Циркте тақырыбындағы сабақ жоспары: сөздік жұмыс, сөйлеу дағдылары және театр мен цирк арасындағы салыстыру

Сабақтың тақырыбы: Циркте

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру

Міндеті:

  1. «Циркте» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен таныстыру, олармен сөз тіркестерін, сөйлем құраа айтқызу.
  2. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Өнерді бағалай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үнтаспаға және плакатка жазылған жаңа сөздер

Қолданылған әдіс-тәсілдер : сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, үнтаспа тыңдату, диалог жасату, сөйлету, Венн диаграммасы

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, сабаққа психологиялық ахуал жасау. Ойын: «Табиғаттың тартуы», шарты: жағымды баяу әуен тыңдап көзді жұмып елестету (биік таудың басында отырмыз, бұлбұл сайрап тұр, ауа райы жанға жайлы, самал соғып тұр, таза ауаны мұрын арқылы кеудемізге толтырып терең дем алдық, енді асықпай демімізді ауыз арқылы шығарамыз, бірнеше рет қайталату)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: карточкалар, «Театрда», көмекші есімдер

ІІІ Жаңа сабақ бойынша: сабақ жоспарын, мақсатын айту

1. Сөздікпен жұмыс: түсіндіру, үнтаспадан тыңдату, қайталату, жазу, сөз тіркесетрін, сөйлемдер құрату

Киіз үй - юрта, күмбез - купол, керемет үлкен - очень большой, ұқсайды - похож, тамашалады, көрді - смотрели, ұнады - понравился, көрсетті - показал, клоун - сайқымазақ, волшебство-сиқыр, сиқыршы - волшебник, әзіл-қалжың - шутка, юмор

2. Кітаппен жұмыс: №2т 85 бет суреттерді қойып оқу.

3. Суретпен жұмыс: сұрақ-жауап, жаңа сөздерді қолданып сөйлету.

4. Дәптермен жұмыс: №3 т 85 бет жазу, қарамен жазылған сөздердің жалғауларын анықтау

Сергіту сәті: «Жүк кемесі» мақсаты: төл дыбыстарды қайталату, қозғалыс жаттығуларын жасату . Шарты: төл дыбысы бар сөздер айтылса тізе бүгіп отырамыз, төл дыбысы жоқ болса қанат қағып ұшамыз.

5. Ойын «Жұбын тап» : айтылған кез-келген сөзге тақырыптас сөз айту. №4т 85 бет ауызша орындату.

ІҮ Қорытындылау: тақда Венн диаграммасын жазу : Театр, цирк

Театр ортақ Цирк

спектакль мәдениет сайқымазақ

шымылдық адамдар аң, жануарлар

әртістер билет сиқыршы

сахна көрермен арена

Ү Үйге тапсырма

Сөздік, цирк, театр сөздеріне фонетикалық талдау жасау, «Циркте» тақырыбында диалог дайындау

ҮІ Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Ойын технологиялары арқылы оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын дамыту
4-сыныпқа арналған Театр костюмдерін дайындау өнері тақырыбындағы сабақ жоспары
Өзенде тақырыбындағы сабақ: сөздік жұмыс, грамматиканы бекіту және экологиялық тәрбие
How are you feeling? тақырыбындағы сабақ жоспары: денсаулыққа қатысты сөздік, грамматика және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Қыстырма сөздер: театр мен кинотеатр мысалындағы сабақ жоспары
Мектепке дейінгі тәрбиеде сюжеттік-рөлді ойын Дүкендер әлемі арқылы балалардың іскерлік дағдылары мен сөйлеу қабілеті және сөздік қорын дамыту
1-сыныпқа арналған әліппе сабағы: Ц дыбысы мен әрпі (Цирк)
Ашық сабақ: Бассейнде - 1А сынып. Сөздік қор мен сөйлеу дағдыларын дамыту
Досымның бос уақыты: лексика, сөйлеу дағдылары және дауысты дыбыстар бойынша сабақ
Қазақ тілі сабағындағы сөйлеу дағдылары мен шығармашылық ойлауды дамыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz