9-сынып: Ньютонның үшінші заңы және оның ерекшеліктері

Күні: 12. 10.

Сыныбы: 9-сынып.

Сабақтың тақырыбы : Ньютонның үшінші заңы

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Ньютонның бірінші, екінші заңдарына, күш, масса, үдеу туралы білімдеріне сүйене отырып, динамиканың іргелі заңы болып табылатын Ньютонның үшінші заңын түсініп білу.

2) Дамытушылық: Ньютон заңдарының табиғатта және техникада қолданысы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың интелектісін дамыту, теорияны практикамен ұштастыра білу .

3) Тәрбиелік: білімді өздігінен меңгеру барысында іздене білуге, өз ой- пікірін айта отырып, ой қорыта алуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі : Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану, иллюстративті, зерттеу, сұрақ-жауап, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: И. Ньютон портреті, тірек тапсырмалар мен деңгейлік тапсырмалар, арбашалар, екі дана динамометр, ұзындығы 200 мм жіп, таразы, суы бар стакан, қарындаш, флипчарт, плакат.

Сабақтың кезеңдері:

1) Ұйымдастыру

2) Үй тапсырмасын тексеру

3) Сабақ мақсатымен таныстыру

4) 1-кезең. Тірек тапсырмасы

5) 2-кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру

6) Үйге тапсырма

7) 3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар

8) Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

1. Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үйге берілген : 9-жаттығу ( 1-4), 10-жаттығу (1-4) есептердің шығарылуын тексеру

Интерактивті тақтада сәйкестендіру тестін орындау арқылы үй тапсырмасын бекіту:

Физикалық шама
Таңбалануы
Өлшем бірлігі
Анықталатын формуласы
Физикалық шама:

1. Күш

2. Масса

3. Үдеу

4. Ауырлық күші

5. Үйкеліс күші

6. Серпімділік күші

Таңбалануы:

m

F

Fa

a

F серп

Ғ үйк

Өлшем бірлігі:

Н

Кг

м/с 2

м/с

м

с

Анықталатын формуласы:

=F/a

=ma

=Δυ/Δt

=mg

=μmg

=κΧ

3. Сабақтың мақсаты: Ньютонның үшінші заңы F 1 =-F 2 болатындығына көз жеткізіп, осы заңның ерекшеліктерін білу.

Ұстаным: «Біле бер қанша білсең - тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле» Жүсіп Баласағұн

4. 1-кезең. Тірек тапсырмалары.

Еске түсіріңдер!

a) ә) б) в) г)

a) Жер - тірек әсері, ә) Жер - жіп әсері, б) Жер - су әсері, в) Жер -ауа әсері, г) Жұлдыздан әрі

υ= 0 υ=const

тыныштықта түзусызықты қозғалыс

5. 2-кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

1) Эксперимент жасау арқылы Ньютонның үшінші заңын тексеріп көріңдер.

Жұмыстың мақсаты: Ньютонның үшінші заңын тексеру.

Құрал-жабдықтар: динамометр - 2 дана; ұштары тұзақталып байланған ұзындығы 200 мм жіп.

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Динамометрлерді жіппен біріктіріңдер де, оны созып тартыңдар.

2. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

а) сол жақтағы динамометр жіпке қандай күшпен әрекет етеді?

ә) оң жақтағы динамометр жіпке қандай күшпен әрекет етеді?

Жасалған тәжірибеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Сол жақтағы динамометрдің көрсетуі, Н
Оң жақтағы динамометрдің көрсетуі, Н
Сол жақтағы динамометрдің көрсетуі, Н:
Оң жақтағы динамометрдің көрсетуі, Н:

Көптеген бақылаулар мен тәжірибеден қорытынды:

1) Екі дене алайық. Олар бір - бірімен әрекеттеседі.

2) Түсірілген күштердің бағыттары қарама - қарсы.

3) a 1 /a 2 = m 2 /m 1; a 1 m 1 = a 2 m 2 ; F 1 =- F 2 .

F 1 - әрекет етуші күш, F 2 - қарсы әрекет етуші күш деп атайды. Осыдан заңдылықты тұжырымдау керек. Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір - біріне әрекет етуші күштер модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама - қарсы.

Табиғаттағы және техникадағы күштер туралы плакаттағы суреттер арқылы Ньютонның үшінші заңының ерекшеліктері атап көрсету.

НН

Екі

6. Бекіту тапсырмалары.

1. Егер екі адам 120 Н күшпен екі жаққа керіп тартса, 150 Н кері күшке шыдайтын арқан үзіле ме?

2. Екі дене өзара әрекеттескен кезде пайда болатын күштер бірін -бірі теңгеруі мүмкін бе?

7. Үйге тапсырма:

§13. 11-жаттығу (1, 2)

8. 3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей ( 5 балл)

1. Екі дене өзара әрекеттескен кезде күштердің табиғаты әртүрлі болуы мүмкін бе?

2. Ішінде суы бар стақан таразыға қойылып теңгерілді. Егер суға қарындашты салып, стақанға тигізбей қолымен ұстап тұрса, таразының тепе - теңдігі бұзыла ма?

2-деңгей ( 10 балл)

1. Ішінде тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0, 5 м/с 2 үдеу береді. Тарту күші 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қанша үдеу береді?

2. 120 Н күш денеге 6, 4 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 8 м/с 2 үдеу бере алады?

3-деңгей ( 15 балл)

1. «Арқан тарту» ойынында жеңуші топ Ғ А күшпен, ал жеңіліп жатқан топ Ғ В күшпен тартады. Демек, бұл қандай күштердің қатынасына тең?

2. 6 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 2 т автокөлік 6000 Н күштің әрекетінен тежеледі. Автокөліктің үдеуі қандай?

9. Қорытындылау, бағалау.

Бірінші деңгейді барлық оқушы орындау арқылы 5 ұпай жинап, мемлекеттік стандарттың минималды көлемін меңгереді, яғни, , 3,, деген баға алады.

Екінші деңгейді орындаған оқушы 10 ұпай жинап, , , 4,, деген баға алады.

Үшінші деңгейді орындаған оқушы 15 ұпай жинайды да, , 5,, деген баға алады.

Күш туралы мақал - мәтелдер:

  • Қандай күш бірді жығады? Қандай күш мыңды жығады?
  • Қолды қол жуады.

Ұқсас жұмыстар
Ньютонның үшінші заңы мен Галилейдің салыстырмалылық принципі: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
9-сынып: Күш, Ньютонның екінші заңы және масса
9-сыныпқа арналған физика сабағы: Ньютонның екінші заңы және масса
9-сынып физикасы: Ньютонның бірінші заңы және инерциялық санақ жүйелері - сабақ жоспары
Ньютонның екінші заңы және масса: 9-сыныпқа арналған зертханалық сабақ жоспары
9-сынып физика: Ньютонның екінші заңы мен масса - қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сынып физикасы: Күштер, Ньютонның екінші заңы және масса - сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
10-сынып физикасы: Ньютонның үш заңы, күш және масса - сабақ жоспары
Физика: Ньютонның екінші заңы және масса - ашық сабақ жоспары
Ньютонның бірінші заңы, инерциялық санақ жүйелері және күштер (ауырлық, серпімділік, үйкеліс, теңәрекеттілік)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz