8-сынып информатика: Microsoft Excel ұяшықтарын, жолдары мен бағандарын автопішімдеу - сабақ жоспары

4/30-сабақ жоспары
Мерзімі 20. 04. 2013 ж.
Сыныбы: 8”Ә”
Пән атауы:Информатика
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel мәліметтерін пішімдеу. Автопішім әдісін қарастыру
Microsoft Excel ұяшықтарын, жолдарын, бағандарын пішімдеу әдістерін таныстыру
Сабақтың мақсаты:
-еxcel-де автопішім әдісін қолданып, ұяшықтарды, жолдарды, бағандарды пішімдеуге үйрену;
-оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамуы;
Сабақтың міндеттері:
-оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа қалыптасу.
Қолданылған модульдер: “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, “Талантты және дарынды балаларды оқыту”, “Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу”.
Стратегиялық іс-әрекеттер: “Жылы лебіз”, “Миға шабуыл”, “Бағдаршам ”, “Сыр сандық”, “Формативті тест”, “Екі жұлдыз, бір тілек”.
Кіріспе
Сыныпта психологиялық ахуал тудыру
“Жылы лебіз” тренингін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып, щеңбер құрғызып, жақсы тілектер айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Білу
Үй тапсырмасын сұрау
“Сұрақты ұстап ал!” тренингін жүргізу
Топқа бөлу
Оқушылардың алдына әр түрлі түсті лента тастау. Олар қызыл, жасыл, көк. Осы түстер бойынша топтарға бөлінеді.
Тұсаукесер
“Миға шабуыл” стартегиясы
- Сұрақ: Мәтінді толық теріп болған соң, оны біз ұмытып кеткен жерін өзгере аламыз ба? Мысал келтірсеңіз?
- Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
- Бүгінгі сіздерді неге сан, ұяшық, формула деп топтастық?
Түсіну
Жаңа сабақ
1-топ: Санды пішімдеу жолымен таныстыру;
2-топ: Мәтінді пішімдеу жолымен таныстыру;
Сергіту сәті
“Информатика сабағына арналған физкультминутка”
Қолдану
8. 4-тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Сәуір айының күнтізбесін құру
Талдау
“Венн” диаграммасы
Мақсаты: алған білімін жүйелі қолдана алу үшін
Оқушыларға тапсырмаларды таратып береді.
Оқушыларға тақырыпты ұсынады.
Оқушылар берілген тапсырманы жеке-жеке компьютерде орындайды.
Оқушылар MS Excel мен Word мүмкіндіктерін флипчарт қағазына салыстыру.
Компьютер
Флипчарт, маркер
Жинақтау
“Шағын теориялық тест”
Қорытынды
Рефлексия “Алты қалпақ”
Мақсаты: алған білімдеріне кері байланыс жасау жинақтау, қорытындылау үшін қолданылады.
Бағалау
Дамыту
Үйге тапсырма §8. 4 оқу.
Жанұяға кесте құрып келу.
Электрондық тест қайда орналасқан жолын көрсетеді.
Оқушыларға 6 қалпақты таратып, 6 қалпақтың қызметін түсіндіріп өту.
Оқушыларға стикер таратады.
Жиынтық баға қою
Үйге тапсырма ұсыну
Тест орындайды.
1 қалпақты 2 оқушы сабақ бойынша алған әсерін қалпақтың қызметі бойынша бөліседі.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.
Балдарын есептеу (1-3 бал)
25-20 ұпай - «5» баға
19-15ұпай - «4» баға
14-10 ұпай - «3» баға
Күнделікті алып тапсырманы жазу.
Өзін-өзі бағалайды
Өзара бағалау 1-3 ұпай
Жиынтық баға
Компьютер
Қалпақ 6 түсті
Стикер
Бағалау парағы
Күнделік, қалам.