіндер де бар. Шынайы достықтың арасына от салып , екі жүзді
сөйлеп аққайың мен қарағаштың достығын бұзған тобылғыға қандай баға
бересіңдер . Бұлардың сөлеуі мүмкін бе?Жоқ бұл тек мысал:Осындай адамдар
біздің арамызда бар.
6.Сабақты қортындылап,тиісті баға қою.
Қортынды сөз.
Болуға тырыс талпынып,
Асылдардың көзіндей
Кездей соқпен достаспа
Асылдығын сезінбей
Кеуде соғып мейрімге
Жан жоқтай басқа өзіңдей.
«Халықтар достығы»
Сабақ достық туралы-Би мен аяқталады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz