Мұра деген сөздің баламасын ата

9-сынып. Қазақ тілі . (орыс сыныбы) ЖОБА

Тақырыбы : Абайдың мұражай үйі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін тексере отырып, танымын кеңейту. мұражай туралы мағлұматпен танысу, оқушылардың сөздік қорын молайту,

Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру. Ой қорытып, нақты шешім жасау біліктілігін арттыру, ізденушілікке ықпал жасау, талдай білуге төселдіру,

Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеуге үйрету. Оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетелеу, жаттығу жұмыстары арқылы адамгершілікке, Отанды сүюге, өнерлі болуға тәрбиелеу. Абай ұлылығына сүйсінуге халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау;

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, айтылым, тыңдалым, жазылым, лексика-грамматиканы пысықтау

Көрнекілік : Абай шығармаларына слайдтар, «Абай» деректі фильмі, кітаптар көрмесі, мұражай жәдігерлері, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс :Әдебиет, музыка

Сабақ барысы:

І кезең. Ұйымдастырушылық кезең

Оқушылармен сәлемдесу.

Бүгін ерекше күн, өйткені біз сендермен қасиетті Семей жеріндегі «Абай мұражайына» барамыз.

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады Күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана

Ендеше билет алайық. Билеттеріміз барлық электропоездағыдай 3 санатқа бөлінеді. Өткен сабақта біз еліміздің биік тұлғаларының бірі Мұхтар ағамыз туралы «Әуезов үйі» мәтінімен танысқан едік. Билеттің құны - сол сабақта алған білімдеріңмен есептеледі.

3-санатты билеттер:

  1. «Әуезов үйі» дегеніміз не?
  2. Мұра деген сөздің баламасын ата
  3. Мұражай неше бағытта жұмыс істейді?
  4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

2-санатты билеттер:

  1. Жазушының өмірі туралы не айтар едің?
  2. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармалары бар?
  3. «Жүйеге келтіру» деген сөздің баламасын анықтай отыра, сөйлем құрастыр.
  4. Құрмалас салаластың мағыналық түрлерін ата. Мысал келтір.

1-санатты билеттер:

  1. Мұхтар Әуезов туралы тағы не айтар едіңдер?
  2. Оның драматургиялық алғашқы шығармасы қандай?
  3. Сабақтастың мағыналық түрі нешеу?
  4. «Сіз әлі «Абай жолын» оқыған жоқсыз ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз . . . » Альфред Курелланың сөзін сабақтас құрмалас сөйлемге қалай айналдыруға болады?

Сонымен, билетімізді алдық, аттанайық жолға! Сапарларыңыз оң болсын! (электропоезд дауысы. )

II. Қызығушылықты ояту сатысы . (бейнематериалдың ең басы 1 минут, 3 секунд тыңдаймыз, «Абай дүниеге келді . . . деген жерге дейшн) балалар қағазға кластер түрінде төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  1. Абай кім?
  1. Абайдың шын есімін ата. ( Ибраһим)
  2. Қай жылы, қай жерде туған?
  3. Абайдың кім екенін дәлелдейтін жұмыс. (топтастыру әдісімен) . Тақтаға сызбаны ілу.

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екендігін білеміз. . (сабақтың мақсатымен таныстыру )

  1. Тақтаға сызбаларын ілу.

2. Сабақтың тақырыбын белгілеу « Абайдың мұражай үйі».

3. Бүгінгі біздің саяхатымызда қажет болатын сөздер: (тақтадан көреміз, балалар ауызша сөйлемдер құрастырады әр сөзбен)

мұражай - ақынның өмірі, шығармашылығынан мағлұмат беретін мекеме

C:\Users\Администратор\Downloads\muzej.jpg C:\Users\Администратор\Downloads\louvre-museum-picture.jpg C:\Users\Администратор\Downloads\portone.jpg

  1. суретте Президент мұражай үйі

2-суретте Франциядағы 12 ғасырда салынған әлемге әйгілі Лувр мұражайы

  1. 3- суретте Ватикан мұражайы.

күрделі жөндеу -қалыпқа келтірілу, сыланып, сырлану, жаңарту;

C:\Users\Администратор\Downloads\picture.jpg

көрініс-келбеті - түрі, қалпы; (оқушылар ауызша сөз мағыналарын ашуға көмектеседі)

дәліз - кіреберіс бөлме, алдыңғы бөлме

қазан аспа - қазан ілетін жер ошақ, киіз үйде ас дайындау үшін пайдаланылады.

асадал -ас сақтайтын жабық сөре, асүй жиһазы

мұрағат - мұражайдағы зат, жәдігер, құжаттар

бірқалыпты -бұ жерде:бірдей температура

ІІІ кезең. Мотивациялық-операциялық кезең.

Бірінші стансамыз - асүй.

Тыңдалым. Мәтінді тыңдаймыз Видеотаспадан тыңдау

(бейнемәтінді тыңдап, көре отыра, асүйді аралау 1, 3 минуттай) Кітаптағы мәліметтермен салыстырамыз . Кітапта бұл жайлы не жазылған екен?

Бір бала оқиды(не кезекпен тізбектей оқу) :

Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі- ақынның өмірі меншығармашылық жолынан мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте - қазанаспа. Оң жақ босағада адалас пен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген

1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай үйіне берілген.

Мына мәселелерге көңіл бөл:
Мына мәселелерге көңіл бөл::
  1. Кітапта берілген мәтін мен аудиомәтіннің айырмашылығы бар ма?
Мына мәселелерге көңіл бөл::
  1. Сен қай кезеңде өзіңе өзіңе жаңа ақпарат алдың?
Мына мәселелерге көңіл бөл::
  1. Сен мұражайдан қандай заттарды байқадың?Оларды ата.
Мына мәселелерге көңіл бөл::
  1. Мәтінде қандай ақпарат айтылмады?
Мына мәселелерге көңіл бөл::
  1. Мәтіннің жоспарын құрамыз, әр бөлікке ат қойып, тірек сөздерді анықтаймыз
Мына мәселелерге көңіл бөл::
  1. Жоспарын құру, тірек сөздерді анықта

Жазылым. Айтылым . Лексика-грамматика.

Асүйдегі кебежеде сендерге мынадай тапсырма бар екен:

1-деңгей.

  1. Мұражайда қандай заттар бар?Ата, жаз, олармен сөз тіркестерін құр.
  2. Мына сөздердің баламасын мәтіннен анықта:

Бір кезеңде өмір сүрген адамдар -

Бұрынғы қалпы сақталған -

  1. «Сандық»сөзіне мағыналас сөзді табу. Сөйлем ойла.

2-деңгей.

«Кебеже» сөзін диамант үлгісімен тарат.

«1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген» сөйлемін басыңқы етіп, мезгіл бағыныңқылы сөйлем құрастыр.

«Асадал»деп неге аталған деп ойлайсың?Осы сөзге морфологиялық талдау жаса.

3-деңгей.

Мәтінде берілген ақпарат негізінде сабақтас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жаса.

Түзету жұмысы - инклюзивті оқыту Абылаймен жұмыс. Абай өлеңін оқыту.

Сонымен, жақсы, мұражайдың келесі бөлмелерінде не барын байқап аралалық . . . (соңына дейін видеоны көру)

ІV талдау, білімді бекіту

Жазылым.

3-деңгей.

Сәйкестендіріңіз. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен сәйкестендіріңіз.

1
асадал
Мұражайға айналды
1: 2
асадал: мұражай
:
Мұражайға айналды: Тәтті тағам сақтайтын жер
1: 3
асадал: Абай Құнанбаев
:
Мұражайға айналды: Ұлы ақын
1: 4
асадал: асбөлме
:
Мұражайға айналды: Ас ішетін жер
1: 5
асадал: бұйым
:
Мұражайға айналды: Қыс пен жазда бірдей болады
1: 6
асадал: Абай қыстауы
:
Мұражайға айналды: зат
1: 7
асадал: Мұражай температурасы
:
Мұражайға айналды: Ақынның шығармашылық үйі

2-деңгей.

  1. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Ас үйдің өзге тарихи мұрағаттарының бірі - . . .

Абай . . . бұйымдарды . . . өз қолымен өткізген.

Кебеже . . . жасалады

Оның қабырғалары . . .

2-деңгей. Ойды жалғастыр. « маған мұражайда әсер еткен заттар . . . »

  1. Берілген сұраққа жауап беріңіз. Диалог құру. Ауызша

Ұқсас жұмыстар
Лексикадан өткенді қайталау. Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Мақал - сөздің маржаны
Кірме сөздер. көнерген сөздер. жаңа сөздер
Тәлім сөз – тәрбие құралы
Ұлттық тұрғыдағы тәрбие
Термин сөздер
Жалқы есім мен жалпы есім. қазақ тілі, 2-сынып
Мақал -мәтелдер жарысы
Ғажайып қазақ тілі әлемі. сайыс сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz