Сырлы сұрақ

Тақырыбы: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ІЗДЕНІМПАЗ

Мақсаты :

Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу

Пән аралық байланыс: математика, информатика, биология

Техникалық құралдар: Xplorer GLX құрылғысы, интерактивті тақта, компьютер, аktivote, activslaite, видеопроектор, флипчарт, презентациялар

Түрі: танымдық -ойын

Жүргізуші:

Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән - физика атанғансың

Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Интеллетуалды ізденімпаз» атты сайысқа 9 сыныптар қатысып, өз білімдерін сынайды

Мектебімізде болашағынан үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылар қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер (әр оқушыға қысқаша сипаттама)

1. Әр қашанда мектепте

Шығып жүрген жақсы аты

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Раушанның бұл мақсаты - ортаға Акешова Раушанды шақырамыз

2. Шын жүйрік шабысынан танылады,

Бабы жетсе, бәйгеде бағы жанды

Білім менен өнердің сан қырлары

Айдананың бойынан табылады -ортаға Нұртаза Айдананы шақырамыз

3. Есеп десе, көздері оның нұр шашқан,

Жаралғандай білім үшін әу бастан.

Сабина да келіп қапты сайысқа,

Сымбаты мен сұлулығы жарасқан - ортаға Ғалымбек Сабинаны шақырамыз

4. Физикалық формуланы шашатын,

Құбылыстың қасиеттерін ашатын.

Қарсы алайық Жанеркені қол соғып,

Ақырын сөйлеп, аяғын нық басатын -ортаға Нығымат Жанеркені шақырамыз

5. Архимед, Паскал ілімін

Таныған адал жүрегі

Үйренген білім мәйегін

Алтынкүл - сынып жүрегі, - ортаға Абишева Алтынкүлді шақырамыз

6. Мінезге өзі анық бай

Жүрседе ол асықпай

Есепте жан салмайды

Аяулым біздің жалықпай, - ортаға Ахмедия Аяулымды шақырамыз

Сайыс жоспары :

І. Тест - (activot жұмыс)

ІІ. Сіз білесіз бе ? (үй жұмысы)

ІІІ. Формулалар мекені- (activslaitпен жұмыс)

ІV. Сырлы сұрақ (экраннан сұрақ)

V. GLX - пен жұмыс (тәжірибе жасау)

І. Тест - ( ACTIVote тестілеу жүйесімен жұмыс жасау)

Тест бойынша кім қанша сұраққа жауап береді, сол сонша балл алады

(Қосымша флипчарт)

ІІ. Сіз білесіз бе ? (үй жұмысы)

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгертіп,

Зерделімін, білімдімін, саналымын!

Оқушылар алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша физикалық құбылыстардың, күнделікті тұрмыс -тіршілікте алатын орыны туралы қосымша ақпараттармен таныстырады. Әр оқушының өзінің дайындаған тақырыбына байланысты құралдары және Power paintта жасалған презентациялары болуы керек.

(Энергия, жарық, жылу, күш, жұмыс, қозғалыс, қуат т. б)

ІІІ. Формулалар мекені

Жүргізуші:

Формулалар мекені-(activslaitпен жұмыс)

Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін

«Формулалар мекені» бөлімінде сайыскерлеріміз экрандағы ұпай сандарын таңдайды . Формуланың күрделілігі ұпай санына байланысты болады.

(Қосымша презентация)

1. - ипульстің сақталу заңы

2. -Ньютонның екінші заңы

3. -Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

4. - бірқалыппты үдемелі қозғалыс

5. -бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдық

6. -еркін түсу кезіндегі үдеудің формуласы

7. -бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы

8. ток күші

9. тұрақты токтың жұмысы

10. параллель жалғағандағы кедергі

11. Кулон заңы

12. электр қозғау күші

13.

. 14 электростатикадағы күш

15. электростатикадағы энергия

16 идеал газ

17 зат мөлшері

18. Менделеев-Клайперон

ІV. Сырлы сұрақ

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар?

Тақтаға қарап үңілсең,

Сырлы сауал сұрақ бар.

Физика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыру барысында экрандағы номерлерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру керек.

(Экраннан бейне сұрақтар)

1. Физика пәнінің мұғалімі Аринова Бағдат Аманбаевна

Сұрақ: Адамның шашын, қасын, мұртын қырау шалатыны неліктен ?

Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсацияланады .

2. Еңбек пәнінің мұғалімі Есенов Армия Асанович

Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс байқалады?

Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы құбылыс.

3. Математика пәнінің мұғалімі Естаева Айтжан Естаевна

Сұрақ: Найзағай жарқылы көрінгеннен кеиін біраздан соң ғана күннің күркірегені естіледі. Неліктен?

Жауап: Н айзағайдың ( жарықтың ) таралу жылдамдығы С=3·10 м/с, дыбыстың таралу жылдамдығы U=340 м/с, сондықтан Күннің күркіреуін соңынан естиміз

4. Биология пәнінің мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді . Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қай заңына негізделген ?

Жауап: Инерция

5. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ералыұлы Ермек

Сұрақ: Дене шынықтыру сабағы кезінде снарядтармен жұмыс жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольямен сүртеді. Неге?

Жауап: Үйкеліс күші

V. GLX - пен жұмыс (тәжірибе жасау)


Ұқсас жұмыстар
Физикалық бәйге. 7-8 сынып
Сұйықтар мен газдардың қозғалысы
Жігіт сұлтаны 2014 "сегіз қырлы бір сырлы" 7 сыныптар арасында
Жігіт сұлтаны
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Сырлы сауал сұрақтар
Сегіз қырлы бір сырлы
Бағдарлама кезеңдері
Ньютон тобына
"жігітке жеті өнерде аз" сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz